Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1641 материал табылды

Медицина • 15 Ақпан, 2022

Перзентханаға қолдау көрсетті

«Аяла» қоры мен Bayer компаниясының өкілдері Қостанай қаласындағы облыстық аурухананың перинаталдық орталығына шала туған нәрестелерді қарқынды емдеуге арналған жаңа инкубатор, бес неонаталды пульсоксиметр және бір электр сорғыш табыс етті.

Коронавирус • 14 Ақпан, 2022

5 мың оқушы вакцина алды

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін өңірде 12 жастан асқан 8 мыңға жуық оқушы Pfizer вакцинасының бірінші кезегін алды. Екінші компонентті вакцина ектірген бес мыңнан астам бала бар.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2022

Тазалық қоқыс орнынан басталады

Өңірдегі қоқыс полигондарында бір жыл ішінде 250 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық қордаланып қалады екен. Осыншама қоқыстың әрі кетсе 12 пайызы ғана өңдеуге жіберіледі. Облыста тұрмыстық қалдықты қосымша шикізат ретінде кәдеге асырып, одан дайын бұйымдар өндіріп жатқан он шақты кәсіпорын бар. Бірақ олар қатты қалдықтың санаулы түрлерін ғана сұрыптап, өңдеумен шектеліп отыр.

Театр • 11 Ақпан, 2022

Театрдағы әдеби кеш

Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ театрында Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, облысқа танымал жас ақындар мен театр өнерпаздары қатысты.

Медицина • 10 Ақпан, 2022

Обырдың алдын алуға болады

Денсаулықтың қадірін көбіне бойды дерт дендеп, жан алқымға келіп тірелгенде ғана өте кеш түсініп жататынымыз өкінішті-ақ. Таяуда Қостанайдағы көпсалалы онкологиялық аурухананың мамандары көпшілікпен онлайн байланысқа шығып, өңірдегі ісік ауруларының таралу деңгейі жөнінде баяндады. Сондай-ақ кейбір тұрғындардың сауалына жауап беріп, қайткенде қатерлі аурудың алдын алуға болатынын түсіндірді.

Руханият • 09 Ақпан, 2022

Аштық жайлаған жыл

Халық жазушысы Мәриям Хәкімжанова белгілі журналист Мағира Қожахметоваға «Отыз бірінші жылы рабфакта оқып жүрдім. Сонда пойызбен келе жатқанда сырттағы адамдардың түрін көруге қорқасың, шұбырған бала-шаға, тұлып болып іскен кісілер. Аштық бүкіл елді жайлап кетті. Бір ғана Қостанай облысында, Бейімбет пен Ғабит жинаған дерек бойынша, жергілікті халықтың 25 проценті ғана тірі, қалғандары өлген, босып кеткен», депті.

Білім • 08 Ақпан, 2022

Тіл білімінің алтын діңгегі

Өңір мектептерінде Ахмет Байтұрсынұлының бай мұрасын зерттеуге бағытталған ғылыми жобалар қолға алынып, Алаш ардақтысының өмірі мен қайраткерлік қызметін, ғылыми еңбектері мен оқулықтарын зерделеу­ге арналған танымдық шаралар басталды. Облыстық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, ұлт ұстазының 150 жылдығына орай, ашық сабақ, кездесу, дөңгелек үстел түрінде өтетін мазмұнды іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2022

Сырғанақтан дау шықты

Әдетте жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қостанайдың орталығында қар үйіліп, су құйылып, оның айналасы ойылған мұз кесекпен қаланып, кәдімгі ертегідегідей жалт-жұлт еткен ғажайып мұз қалашығы бой көтеретін. Қала тұрғындарының көбі осы бір «ертегі әлеміне» бала-шағасын ертіп келіп, бөбектерінің сонау биіктен төмен сырғанай жөнелген сәттегі қуанышын қызықтап мәре-сәре болып жататын. Әйтеуір жұрт аяғы ақпан ауғанша басылмайды. Алайда карантин талаптарын ескерген қала әкімдігі биыл қалашық тұрғызбады.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2022

Сартүбекке діңкелеп жетесің...

Биыл Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО-ның өзі мұрындық болып, әлемдік деңгейде, ел ішін есептемегенде, бірнеше мемлекетте қатар атап өтуді жоспарлап отыр. Дегенмен халық даналығында «Тас түскен жеріне ауыр» деген сөз бар. Сондықтан биыл «Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» деп, өзі де өмірінің соңына дейін осы жолдан таймай, ел мұратына адал қызмет еткен бүтін түркіге қадірлі Ахаңның кіндік қаны тамған Жыланшықтың бойын жайлаған үркердей жұрттың да мұң-мұқтажы ескеріліп, тілегі орындалуға тиіс.

Тарих • 04 Ақпан, 2022

Ахаңның үйі қалпына келеді

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туып-өскен қара шаңырақ қазіргі Қостанай облысына қарасты Жангелдин ауданындағы Ақкөл мен Ахмет Байтұрсынов ауылдарының арасындағы жолдың бойында, Ұлытаудан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзенінің Ақкөлге құяр сағасында – Сартүбек деген елсіз мекенде тұр. Ұлт ұстазының кіндік қаны тамған Сартүбек – Ахаңның атасы Шошақтың, кейін Шошақ балалары Мәшен қажы мен Байтұрсынның қыстауы болған құтты жер.