Қоғам • 30 Шілде, 2023
Мақаланың маңдайына жазғандай әңгіме Алексей жайлы. Дәл қазір біз үшін бұл Алексейдің басқа «алексейлерден» бағасы биік болып тұр. Иә, мәселе – оның сөзінде… Ол неге таза қазақша сөйлейді? Не себепті қазақ мектебіне барады? Мемлекеттік тілді білмегендерді мәңгүрт санайды. Оқушыға бұл сындарлы ой қайдан келді, мақсаты не? Біз бүгін соны айтамыз.
Аймақтар • 28 Шілде, 2023
Шаған баурайындағы шопандар тойы
Жетісу дербес өңір болғалы малшылар мерекесі тұңғыш рет тойланып отыр. Бұл тойдың ерекшелігі де сол, қойшы қауым алғыс арқалап, сыйлыққа кенелді. Шаған тауы етегіне жұрт ақшаңқан киіз үй тігіп, ұлттық ойындарымызды жаңғыртты. Балуандар белдесті, ағайын аламанға ат қосты. Ән шырқалып, күй тартылды. Жайлаудан ырысын іздеген малшылар бір жасап қалды.
Аймақтар • 26 Шілде, 2023
Жетісу құндылықтарын бағалауға ынта керек
Жетісу жерінде тарихи қалашықтар мен қасиетті жерлер жетерлік. Тұнығына бойласаңыз, топырақ тіл қататындай. Әйтсе де сондай құм басқан аяулы мекендер мен қараусыз қалған қасиетті нысандардың іздеушісі көрінбейді. Жергілікті атқарушы билік те оған мүдделі емес секілді, жеке тұлғалар да жаны ашымайтындай. Ал үңілгендерді елеп-ескеріп жатқан жан жоқ. Тіпті зерттейтін білікті мамандардың жұмысы бірізге түспеген.
Таным • 26 Шілде, 2023
Көп тіл білу ұлтты сату емес, бірақ... Кешіріп қойыңыз, басымызға кигеніміз – бөрік пен тымақ, көзімізді ашқалы көргеніміз – тау мен құм, баққанымыз – қой мен жылқы, мінгеніміз – ат, қазаққа қалаға сіңісу қыста қарбыз еккенмен бірдей болған жоқ па? Жо-жоқ қалаға сіңісу емес, қалай түсіндірсек екен, өркениет көшіне ілесуге деген дұрыс шығар. Ал өркениеттің ошағы сол қаланың қақ ортасында емес пе? Қонышында газеті, қолында айраны, алдында отары, қыр кезген қазақ баласы дүниені ана тілінің деңгейінде қабылдамай қайтсін? Оны әркім өзі біледіге салсақ, тағы да әлемге аттың үстінен қараймыз-ау... Ал кеше Илон Маск Марсты бағындырды.
Еңбек • 26 Шілде, 2023
Бүгінде қолынан іс келетін әйелдер ерлерден қалыспай ел экономикасына өз үлесін қосып келеді. Оған дәлел – Талдықорған қаласында өткен Жетісу, оңтүстік аймақтардағы ауыл әйелдерінің облыстық форумы.
Қоғам • 25 Шілде, 2023
Шаруаның жайын егінге орақ түскенде білеміз. Биылғы міндет – былтырғыдан да артық өнім алу. Әйтсе де жаздың басы салқын, аяғы ыстық болды. Оның үстіне жаңбырдың аздығы диқаншыларды біраз әуре-сарсаңға салды. Өңірде су желілерінің де ескіргенін ескерсек, фермерлердің алаңы заңды. Осыны ойлаған Үкімет қаржы бөлді, ендігі мәселе жоспарды орындау.
Медицина • 24 Шілде, 2023
Резиденция – енді балаларды емдеу орталығы
Алакөлден ақжолтай хабар жетті. Аудан әкімдігінің Ақши ауылындағы демалыс үйі жеткіншектердің денсаулығын түзететін оңалту орталығына айналды. Таяуда аталған нысан заманға сай жабдықталып, салтанатты түрде ашылды.
Таным • 24 Шілде, 2023
Ұлттық түсінікке салсаңыз, тазы мен төбетті елдің қазынасына балап қана қоймайды, оны тіпті туыс-дос көріп, сапардағы сенімді серігі, адалдықтың өлшеміне де балайды. Бұл – бабатаным сыйлаған тәлім. Мұны Мемлекет басшысы да жақсы бағамдап отыр. Қазақы иттің қалпын бұзбай, тектілігін сақтап қалу үшін қам-қарекет жасап жатыр. Әйтсе де бүгінде ауыл азаматтары мемлекеттің көмегінсіз-ақ төбет асырап, жанашырлық танытып жүр. Біз бүгін оған куәгер болдық.
Көрме • 21 Шілде, 2023
Отандық кәсіпкерлердің жеке өнімімен, жалпы, халық таныс емес. Бұл ретте өңірдегі орта һәм шағын бизнес өкілдері өндірген заттарды нарыққа шығару маңызды. Осындай қадамға барсақ, ішкі сұраныс артары анық. Осы орайда Жетісуда тұңғыш рет «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы өтті.
Қоғам • 20 Шілде, 2023
Қарапайым халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы міндеттеген нақты тапсырманың бірі. Осы орайда жетісулықтар мереке сайын қоныстойын тойлайды. Жақында Талдықорған қаласында жаңадан бой көтерген 5, 7, 9 қабатты үйдің кілті тұрғындарға салтанатты түрде табысталды.