Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Ахмет Байтұрсынұлы • 21 Қыркүйек, 2022

Ахмет тойы 1 қазанда өтеді

Қыркүйектің басында жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы табиғи апаттың салдарынан кейінге шегерілгені белгілі. Өрттен зардап шеккен тұрғындарға Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, тіпті бүкіл ел жабылып көмек көрсетті.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022

Өрттен кейінгі жағдай түзеліп келеді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қостанай облысына іссапармен келді. Үкімет басшысы бірінші кезекте Әулиекөл ауылына ат басын тіреп, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.

Білім • 15 Қыркүйек, 2022

Қарабалықта қазақ мектебі ашылды

Қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан Сералиннің кіндік қаны тамған Қарабалықта 320 орындық қазақ мектебі ашылды. Жалпы, аудан тұрғындары көптен күткен білім ошағының ашылуына орай, ауылда үлкен мерекелік іс-шара өтті. Заманауи талаптарға сай жабдықталған мектептің құры­лы­сына 1,6 млрд теңге жұмсалған. Мұхамеджан Сера­лин­нің атын иемденген жаңа білім ошағында қазірше 180-нен аса шәкірт оқиды. Оларға 30-ға жуық ұстаз сабақ береді.

Ахмет Байтұрсынұлы • 13 Қыркүйек, 2022

Елінің ойлап ертеңін

Жазушы-журналист Байтұрсын Ілиястың 1998 жылы Қостанайда жарық көрген «Алтын бесік» кітабында ұлт ұстазының 1927 жылы кіндік қаны тамған Сартүбекке келіп, ағасы Қалиға ас бергені туралы мәлімет бар. «Бұл он алты жасында оқуға кеткен Ахметтің туған жеріне ең алғаш әрі ең соңғы рет келуі еді» дейді көнекөздер. 45 жасында келіп тұр ғой сонда. Жарты жылдай елде болған кемеңгер жұртқа аумалы-төкпелі заман келе жатқанын аңдатып, ақыл-кеңес береді. Жетімге қамқор, момынға қорғаныш болып, бірсыпыра адамға шарапатын тигізеді.

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022

Дүрен ана обасы

Тың игеру жылдары жан-жағы соқаға түсіп жыртылып, тарихы тасада қалған киелі нысанның бірі – Дүрен ана обасы. Елсізде елеусіз қалған оба көпшілікке беймәлім болғанымен, бүгінде оның тарихын көнекөз қариялардан естіген бірен-саран кісілер ғана қалған.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022

Торғай төріндегі аламан айтыс

Жангелдин ауданында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ресми іс-шаралар үш күн бойы өтеді деп жоспарланған еді. Үшінші қыркүйекте Торғайда екі қатар етіп тізілген 50 шақты ақ шаңқан киіз үй бой көтеріп, алыс-жақыннан ағылып келіп жатқан жұрттың біразы Ақкөлге, біразы аудан орталығына тоқтап жатқан. Бесін ауа Торғайдағы «Топжарған» ­стадионында «Бабалар аманаты» республикалық айтысы басталды.

Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2022

Өрттен кейінгі өңір

ТЖМ жедел штабы 10 қыркүйекте Әулиекөл ауданындағы орман өртін сөндіру жұмыстарының түбегейлі аяқталғанын мәлімдеді. Жедел штаб қыркүйектің жетінші күні өрттің оқшауланғанын жариялаған болатын. Өрт шарпыған аумақта 73 адамы, 21 техникасы бар Басаман мен Семиозер орман шаруашылықтарының күш-құралы ғана қалды. Жедел штаб өз жұмысын аяқтады. Енді мидай далада мүлгіген орманның жартысына жуығын жойып, артында жүзден аса үйдің үйіндісін ғана қалдырған алапат өрттен келген орасан шығынды есептеп, зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жүріп жатыр.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022

Алапат өрт біржола ауыздықталды

Таңертең Аманқарағай, Әулиекөлді бетке алып жолға шыққанбыз. Осыдан бес күн бұрын орманы отқа оранған Аманқарағайда жаңбыр себелеп тұр. Қабарған бұлт астындағы күйген қарағай құдды біреу үстінен қара май құйып жібергендей қарауытып көрінеді. Қара жалаңаш ағаштың арасынан әрегідік болса да бықсыған түтін шығып жатыр. Күре жолдың бойында әлі де ыс иісі бар. Алапат өрттің біржола ауыздықталғанын жол үстінде естідік.

Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Елді мекендерге төнген қауіп сейілді

Төтенше жағдай министрлігінің шұғыл әрекет ету штабы Әулиекөл ауданындағы елді мекендерге алапат өрттен төнген қауіптің жойылғанын мәлімдеді. Өрт сөндіру жасақтары орман ішіндегі шала бықсыған қоламталарды сөндіріп жатыр. Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы ауылдарына өрт қарауылдау қызметі қойылған.

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2022

Өрттен төнген қауіп сейіліп келеді

Бүгінгі күнге дейін мәлім болғанындай, Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарына бірнеше күш құрылымының өкілдерінен, белсенділерден құралған екі мыңнан астам адам өрт сөндіруге жұмылдырылған. Олар өрттен төнген қауіпті сейілтуге бар күшін жұмсап жатыр.