Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Оқиға • 09 Қаңтар, 2023

Балконнан құлаған қызды құтқарып қалды

Арқалық қаласында бес қабатты тұрғын үйдің ең жоғары қабатынан құлап кеткен қызды патрульдік полиция қыз­меткері құтқарып қалды. Бесінші қабаттан құлап келе жатқан қызды қағып алмақ болып, құшақ жайып, кеудесін төсеген полицей аяғы зақымданып, бірнеше жерінен жарақат алған. Ал биіктен құлдилаған қалпы тәртіп сақшысының үстіне құлаған қыз аман-есен.

Дәстүр • 29 Желтоқсан, 2022

Дәстүрлі өнерді дәріптеген

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыс­тық қазақ драма театрында «Аманат» пар­тиясының «Ерулік» жобасы аясында дәстүрлі әнші, термеші Қыдырбек Қиыс­ханның шығармашылық кеші өтті. Аталған жоба ата жұртқа әр жылдары қоныс аударып, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қандастарға қолдау көрсетуді, олар­дың өнері мен шығармашылығын дәріптеуді көздейді.

Экономика • 23 Желтоқсан, 2022

Бидай арзан, ұн қымбат...

Биыл астықты аймақта алқап берекелі болды. Өңір диқандары 5 млн 21 мың тонна өнім алып, былтырғы көрсеткіштен 2 млн тон­на артық бидай бастырып алды. Шаруалар айтатын «Алаған алқап – береген» деген сөз бар. Алағаны – жер өңдеп, дәрі себуге, дән сіңіріп, техника оңдауға кететін шығыны, берегені – ала жаз­дай­ғы еңбегінің өтеуі, алған өнімі, тапқан табысы мен оның бере­кесі. Топыраққа неғұрлым көп қызмет етсең, қайтарымы да со­ғұрлым мол болады, Жер-ана, тіпті қуаңшылық қысса да несібесіз қалдырмайды.

Қоғам • 20 Желтоқсан, 2022

Құба жонда құлан жортар күн қайда?

Ертеде Торғай даласы құланға құт мекен болған деседі. Мұндай деректер әртүрлі аңыз, әңгімелер мен көркем әдебиетте де кездесіп қалады. Мәселен, Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романында Арқа, Қабырға, Торғай, Есіл алқабындағы ел баспас иенде үйір-үйір құлан жосып жүретіні айтылады. Құла түзде еркін жортқан сиыр құйрық, қысқа жал жылқы тұқымдас түз жануарының ең соңғы тұяғы өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан кейін біржола жоғалып кеткен.

Қоғам • 15 Желтоқсан, 2022

Күрделі жөндеудің күрмеуі шешіле ме?

Облыстық балалар ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталған. Мердігер өз міндетін жарты жылдың ішінде орындап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Содан бері үш жылға таяу уақыт өтті, ғимарат бос, жұмыс тоқтап тұр. Есесіне бірін-бірі сотқа сүйрелеген тараптардың дау-дамайы ушығып, аурухананың бас дәрігері орнынан кетті.

Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022

Құрылысшыға – құрмет

Қостанайға жұмыс сапарымен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қала тұрғындарымен кездесіп, биыл қыркүйектің басында Әулиекөл ауданында болған алапат өрттен зардап шеккендерге арналып салынған тұрғын үйлерді тұрғызуға белсене атсалысқан құрылыс мамандарына мемлекеттік марапаттар табыс етті.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022

Әлеуметтік нысандар биоотынмен жылытылмақ

Облыс әкімдігінде өткен жедел кеңесте өңірдің жылу жүйесіне қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандарға арзан отын биомассамен жанатын заманауи қазандықтарды орнату мәселесі сөз болды.

Спорт • 07 Желтоқсан, 2022

Алтын медальдің нағыз иесі

Еркін күрес шебері Лаура Әлмағанбетова бес айға созылған допинг дауынан кейін Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022

Тозған құбыр, тоңған халық

Қарашаның қытымыр аязы өңірде жерасты жылу құбырларының әбден ескіріп кеткенін еске салды. Аудан орта­лық­тарындағы жылу желілерінің де жай-күйі оңып тұрған жоқ. Биыл орталықтан жыли­­тын тұрғын үйлер мен мек­тептердің іші азынап ке­тетін жағдайлар жиі кез­десіп жатыр.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022

Жылу құбырындағы апат

Сақылдаған сары аязда Рудный қаласында жылу құбыры жарылып, көп қабатты 33 тұрғын үй, оған қоса сол маңайда орналасқан мектеп, колледж және балабақша жарты күн бойы жылусыз қалды.