Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы аясында Қостанайда «Халық» қоры ұйымдастырған қайырымдылық шарада мүмкіндігі шектеулі балалары бар 200-ден астам мұқтаж отбасы азық-түлік себеттерін алды. Әрқайсының салмағы 50 кило болатын әлеуметтік қораптың ішінде күріш, қарақұмық, ұн, макарон, сұйық май, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер бар.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021
Қостанай облысының Меңдіқара ауданына қарасты Қарқын ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Кәмшат Дөненбаева мен Сайран Бұқанов сынды екі бірдей Еңбек Ері шыққан шағын ауылдағы мереке барысында биылғы еңбек маусымында жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген еңбеккерлерге құрмет көрсетіліп, «Жылдың озат механизаторы», «Өндірістің ең үздік маманы», «Озат малшы» аталымдары бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021
«Алтын микрофон» иелері анықталды
Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық фестивалі мәреге жетті. Байқаудың шешуші кезеңінде еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет елдерден келген жас әншілер өнер көрсетті.
Бизнес • 13 Желтоқсан, 2021
Қостанайда «Тәуелсіздік жылдары кәсіпкер әйелдердің өңір экономикасына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара барысында кезінде тәуекелге барып бизнесін бастап, бүгінде көпшілікке табысты кәсіпкер ретінде танылған іскер әйелдердің тәуелсіздікпен тамырласа өрілген тағдыры туралы әңгіме айтылып, әйелдер бизнесінің бүгіні мен ертеңі қалай болады деген мәселелер төңірегінде сөз өрбіді.
Ауыл • 03 Желтоқсан, 2021
228 елді мекенге ауыз су келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын толық аяқтауды талап етіп отыр. Қостанайда облыс әкімі А.Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте Президент тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындау мәселесі талқыланды.
Аймақтар • 30 Қараша, 2021
Қостанай облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізіп отыр. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңірдің өнеркәсіп саласы жыл басынан бері 2 трлн теңгеге жуық өнім шығарып, жалпы өнім көлемі 8,1% ұлғайған. Өңдеу өнеркәсібінде де өрлеу байқалады. Бүгінде аймақтың ауылшаруашылық тауарларын өңдеу саласы ішкі нарықтың тұтасқа жуығын қамтиды. Облыс экономикасына соңғы он ай ішінде тартылған 306,2 млрд теңге көлеміндегі ауқымды инвестиция өңірлік өндірістің өрістей түсуіне серпін берді.
Аймақтар • 26 Қараша, 2021
Әлем халқы жылына 120 мың тоннадан астам ұлуды таңсық ас ретінде тұтынады екен. Мұның өзі жалпы сұраныстың 60-70 пайызын ғана жабатын көрінеді. Тобыл өңірінде тұңғыш ұлу фермасын ашқан ерлі-зайыпты Старковтардың айтуынша, оны өсіру көп қаржыны керек етпейді және бәсекесі аз әрі табысты бизнес болып саналады.
Ауыл • 24 Қараша, 2021
Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Албарбөгет ауылдық округінде мал жаппай ауырып, алды өліп жатыр. Мәселен, Көкалат ауылының маңындағы Сор қонысында отырған «Айдос» шаруа қожалығында осыдан үш күн бұрын екі сиыр белгісіз кеселге шалдығып, бір күннің ішінде 600 бас сиырға ауру жұқтырған.
Спорт • 24 Қараша, 2021
Ерекше спортқа құлшыныс жоғары
Тобыл өңірінде соңғы он шақты жылдың ішінде ерекше қажеттілікке ие жандарға арналған спорт жарыстары мен турнирлер жиі өтіп жүр. Облыста мүмкіндігі шектеулілер спорты да жыл санап дамып келеді. Аталған салада түрлі мәселелер де бой көрсетіп қалады, бірақ біртіндеп шешімін тауып жатыр.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Қостанай облысында сүт өнімдерінің сыртқы саудадағы үлес салмағы артып келеді. Аймақта сүттен жасалған тауарларды экспорттап отырған екі бірдей ірі кәсіпорын бар. Оның бірі – Қостанайдағы «Деп» компаниясы болса, екіншісі – Рудный қаласындағы «Лидер-2010» серіктестігі.