Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 25 Маусым, 2020

Сабантой салтанаты

Қостанайда татар, башқұрт халықтарының ұлттық мейрамы – сабантой аталып өтті. Шектеу шараларының қайта күйшеюіне байланысты биылғы дәстүрлі мерекеге жиылған жұрт жылдағыдай көп бола қойған жоқ. Қостанайдағы «Қоғамдық келісім» үйінің ауласында мерекелік көрме ұйымдастырылып, татар, башқұрт халықтарының ұлттық тағамы мен қолөнер туындылары сөреге қойылды.

Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Алдағы демалыс күндері Қостанай облысындағы 6 қалада локдаун режімі енгізіледі

Аймақ тұрғындарына карантин жағдайында шектеу шараларын күшейту туралы үндеу жолдаған облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев "27-28 маусымда Қостанай, Рудный, Жітіқара, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларында локдаун режімі енгізіледі", - деді.

Аймақтар • 24 Маусым, 2020

"Қайрақ" бекетінде аса ірі көлемдегі контрабандалық тауар тәркіленді

​ҰҚК Шекара қызметі облыстық департаментінің мәліметі бойынша, 23 маусым күні Қостаанй облысындағы "Қайрақ" автокөлік өткізу бекетінде күзетте тұрған шекарашылар Қазақстаннан Ресейге өтіп бара жатқан жүк көлігінен 65 мыңнан астам "HEETS" маркалы электронды темекі тұтатқыштарын тапқан, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус • 24 Маусым, 2020

Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Экономика • 24 Маусым, 2020

Қостанай арматурасына сұраныс көп

Қостанай облысында соңғы бес-алты жылда құрылыс саласы ерекше қарқынмен дамыды. Облыс орталығында бұрын далиып бос жатқан жерлер мен көптеген ескі үйдің орнын бүгінде көпқабатты әсем үйлер басты. Қала құбылаға қарай қанат жайып, іргесін кеңейтті. Қостанайдың солтүстік-батысында шырайлы шағын аудандар пайда болып, зәулім ғимараттар бой тіктеді. Бастысы, халыққа қолжетімді баспана тұрғызуға бағытталған қыруар шаруа реттеліп, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына деген сенім түбегейлі орнықты.

Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Қостанайда мерекелік онлайн-концерт өтті

Қостанайдағы "Жастар" сарайында өткен мерекелік жиынға бас-аяғы он-шақты адам ғана қатысты. Қалған мемлекеттік қызметшілер шараға онлайн режімде қатысып отырды. Алдымен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Асхат Ескендіров байқау жеңімпаздарын құттықтады, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Қостанайда "Халық алғысы" медалі табысталды

Қостанай облысында коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен 127 адам "Халық алғысы" медаліне лайық деп танылды.  Олардың ішінде 40 медицина қызметкері, 25 полицей, 21 әлеуметтік сала қызметкері, 21 ерікті, 8 үкіметтік емес ұйым өкілдері, 6 меценат, 2 мемлекеттік қызметші, 2 журналист және 1 мәдениет саласының өкілі бар, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Қашардағы кен өндірісі екі есе ұлғаяды

Кеніштегі кен аршу жұмыстарына бұған дейін темір жол транспорты пайдаланылып келген. Сарыбай-Соколов тау-кен бірлестігі таяуда өндірісті оңтайландыру мақсатында бұл көлік түрінен бас тартып, кеніш өзегін бойлай тартылған темір жолдардың бірін қалдырмай алып тастады. Жыныс тасымалдау технологиясын өзгерту кеніш жұмысының өнімділігін ұлғайтып, кен өндіру көлемін екі есеге дейін арттырады. Қашар кешеніндегі тиімді жобаны бірлестік басшылығына "Deswik" компаниясының канадалық кеңсесі ұсыныпты, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 22 Маусым, 2020

Қостанай облысы ПД музейінде "Ерлік" бұрышы ашылды

Қостанай облысының полиция департаменті музейінде қызметтік борышын орындау барысында ерлікпен қаза тапқан Дархан Базарбаевқа арналған Ерлік бұрышы ашылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 22 Маусым, 2020

Балалардың бас дәрігері

Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасында бұған дейін жүйке жүйесі дертіне ешбір операция жасалмайтын. Мұндай дертке душар болған балалар әдетте жолдамамен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы нейрохирургиялық орталықтарға жіберілетін, - деп хабарлайды Egemen.kz.