Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Полиция мүмкіндігі шектеулі қызға арба тарту етті
Қостанай ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі Мәрия Бектұрованың көптен бергі арманы орындалды. 3-топ санатындағы зағип жан өздігінен жүріп-тұра алмай қалған. Ал аяқ пен таяқ орнына мүгедек арбасын сатып алайын десе, бағасы удай. Оны қалтасы көтермейді. Мәрия басына қанша ауыртпалық түссе де әкесіне жан қиналысын сездіргісі келмейді. Бірақ бір орында тапжылмай жатып қалған қызын ойлағанда әке жүрегі сыздап қоя беретін.
Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Екі ел дәрігерлері тәжірибе алмасуда
Шекара, кеден короновируске кедергі емес. Сондықтан қостанайлық дәрігерлер Ресейдің шекаралас аймақтарының білікті мамандарымен ақылдаса-кеңесе отырып індетке қарсы күрестікүшейтуді жөн көріп отыр.
Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған жерінде спорт нысандары мен медицина мекемелері жаңарып, ауыл жолдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Биыл ауданға «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 788,9 млн теңге, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 1 млрд 13,9 млн теңге қаржы бөлініп, жалпы саны 18 жоба қолға алынған.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Шалғай аудандарға дәрі-дәрмек жеткізіледі
Қостанайдағы "Стофарм" серіктестігінің қоймасына 130 мың қаптама дәрі-дәрмек келіп түсті. Олардың ішінде соңғы кездері қат болып кеткен әлеуметтік маңызы бар антибиотиктер, вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрілер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Коронавирусқа қарсы күресте колледж студенттері де жүр
Қостанай жоғарғы медициналық колледжінің 2-3 курс студенттері бүгінде әр аудандағы емдеу мекемелерінде белсенді жұмыс істеп жүр.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Қостанай облысында мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Аймақтағы жол жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында жұмыс күші ретінде жергілікті тұрғындарды көптеп еңбекке тарту маңызды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының басты мақсаты да осы. Мемлекет қаржысына жөнделіп жатқан жол, я оңдалып жатқан нысан сол маңайдағы жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне де ықпал етуі тиіс. Бағдарламаның өңірде жүзеге асырылу барысы бүгін облыс әкімдігінде талқыланды.
Аймақтар • 11 Шілде, 2020
Қостанайда тағы бір провизорлық госпиталь ашылды
Қостанайдағы "Достық" санаториясы бүгіннен бастап провизорлық госпиталь қызметіне кірісті. Стационар дәрігерлермен толық қамтылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2020
Қостанайда медициналық қызмет көрсететін шағын топтар жұмыс істей бастады
Облыс орталығында пайда болған жаңа қызмет тобының құрамында бір дәрігер және бір медбике бар. Мобилді бригадалардың басты міндеті – амбулаторлық ем алып жатқандарға, үй карантиніндегілерге, сондай-ақ денсаулығы нашарлаған симптомсыз науқастарға дәрігерлік көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, науқастарға мемлекет беретін тегін дәрі-дәрмектерді де жеткізіп береді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2020
Қостанай дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бұл туралы Instagram аккаунтындағы жеке парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Шілде, 2020
Қостанай облысында локдаун режімі енгізіледі
Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен алдағы сенбі, жексенбі күндері, яғни шілденің 11 мен 13-і аралығында аймақта локдаун режімі енгізіледі. Талап бойынша облыс тұрғындарына үйден жұмысқа бару үшін, сондай-ақ, ем алуға, дәрі-дәрмек, азық-түлік, қоқыс төгуге, жеке көлікпен саяжайға баруға ғана рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz