Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Ауа райы • 12 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында автокөлік жолдары жабылды

Қостанай облысының солтүстік аудандарында көз байлайтын қарлы бұрқасын көтерілгендіктен бүгін сағат 11:30-дан бастап бірнеше бағыттағы күре жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағайындау • 12 Қаңтар, 2021

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері тағайындалды

Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Ермұханбет Дәулетбаев өңірдің бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Қостанайда ірі ет өңдеу зауыты іске қосылады

Қостанай облысында былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы құны 55 млрд теңгеге жуық 215 жоба мақұлданған.  Соның бірі – Қостанай қаласында салынып жатқан ірі ет өңдеу кешені, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Табасаран қызы Тобыл аруы атанды

Қазақстан халқы Ассамблеясы келтірген дерекке сенсек, елімізде 300-ге жуық табасаран ұлтының өкілі бар екен. Дағыстанда тұратын  байырғы 30 ұлттың бірі саналатын табасарандар қазақ топырағына өт­кен ғасырдың 90-жылдарынан бастап келе бастапты. Оған ТМД елдерінде жаңа­ша жанданған нарықтық қатынастың нәти­жесінде, басталған көші-қон қозғалысы себеп болса керек. Табасарандар да ағайын ара­сы жеті атадан асқанша, қыз алып, қыз беріс­пейді. 

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында 381 мектеп штаттық режімде жұмыс істейді

Қостанай облысында оқушы саны 300-ге дейінгі 381 мектеп штаттық оқыту режімінеауысты. Бұл білім ошақтарында санитарлық талап қатаң сақталатынын және әр сыныпта оқушы саны15-тен аспайтынын айта кету керек.

Саясат • 11 Қаңтар, 2021

Санитарлық талаптар қатаң сақталды

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-ге дейін Қостанай облысы тұрғындарының 71,8%-ы дауыс берген.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Қостанай қаласының тұрғыны екі рет дауыс берген

Қостанай қаласының тұрғыны өзі тіркелмеген сайлау учаскесінен дауыс берген. Владимир Крикун есімді азамат бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды. Ол басқа учаскеден екінші рет таңдау жасаған. Артынша қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко заңсыздыққа жол берген комиссия мүшелеріне қандай        шара қолданылғаны туралы түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Сайлау санитарлық талапқа сай өтіп жатыр

Сайлау науқанының әділ әрі ашық өтуін бақылау туралы халықаралық  хартияға сәйкес, елімізде сайлауға бейпартиялық бақылау жүргізетін орталық құрылғаны белгілі. Дәл осындай орталық Қостанай облысында да жұмыс жүргізіп жатыр. Орталықта 700-ден астам байқаушы бар, Egemen.kz

Экономика • 09 Қаңтар, 2021

ҚЗЭ: Қостанай облысында 2015 жоба мақұлданды

Қостанай облыстық  кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, былтыр «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша өңірлік жобалық кеңсе жалпы құны 54,9 млрд теңге болатын 267 жобаны қабылдаған. Оның 215-і мақұлданып, бүгінге дейін 203 жоба қаржыландырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 07 Қаңтар, 2021

«Серпін» серпіліс әкеле алмады

Қостанай облысында «Серпін» алғаш серпінді басталғанымен, соңғы жылдары тығырыққа тіреліп, тоқтап қалуға шақ тұр. Бағдарлама бойынша облыс колледждері 2014 жылы 100, 2015 жылы 150 шәкірт қабылдаған. Содан кейін «серпіндіктердің» саны күрт азая бастады. Ал биылғы оқу жылы аталған бағдарлама бойынша бірде-бір колледж студент қабылдамаған.