Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024
Cәуір келгелі жетісулық шаруаларда тыным жоқ. Дала төсі дүбірге бөленіп, өңірде еңбек көрігі қызып жатыр. Биыл барлығы 117 653,4 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Сондықтан диқандар техника және субсидия жағынан мемлекет тарапынан қолдау күтеді.
Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024
Малсақ қауымды не толғандырады?
Жетісулық шаруалар қыстың қытымыр мінезінен қанша қиналса да, төрт түлікті көктемге аман-есен жеткізді. Мал төлдету науқаны мәреге жетуге жақын, азын-аулақ шығын да жоқ емес. Жазда жемшөбін құнттаған қойшылардың көңілі тоқ, қозы-лағын қуалап жүр.
«Таза Қазақстан» • 16 Сәуір, 2024
Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасты
Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты. Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, студенттері және Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Іс-шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2024
Апта соңында жетісулықтар тырма мен күрегін көтеріп, сенбілікке шығады. Бұл игілікті іске облыс әкімі, қала мен аудан басшылары да атсалысып жатыр. «Таза Қазақстан», «Таза қала Талдықорған» экологиялық акциясы аясында тұрғындар ыждағаттылықпен тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Күшіміз – бірлікте! Жетісудың жәрдемі
Батыстағы ағайынның жағдайына алаңдаған Жетісу жұрты ай басынан бері гуманитарлық көмек жинауды бастаған еді. Аз уақыт ішінде жиналған көмек күні кеше жіберілді.
Шаруашылық • 11 Сәуір, 2024
Жетісуда егіс алқабы 524,8 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ. Әсіресе қант қызылшасы, майлы дақылдар мен мал азығының егіс көлемі 18,1 мың гектарға артады. Соның ішінде тәтті түбір 11 мың гектарға егіліп, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Былтыр шаруалар әр гектардан орта есеппен 420 центнерден өнім жинаған еді. Биыл да осы көрсеткіштен кем түспейміз деп отыр.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
«Huawei» компаниясы салаланып келеді
Әлемге әйгілі «Huawei» компаниясы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орталығын ашты. Бұл жетісулық жастардың білімін шыңдап, телекоммуникация саласындағы жаңа ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Жетісуда жыл сайын жүздеген отбасы қоныстойын тойлап, қуанышқа кенеледі. Былтыр дәл осы уақытта талдықорғандық тұрғындар баспаналы болған еді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тапты. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарына пәтер кілті табысталды.
Кәсіпкер • 09 Сәуір, 2024
Жетісулық зергер Әсем Ақынова он жылдан бері алтын мен күмістен сырға, жүзік, алқа-білезік жасауды кәсіп етіп келеді. Мемлекеттен алған қаржылай гранты шағын кәсіпкерге үлкен көмек болыпты.
Әдебиет • 08 Сәуір, 2024
Сіз толық талантыңызбен қанша тырыссаңыз да жас толқын жағаға шығарып тастауы мүмкін. Сондықтан үнемі үдеріс үстінде жүрген абзал. Орыс эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева халықаралық байқаудың бірінде оңбай ұтылады. Десе де үкілеп қосқан жұлдызы он жетінші орыннан көрінгенімен, жерлестері жағасынан алмайды. Қайта «жасы келді, жасыды, жастарға орын бергені жөн» деп пәтуа шығарады. Мұны түйсінген әнші бұдан соң додаға аяқ баспайды.