Тарих • 10 Қазан, 2022
Арқалық қаласының маңында ертеден жеткен тарихи ескерткіштер көп кездеседі. Солардың бірі – күні бүгінге дейін бір кірпіші бұзылмай сақталып келген Мақат саханасы. Кесене Ұлытау облысы мен Қостанай облысының шекарасындағы бұрынғы Қорғасын, қазіргі Шеңбер ауылынан 6 шақырым жерде, Арғанаты тауынан бастау алып, Торғайға келіп құятын Қараторғай өзенінің бойында тұр.
Аймақтар • 09 Қазан, 2022
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келіп, облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Еліміздің бас полицейі Қостанайдағы «Жастар» сарайына жиналған мың жарымға жуық адамның алдында есеп беріп, көпшілік тарапынан қойылған сан сауалға жауап берді. Сонымен қатар, кездесуде құқық қорғау саласын реформалаудың барысы туралы айтылды.
Аймақтар • 04 Қазан, 2022
Қостанайда жалған алкоголь өнімі тәркіленді
Қостанай облыстық Қаржы мониторингі департаменті жалған есепкеалу-бақылау таңбалары жапсырылған алкоголь өнімдерін сақтап, оны сатумен айналысып келген ЖШС құрылтайшысын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Қазан, 2022
Өңір диқандары 4 млн 700 мың тоннадан астам астық бастырып алды. Биыл жауын-шашынның аз түскеніне қарамастан, жер ырысы мол болып, бидай бітік шықты. Жалпы өнім көлемі былтырғы көрсеткіштен 1,7 млн тоннаға артық. Астықтың шығымдылығы гектарына 12 центнерге жуықтайды. Жекелеген алқаптарда бұл көрсеткіш гектарына 18-20 центнерге дейін жетеді.
Аймақтар • 03 Қазан, 2022
Торғай өңірін өркендететін жобалар
Арқалық қаласында Торғай өңірінің экономикасын дамытуға арналған инвестициялық жобалар жөніндегі бизнес-форум өтті. Оған отандық және шетелдік инвесторлар, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Қазан, 2022
Жуырда Ибрахим Ағытай бастаған экспедиция Ахмет Байтұрсынұлының жүрген жолымен жүріп өтіп, өмірдеректеріне қатысты біршама тың дүниелер тауып қайтты. Мәселен, Абай облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығынан Ахметке қатысты бір жапырақ құжаттың көшірмесін алып келді. Бұл – 1918 жылдың 3 наурызында Ә.Бөкейхан қол қойып, Алашорда мөрі басылған Алаш ресми хаты (бланкі).
Ахмет Байтұрсынұлы • 02 Қазан, 2022
Жусаны жыр оқып, татыры ағыл-тегіл тарих болып ақтарылған қасиетті қарт Торғайдың қақ төрінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған торқалы той өтті. Дүбірлі тойға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келіп қатысып, Алаштың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткішін ашты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 01 Қазан, 2022
Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының тойы өтіп жатыр
Қарт Торғайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Дүбірлі тойға арнайы келген Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев алаштың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022
Алаш ардақтыларының есімі берілді
Қостанай облысындағы төрт білім ошағы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының, үшеуі ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның атымен аталмақ.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2022
Бағзыда бір әулетке бас болып, бір қауым жұртты елдік пен бірлікке, еңбек пен тірлікке бастап отыратын сүйегі асыл текті ақсақалдар болушы еді. «Ауылыңда қарияң болса, жазып қойған хатпен тең» дейтін тәмсіл солардан қалса керек. Көненің көзіндей, көкірегі көмбеге толы көнекөз абыздар аз болса да бүгінде арамызда жүр. Солардың бірі – сексеннің сеңгіріне шықса да, бүгінге дейін бүгілмей бойын тік ұстаған қалпы ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан Ибрахим Ағытай ақсақал.