Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1750 материал табылды

Өнер • 03 Маусым, 2020

«Абай-Әйгерім» – Арқалық театрында

Әр театрдың тамырында шуақты, жарқын сәттер мен қиын-қыстау кезеңдер астасқан өзіндік қалыптасу, даму тарихы жатады. Арқалық қаласындағы қазақ жасөспірімдер театры да өз тарихында талай өткелден өтті.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

«Нұрлы жер» бағдарламасы: Қостанай облысында 4,2 мың пәтер салынады

Қостанай облысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 379,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 4,2 мың пәтер салу жоспарланған. Оның 237,1 мың шаршы метрі – көп пәтерлі тұрғын үй, 142,2 мың шаршы метрі – жеке үйлер.

Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Қостанай облысында жолдар жөнделеді

Биыл аймақта автокөлік жолдарын жөндеуге жалпы көлемі 44,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 18,5 млрд теңге, ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 20,3 млрд теңге игерілмек. Сондай-ақ, «Ауыл – Елбесігі» арнайы жобасы шеңберінде 6,1 млрд теңге  қарастырылып отыр.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Қостанай облысында мектептерді толық интернетпен қамту аяқталады

Аймақтық баспасөз орталығында өткен жиында білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк қашықтан оқытуға көшу цифрлық білім берудің өзектілігін дәлелдеп бергенін атап өтіп, «биыл жаңа оқу жылына дейін облыс мектептерінің барлығы толықтай кең жолақты интернетпен қамтылады» - деп мәлімдеді.  Бұл мақсатқа бюжеттен 153 млн теңге қарастырылған.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Мылтықсыз майданнан оралған қостанайлықтар марапатталды

Қостанай облысында бүгіннен бастап шектеу шараларын жеңілдетудің 5-кезеңі жарияланып, тосқауыл бекеттері жұмысын тоқтатты. Облыс көлемінде көлік қозғалысына шектеу жоқ. Алайда санитарлық қауіпсіздік талаптары сақталуы шарт. Карантин кезеңінде өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқарып, тосқауыл бекеттерін бақылау қызметінен енді ғана босаған дәрігерлер мен полицейлер бүгін облыс әкімінің құрмет грамотасы табыс етілді.

Руханият • 31 Мамыр, 2020

Қосаевтар әулетінің қасіреті

Академик Манаш Қозыбаевтың еңбектерінде жаппай қуғын-сүргін жылдары Қостанай облысының өзінде ғана 7 мыңға жуық адам қудаланып, олардың 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілгені айтылады. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де зұлмат заман жалмаған 7 мың құрбанның бүгінге дейін жартысына жуығы ұшты-күйлі дерексіз, олардың артында қалған ұрпақтары мен туыс-туғандарының тағдыры беймәлім күйде қалып отыр. Талай әулеттің шаңырағын құлатып, ортасына түсірген қанды саясаттың құрбаны болған Тобыл өңірінің тұлғалы азаматының бірі Нұрахмет Қосаев еді.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жітіқараға жаңа реанимобиль берілді

«KustoGroup» халықаралық компаниясы #KustoHelp акциясы аясында Жітіқара қаласына реанимациялық автокөлік тарту етті. «Mercedes-Benz»  «Sprinter» маркалы жедел жәрдем көлігі шұғыл көмек көрсетуге қажетті барлық заманауи медициналық құралдармен және жасанды тыныс алу құрылғысымен жабдықталған.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Қостанай: Полиция музейі онлайн экскурсия өткізуде

Қостанай облысы полиция департаменті музейіндегі құжаттарға сенсек, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мың адам сотталып, 25 мың адам ату жазасына кесіліпті.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жітіқарада жаңа туған баланың мәйіті табылды

Қызылшақа сәбидің жансыз денесі Жітіқара қаласының зиратынан табылған. Бұл туралы хабар аудандық полицияға 27 мамыр күні кешкілік келіп түседі.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Қостанайлық полицейлер балалар үйіне базарлық әкелді (видео)

Тобыл өңірінің тәртіп сақшылары жыл он екі ай ішінде өтетін атаулы мерекелер қарсаңында балалар үйіне бас сұғып, балғындарды  түрлі тарту-таралғы, сыйлықтармен қуантуды үрдіске айналдырған.