Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
956 материал табылды

Аймақтар • 08 Ақпан, 2023

Текелінің тәтті тағамдары

Текелінің тәтті тағамдарын жеп көрдіңіз бе? Әсіресе дәмі тіл үйіретін пірәндігін. Жетісудан тіске басар жұмсақ ас іздесеңіз, моно­қалаға барыңыз. Бұлай әсіре­леп айтуымыздың басты себебі, Текелі кондитерлік фабрикасында күніне 1,5 тоннаға дейін пірәндік пісірі­ле­ді. Бүгінде кәсіпорын жұмыс санын қысқартпай-ақ заманға сай авто­мат­тандырылып жатыр. Тұтыну­шы­лар саны күннен күнге артып келеді.

Білім • 07 Ақпан, 2023

Зияткерлердің шетелде кездесуі

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында кездесті. Онда «Alumni NIS» қағидаттарына айналған «Otanyńdy sui, Älemdi özgert, Adal bol» жалынды сөзі басты ұранға айналды. Неміс жерінде білімін шындап жатқан жастар ұстаздармен емен-жарқын әңгімелесіп, елге алғысын жаудырды.

Ғылым • 06 Ақпан, 2023

Қазақ бидайының генетикасы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Орталық Азия бидайының генетикасы мен геномикасы» атты халықаралық ғылыми семинар өтті. Онда Қазақстан бидайының генетикасы әңгімеге арқау болды.

Қоғам • 05 Ақпан, 2023

Гоше реакциясы

Қоңыр плащты тізеге дейін созып, ала шарф­ты мойынға айналды­ра орап, қара шляпаны қисайта киіп, сықиып, кербездене көшеде кетіп бара жатсаңыз, көрген адам суретші не жазушыға ұқсатары анық. Байқайсыз ба, бұл ережесіз еліктеу бізде де бар. Тек біздікі ұлылардың инерциясына икемделген ал­бырттық қана, артық ештеңесі жоқ. Әйтсе де мұны ғылымда «Гоше реакциясы» дейді. Абайсызда арбауға түсу.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2023

Талабы зор «Табысты отбасы»

«Самұрық-Қазына» қоры тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен Жетісу өңірінде жүзеге асқан әлеуметтік жоба түлектері қажетті құрал-жабдыққа ие болды.

Әдебиет • 31 Қаңтар, 2023

Қыраудан жазылған хат

Қазақтың Фаризасы: «Жан-жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем», деп құснихат жазады. Шіркін, аруға тән мөлдірліктің осы екі жолға мөлт ете түскенін қараңызшы. Өлең қарашығына жас болып ұйыған Мария Цветаева болса, «Мне нравится, что Вы больны не мной…» деп дел-сал күйге түсіреді. Осы әнге айналған қос туын­дыны тыңдап отырып, өткенге қиыла қарайсыз…

Өнер • 29 Қаңтар, 2023

Өмірмен қоштасу әні

Бәрін қойыңызшы, вальс билейікші?! Алғаусыз Аль Пачино секілді… Бізден түскен махаббат көлеңкесіне гүлдер сая­ласын! Құстар қуанышымызға ор­тақ­­тассын, егізінен айырылған аққу­лар қызғаныштан көл бетінде өртенсін! Буынымызды босатып, бұрала биле­йікші! Мүмкін, бұл мекенжайсыз сағы­ныштардың күтпеген кездесуі шығар.

Туризм • 29 Қаңтар, 2023

Экотуризмге – айрықша көзқарас

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісуға келген сапарында экологиялық туризмді дамытуды тапсырған еді. Қора шатқалына турис­терге көлікпен баруға қолайлы жағдай туғызу туралы да баса айтқан. Сол мақсат шеңберінде өңірде Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолға жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Одан да бөлек ілкімді істер қолға алынып жатыр.

Медицина • 26 Қаңтар, 2023

Тұмаудан сақ болыңыз!

Жетісуда қазіргі эпидемиялық маусымда жіті респираторлық вирусты инфекцияның 26 774 жағдайы тіркелген. Былтырмен салыстырғанда сырқаттанушылық – 24 пайызға жоғары. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 60 пайызды құрап отыр. Мұны Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев айтты.

Тарих • 25 Қаңтар, 2023

Ескірмейтін «Ералаш»

Біз ертегіні де тыңдап, есепті де шешіп, есекті де мініп, «Ералашты» да көріп өстік. Өмірге қалағанымызша еркеледік, енді бәрі естелік. Сол «Ералаш» біздің балауса күніміздің бүлдіргені секілді, қайыра көре бергіміз келеді. Тіпті балаларға арналған әзіл-оспақ журналының анимациялық интросы әлі күнге есімізден кеткен емес. Бұл жалынды мотивті Алексей Рыбников ойлап тапқан екен. Қараңызшы, тағы ойымызға оралып отырғаны…