Қоғам • 03 Қараша, 2020
Интернет желісі әлемді өрмекшінің торындай шырмаған сайын одан келер қауіп те көбейіп барады. Әсіресе, азаматтардан айласын асырған интернет-алаяқтық тыйылар емес. Қаражатты жымқырып, қалта қағудың айла-шарғысын кәсіпке айналдырғандардың саны артып барады. Осы жылдың өзінде полиция қызметкерлері интернет алаяқтыққа қатысты 1700 қылмыстың бетін ашып, 400-ге жуық заң бұзушыны қамауға алыпты.
Тарих • 02 Қараша, 2020
«Қысқы соғысқа» қатысқандардың дерегі табылды
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі 1940 жылы финдерге қарсы «Қысқы соғысқа» («Зимняя война») қатысқан қазақстандық солдат Амантаев Мұхамбетқалидің немересін тапты. Жауынгердің сүйектері 2020 жылдың мамыр айында Клёст аралынан (РФ, Ленинград облысы, Выборг ауданы) табылды.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Автопарк қызметкерлері жауапкершілікке тартылды
Таң ағарып атқаннан кеш қарайып батқанға дейін бір жүрген жолын он қайыра жүретін қоғамдық көлік жүргізушілерінің қызметі әсте оңай емес. Автокөлік кептелісі де жүйкені жұқартады. Кіріп-шыққан жолаушыларды қадағалау жұмысы тағы бар. Солай болды екен деп, жолаушылар көлігінің жүргізушілері әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Ондай құқықбұзушылықтардың алдын алудың көрінісі ретінде құқық қорғау органдары ел аумағында өткізген ауқымды «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын айтуға болады.
Саясат • 27 Қазан, 2020
Ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты
Елордада Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев түркиялық әріптесі Хулуси Акармен кездесті. Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуінде өңірлік қауіпсіздік, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде кадрлар даярлау және әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, оқу-жаттығуларға қатысу мәселелері талқыланды.
Президент • 26 Қазан, 2020
Әділ төрелік, тиімді сот жүйесі қажет
«Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасының алғы шарты – дұрыс әрі әділ шешім шығаратын сот жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету жұмыстары жыл санап жетілдіріліп келеді. Қара қылды қақ жаратын әділ сот төрелігін жолға қою мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның жарқын дәлелі ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезін айтуға болады.
Саясат • 23 Қазан, 2020
Қан қақсатқан қаржы пирамидасы
Уақыт озған сайын отандастарымыз білек сыбана еңбек етуге емес, қандайда бір қаржылық ұйымға салым жасап, жылдам әрі жеңіл пайда табуға әуестеніп бара жатқан сыңайлы. Алайда мұндай ұйымдардың барлығы бірдей адал қызмет етеді деп айту қиын. Алаяқтыққа еті үйренген әккілер мен олар құрған қаржы пирамидалары қаптап барады. Тегін ірімшіктің қақпанда ғана болатынын айта-айта ауыз талғанымен, қалтасы қағылып, қан қақсап қалғандар көбейіп тұр.
Саясат • 23 Қазан, 2020
Үлескердің құқығы қорғаусыз қалмайды
Кеше Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғындардың жекеменшігіне беру кезінде азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне арналды.
Саясат • 22 Қазан, 2020
Сайлауға дайындық мәселесі сөз болды
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау туралы Үндеу жариялаған болатын. Бұл ретте, мәслихаттардың депутаттарын сайлауды тағайындау, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарларды бекіту, сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу мәселелеріне қатысты Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Саясат • 21 Қазан, 2020
Есірткі саудасы: У сатып ұртын майлап жүр
Елімізде ермек үшін есірткі шегіп, намыстан аттап нашақорлыққа салынғандар туралы аз айтылып жатқан жоқ. Жаһанданумен бірге ілесе келген жағымсыз әдеттің бірі – осы. Есірткінің заңсыз айналымы азаймай тұр. Өлім саудалаған өлермендердің жолын құқық қорғау органдары кесудей-ақ кесіп келе жатқанымен, тәркіленген есірткі көлемі жылдан-жылға артып бара жатқан сыңайлы. Мәселен, осы жылдың өзінде тәртіп сақшылары 83 килоға жуық синтетикалық есірткі тәркілеп отыр.
Саясат • 19 Қазан, 2020
Жемқорлыққа қарсы бірігіп күреседі
«Қазсушар» кәсіпорнында жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының жаңартылған нормалары талқыланды. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық департаментінің қызметкерлері, аталған кәсіпорынның бас директоры Арман Қасенов және онлайн режімде барлық өндірістік филиалдар мен су арналары өкілдері қатысты.