Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

«Дипломмен ауылға»: Қостанай облысында 4 мыңға жуық мұғалім жұмысқа орналасты

308 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биыл аймақта 3,5 мың мұғалімге 463,3 млн теңге көтерме жәрдемақы төленген. Сондай-ақ, ауыл мектептеріне барған 1 жарым мыңнан астам жас маман баспана сатып алуы үшін 4 млрд теңге көлемінде несие алған, деп хабарлайды Egemen.kz

«Дипломмен ауылға»: Қостанай облысында 4 мыңға жуық мұғалім   жұмысқа орналасты

Бағдарлама аясында биылдың өзінде 280 маманға әлеуметтік қолдауа көрестілді. Мәселен, 191 мұғалім 52,8 млн теңге көтерме жәрдемақыға ие болса, 115 маман тұрғын үй сатып алу үшін  452,1 млн теңге бюджеттік несие алған.

«Мемлекеттің келесі қадамы – өңірдегі 20 мыңнан астам мұғалімнің мүддесін қорғайтын «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау. Заңда мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары қарастырылған. Мысалы, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың орташа жалақысы 25%-ға артса, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25%-ға өседі. Педагогтерге тәлімгерлік үшін айына 17 697 теңге қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді. Облыста барлығы 247 тәлімгер бар. Сонымен қатар,  магистр дәрежесін алған мұғалімдерге де айына 27 780 теңге үстеме ақы төленетін болады. Қазір облыс мектептерінде 354 магистр жұмыс істеп жатыр. Жергілікті бюджет бұл мақсатқа шамамен 2 млрд теңге қарастырып отыр», деді басқарма басшысы.

Қазір Қостанай облысында 5 жарым мыңға жуық мұғалім  педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы алады. Мысалы «шебер» санаты үшін лауазымдық жалақыдан 50%, «зерттеуші» санатына 40%, «сарапшыға»  35%, «модератор» санатындағыларға 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

 

Қостанай облысы