Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2022
Тың игеру жылдары жан-жағы соқаға түсіп жыртылып, тарихы тасада қалған киелі нысанның бірі – Дүрен ана обасы. Елсізде елеусіз қалған оба көпшілікке беймәлім болғанымен, бүгінде оның тарихын көнекөз қариялардан естіген бірен-саран кісілер ғана қалған.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022
Жангелдин ауданында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ресми іс-шаралар үш күн бойы өтеді деп жоспарланған еді. Үшінші қыркүйекте Торғайда екі қатар етіп тізілген 50 шақты ақ шаңқан киіз үй бой көтеріп, алыс-жақыннан ағылып келіп жатқан жұрттың біразы Ақкөлге, біразы аудан орталығына тоқтап жатқан. Бесін ауа Торғайдағы «Топжарған» стадионында «Бабалар аманаты» республикалық айтысы басталды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2022
ТЖМ жедел штабы 10 қыркүйекте Әулиекөл ауданындағы орман өртін сөндіру жұмыстарының түбегейлі аяқталғанын мәлімдеді. Жедел штаб қыркүйектің жетінші күні өрттің оқшауланғанын жариялаған болатын. Өрт шарпыған аумақта 73 адамы, 21 техникасы бар Басаман мен Семиозер орман шаруашылықтарының күш-құралы ғана қалды. Жедел штаб өз жұмысын аяқтады. Енді мидай далада мүлгіген орманның жартысына жуығын жойып, артында жүзден аса үйдің үйіндісін ғана қалдырған алапат өрттен келген орасан шығынды есептеп, зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары жүріп жатыр.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022
Алапат өрт біржола ауыздықталды
Таңертең Аманқарағай, Әулиекөлді бетке алып жолға шыққанбыз. Осыдан бес күн бұрын орманы отқа оранған Аманқарағайда жаңбыр себелеп тұр. Қабарған бұлт астындағы күйген қарағай құдды біреу үстінен қара май құйып жібергендей қарауытып көрінеді. Қара жалаңаш ағаштың арасынан әрегідік болса да бықсыған түтін шығып жатыр. Күре жолдың бойында әлі де ыс иісі бар. Алапат өрттің біржола ауыздықталғанын жол үстінде естідік.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022
Елді мекендерге төнген қауіп сейілді
Төтенше жағдай министрлігінің шұғыл әрекет ету штабы Әулиекөл ауданындағы елді мекендерге алапат өрттен төнген қауіптің жойылғанын мәлімдеді. Өрт сөндіру жасақтары орман ішіндегі шала бықсыған қоламталарды сөндіріп жатыр. Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы ауылдарына өрт қарауылдау қызметі қойылған.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2022
Өрттен төнген қауіп сейіліп келеді
Бүгінгі күнге дейін мәлім болғанындай, Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарына бірнеше күш құрылымының өкілдерінен, белсенділерден құралған екі мыңнан астам адам өрт сөндіруге жұмылдырылған. Олар өрттен төнген қауіпті сейілтуге бар күшін жұмсап жатыр.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2022
Әулиекөлдегі алапат өрт 43 мың гектар аумақты шарпыған
Сыңсыған қарағайы аспанмен таласқан Аманқарағай орманы Қостанай өңірінің көркі, Әулиекөлдің асыл алқасы еді. Апат айтып келмейді, Қазанбасының маңынан тұтанған өрт әп-сәтте алапат аждаһаға айналып, онсыз да соңғы бір ай бойы тапжылмай тұрып алған аптап ыстыққа қақталып, қау еткелі тұрған қалың орманның жартысына жуығын бір күннің ішінде жалмап өтіп, үш елді мекенді ойсыратып кетті.
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
«Жас шаңырақ» бағдарламасы іске қосылды
Қостанай облысы әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында «Жас шаңырақ» өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен қолға алынған игі бағдарлама облыс әкімдігі мен мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тауып отырғанын айта кеткен жөн.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Қызбел мектебі жүз жылдық тойын атап өтті
Керім Қызбел! Романға арқау болған алғаусыз сезім мен мөлдір махаббаттың мекені. Алашқа аяулы Міржақыптай алып тұлғаны тудырған, ұлт руханияты мен ғылым саласында орны бөлек талай текті ұлдар түлеп ұшқан алтын ұя. Осыдан дәл жүз жыл бұрын өткені өнегеге толы Қызбел мектебі ашылыпты. Ғасырлық белесін бағындырған білім ордасының мерейтойында алды жетпісті еңсерген, соңы кеше ғана мектеп бітірген 54 сыныптың түлектері бас қосты.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2022
Шағын шаруа қожалықтарының қолы ұзарды
Қостанайлық шаруалар ауыл шаруашылығы саласына арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша жаңа техника сатып ала бастады. Аталған бағдарлама мемлекет қолдауына арқа сүйей отырып, жаңа техника сатып алуға мүмкіндігі жете бермейтін шағын шаруа қожалықтарының техникалық паркін жаңартуды көздейді.