Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Қостанай: Полиция музейі онлайн экскурсия өткізуде

Қостанай облысы полиция департаменті музейіндегі құжаттарға сенсек, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталып, 25 мың адам ату жазасына кесіліпті.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жітіқарада жаңа туған баланың мәйіті табылды

Қызылшақа сәбидің жансыз денесі Жітіқара қаласының зиратынан табылған. Бұл туралы хабар аудандық полицияға 27 мамыр күні кешкілік келіп түседі.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Қостанайлық полицейлер балалар үйіне базарлық әкелді (видео)

Тобыл өңірінің тәртіп сақшылары жыл он екі ай ішінде өтетін атаулы мерекелер қарсаңында балалар үйіне бас сұғып, балғындарды  түрлі тарту-таралғы, сыйлықтармен қуантуды үрдіске айналдырған.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Жұмыспен қамтудың жол картасы: Лисаковта 27 нысан жөндеуден өтеді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл кеншілер қаласын абаттандыруға айрықша серпін берген.  Бүгінде қала көшелері, тротуарлар, тұрғын үй шатырлары мен инженерлік коммуникацияларға қызу жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Қостанайлық оқушылар жаңа биопластик ойлап тапты

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен онлайн режімде өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық олимпиадада Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева I орынға ие болды. Жас ғалымдар тағам қалдықтарынан пластикалық материал жасап шығарудың жолын анықтаған.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қостанай полицейлері онлайн режімде жастарды жұмысқа шақырды

Қостанайлық полицейлер  «Zoom» бағдарламасының тікелей эфирі арқылы студенттермен кездесті. Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Берік Ержанов заң факультетінің студенттеріне облыс полициясының қызмету туралы және ішкі істер органдарына жұмысқа тұру немесе практикадан өту шарттары мен тәртібі туралы әңгімеледі. Кездесуге 50-ден астам студент қатысты.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған онлайн-дәріс өтті

Қостанай облысында бүгіннен бастап үш күн бойы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған онлайн-дәрістер өте бастады. 

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қарабалық құс фабрикасы өндіріс қуатын арттырады

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы «Poultry-Agro» құс фабрикасы өндірісті жаңғырту жұмыстарын қолға алды.  Кәсіпорын мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдаланып өндірістік қуатын арттыруды көздеп отыр. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, серіктестік жылына 20 мың тонна   құс етін шығара бастайды. 

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Рудныйда зейнеткерді тонаған қарақшы ұсталды

Кеншілер қаласында тұратын 72 жастағы зейнеткер әйел сағат түскі бірлер шамасында азық-түлік дүкенінен қайтып келе жатып, үйге кіреберісте қолындағы азық-түлік салынған пакетті белгісіз ер адамның жұлып алғанын айтып полицияға шағым түсірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын дәл осындай бұзақылығы үшін сотталған 37 жастағы күдіктіні ұастайды. Алдын ала тергеу іс-әрекеттері күдіктінің зейнеткердің азық-түлікті сатып алғанын көріп, тонау мақсатында соңына түскені анықтады.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қостанай облысында коменданттық полиция жасағы құрылды

Қостанай облысының полиция департаментінде жеке құрамның күнделікті қызмет атқару тәртібін тексеретін мобильді топтар жұмыс істей бастады. Коменданттық патруль күн сайын полиция бекеттеріне бақылау жүргізіп, қызметтік және транспорттық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін болады.