Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
462 материал табылды

Аймақтар • 26 Қазан, 2023

Мереке баспана тойына ұласты

Елдігімізді айғақтайтын айбарлы мереке күні аймағымыздағы ағайын қуанышқа бөленді. Облыстың аудан-қалаларында бірнеше үй берілді. Көпбалалы шаңырақ, мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, ұлық мереке қоныстойға ұласты. Мереке шуағы осылайша бірнеше шаңыраққа шаттық сыйлады.

Аймақтар • 26 Қазан, 2023

Қарағанды облысында тұтас бір ауыл карантинге жабылды

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар ауылынан «Қарасан» анықталып, ауыл толық карантинге жабылды. Абай қаласының кіре берісіне бекет қойылып, санитарлық тексеру жұмыстары қатаң жүргізіліп жатыр. Ауылға Жартас жағынан кіретін екінші жол да жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 23 Қазан, 2023

Қаһарман полицей

Бұқар жырау аудандық полиция бөліміндегі учаскелік полиция инспекторы Медет Асқаровты ел ішінде осылай атайды. Бір емес, бірнеше адамды ажалдан аман алып қалған азамат мұнысын қызметтік міндетіне емес, адамдық борышына балайды.

Аймақтар • 23 Қазан, 2023

Қара тақтада – қоңыр үн

«Кездессең ұрлана қараймын, асаудай тулайды жас жүрек...», деп «Жас қалам» әнін шырайын кіргізіп шырқайтын Арқаның аяу­лы әншісі Сейіл Аяғановтың орны, өкінішке қарай, ойсырап тұр. Жақында ғана сұлу әнге адалдық танытып өткен өнерпаздың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Аймақтар • 19 Қазан, 2023

Дарқан дала дастарқаны

Дарқан дала қалалықтар үшін дастарқанын жайды. Жылда берекелі күз уағында көп шаруа артынып-тартынып ауылдан келеді. Дәстүрлі өтетін «Ауыл – береке» атты жәрмеңке биыл да жалғасын тапты. Алғашқы жәрмеңкеге барған жұрттың қарасы да қалың. Ауыл дәмін сағынғандар үшін бұл да болса, бір той.

Құтқарушы • 19 Қазан, 2023

Отыз жылғы ерен еңбек

Өртке қарсы өжеттік таныту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сол үшін де құтқарушы – мықтылар таңдайтын мамандық. Күн-түн демей, басын қатерге тігіп, тілсіз жауға, түрлі жағдайға қарсы аттанатын олар құрметке шынымен лайықты. Осы бір салада отыз жыл бойы еңбек етіп жүрген балқаштық Дәулет Долбаев та көп адамға екінші өмір сыйлаған.

Аймақтар • 18 Қазан, 2023

Талды паркінің тәлімі

Сенбі күні Шет ауданында «Талды – өркениеттер тоғысында» атты халықаралық археологиялық-этнографиялық фестиваль өтті. Алғаш осы төңіректе қазба жұмыстары жүргізіліп, түрлі жәдігер табыла бастағанда бір топ тарихшы осында тарихи-археологиялық парк құруды ойластырған еді. Сол аспан астындағы мұражайда өткен өзекті басқосуға алыс-жақыннан меймандар келді. Әуелі шетелден келген ғалымдардың қатысуымен өткен конференцияда аталған аумақта жүргізілген зерттеу жұмыстары һәм алдағы жоба-жоспар талқыланды. Онымен қоса, қола балқыту, қыш құмыра жасау, ұлттық киім түрлерін тігу және ұмыт бола бастаған қазақ тағамдарын әзірлеу секілді этножұмыстарға елдің ықыласы ерек болды.

Аймақтар • 18 Қазан, 2023

Көгілдір отынға сұраныс

Көгілдір отын Қарағандыны көк түтіннен құтқарады. Әйтпесе, дәп күздің қара суығынан бастап Қарағанды аспанын қою қара түтін басады. Енді бұйырса, бірер жылда қаланың көзі ашылып, тынысы артады. Көшеге тартылған газды тұрғындар үйіне кіргізіп алудың қамын жасап жатыр. Жергілікті билік пайызсыз несие, әлеуметтік көмек қарастырып қойған.

Аймақтар • 17 Қазан, 2023

Қасымның жырын жалғаған

Қарағандыда дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты республикалық дәстүрлі мүшәйра өтті. Мүшәйра шарты бойынша өлеңдер 20-35 жас аралығындағы ақындар арасынан іріктеліпті.

Ауыл • 16 Қазан, 2023

Көшпен бірге тірлік келді

Көп ауылды елшіл азаматтар аман алып қалып отыр. Әйтпесе, шалғайда қараусыз қалған елді мекен көп. Дәл осындай Нұра ауданына қарасты Тікенекті ауылындағы тоғызжылдық мектептің есігіне қара құлып салына жаздады. Рамазан Әбілдин бастаған ауыл атқамінерлері әр өңірден он отбасы көшіріп әкеліп, елінің керегесін кеңейтіп отыр. Игі іс өз жемісін берді. Көшпен бірге мектепке бала келді, мұғалім келді.