Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 09 Сәуір, 2021

Сырға толы Науырзым

Науырзым қорығында жыл сайын сәуір айында «Жыл құсын» таңдау дәстүрге айналған. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы мен құстарды қорғау одағы­ның ұйтқы болуымен 15 жылдан бері үзілмей келе жатқан дәстүрлі шара бары­­сында биылғы «Жыл құсы» таңдауы «Қызыл кітапқа» енген қызғылт бірқазанға түсіп отыр.

Технология • 09 Сәуір, 2021

«Ashyq» – уақыт талап еткен жоба

Сәуірдің соңына дейін еліміздің барлық өңірінде «Ashyq» мобильді қосымшасы қолданысқа енгізілуі тиіс. Жобаны жүзеге асыру арқылы Қостанай облысында карантин кезіндегі шектеулерден кейін жұмысын әлі дұрыс бастай алмай жатқан 200-ден астам кәсіпорынның өз қызметін қайта жандандыруына жол ашылып отыр.

Оқиға • 07 Сәуір, 2021

Мерейі тасыған «Мұрагер»

Башқұртстан астанасы Уфа қаласында өткен «Зов Урала» атты оркестрлер және ұлт аспаптар ансамбльдерінің халықаралық байқау-фестивалінде Қостанай облысы Алтынсарин ауданының «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі топ жарды.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2021

Қостанайлық құтқарушылар вакцина салдырды  

Қостанай облысында төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе ала бастады.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2021

Ел тірегі – Елбасы акциясы қолдау тапты

ERG компаниясы Еуразиялық Топ құрамындағы кәсіпорындар орналасқан Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға 11 000 азық-түлік себетін жеткізбек.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2021

Көктем күліп келмейді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының болжамынша, күн райы күрт жылып кетсе, қар көбесі сөгіле қоймаған Қостанай өңіріндегі 95 елді мекенді тасқын су басып қалуы мүмкін.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2021

Қостанайда көпқабатты үйден өрт шықты

Қостанайдағы Абай даңғылының бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден  өрт шықаны туралы суыт хабар қалалық өрт сөндіру қызметіне  2 сәуір күні таңғы сағат 4:42-де келіп түскен. Дереу дабыл соғылып, 6 арнайы техникаға мінгескен 27 құтқарушы  оқиға орнына аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz

Өнер • 02 Сәуір, 2021

Қостанайда күйші Назымбек Молдахметовты еске алу кеші өтті

Қостанайда облыстық қазақ ұлттық оркестрінің негізін қалаған Еңбек сіңірген қайраткері, шебер күйші, кәсіби дирижер Назымбек Молдахметовті еске алуға арналған «Домбырамның назы» атты кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 02 Сәуір, 2021

Төл өнерді төрге оздырған Тәуелсіздік

Тәуелсіздік Тобыл өңірінде төл мә­дениетіміздің тоқсан тараулы тамырына ыстық қан жүгіртіп, елдің ұлттық өнеріміздің қайнар тұнығынан еркін сусындауына қайта жол ашты. Талай аумалы-төкпелі кезеңді бастан өткерген тағдырлы топырақтың талай тума таланттары қазақ мәдениеті мен руханиятынан ойып орын алғанымен, түрлі тарихи себептер өңірде ұлттық өнердің өркен жаюына мүмкіндік бермеді.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2021

Бағдарлама қоғамдық кеңес бақылауында

«Nur  Otan»  партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаев  партияның «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын толық әрі сапалы іске асыруды бақылайтын қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Басқосуда филиал төрағасы орынбасарының баяндамасы тыңдалып, бағдарламаның өңірде жүзеге асырылу барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.