Аймақтар • 05 Сәуір, 2023
Жамандықтан сақтандыратын мобильді қосымша
Жетісулық жас ғалым мектеп оқушылары арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз NIS» мобильді қосымшасын ойлап тапты. Бірегей жоба психологиялық қиындыққа тап болған жасөспірімдерге жол көрсетер рухани тетік іспетті.
Шаруашылық • 04 Сәуір, 2023
Қант қызылшасын өсіруге күш салсақ
Аграрлы облыстың басты мәселесі – қанттың жайы. Тәтті түбірдің көлемін қайтсек арттырамыз деп әуреге түсуде. Мемлекет басшысы қойған талапты орындау үшін тынбай еңбектену шарт. Бүгінде ауыспалы егістіктің дұрыс сақталмауы, минералды тыңайтқыштардың қажетті көлемде берілмеуі өнімге кесірін тигізіп жатыр. Қайтпек керек?
Қоғам • 04 Сәуір, 2023
Әскери тәртіп – әскери қызметтің ажырамас бөлігі
Сарыөзек гарнизонындағы шабуылдаушы құрамдарының әскери қызметшілері «Әскери тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 03 Сәуір, 2023
Соғыста ақиқат жоқ, тек амбиция ғана бар. Сондықтан жеңісте тірі қалғандар ғана тойлайды. Шындығы осы. Кейде үлкен ұрыстар жаңа өмірдің бастауы секілді көрінеді, кейде жансыз денелердің ақылға таласы секілді. Бірақ бәрібір соңғы шешім ол емес. Черчилль дұрыс айтады. Жазықсыз жандардың өзгенің мүддесі үшін өлім құшуы. Ең ауыры, соғыс гүлдері жұпар иіс төкпейді.
Ғалым • 02 Сәуір, 2023
Сенесіз бе, әлемде 40 миллионға тарта көру қабілеті нашар адам өмір сүреді. Ал елімізде 160 мыңға жуық жанары қараңғы жан бар. Олардың бәрі қоғамның көмегіне зәру. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешу үшін технологияға жүгінуге мәжбүр. Бұл ретте біздің өнертапқыштар да қарап отырған жоқ. Мәселен, жетісулық жас ғалымдар автономды көзілдірік ойлап тапты.
Шаруашылық • 31 Наурыз, 2023
Жетісуға көктемнің ерте келетіні белгілі. Биыл өңірде көктемгі дала жұмыстары әдеттегіден бір апта бұрын басталды. Биыл жетісулық диқандар егіс алқабын 519,1 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2 мың гектарға артық.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2023
Жетісуда баспана жайы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Былтырдан бері Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев мыңдаған тұрғын үйдің заңсыз берілгенін мәлімдеумен келеді. Оған қоса берілген баспаналарға иелік еткен азаматтардың мәртебесі сұрыпталмай, бірнеше жылдан бері ешқандай жалгерлік қаржысы төленбеген. Қазір соған сай тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Өнер • 29 Наурыз, 2023
Ұлттық өнердің шырақшысы да, шамшырағы да – ауылдағы ағайын. Неге десеңіз, технологияға негізделген қоғамда рухани құндылықтар жағаға шыққан балықтай шеткері қалады. Ол – заңды құбылыс. Десе де Жетісуда төл өнерімізге тамызық болар шеберлік орталықтар ашылып жатыр. Соның бірі Сарқан ауданында бой көтерді.
Сұхбат • 29 Наурыз, 2023
Нұраға жайында айтар әңгіме көп
Қазақ музыка өнерін шырқау көкке көтерген «Отырар сазы» оркестрі ұлттың рухани жады іспетті. Ондағы әрбір әуен көз алдымызға кешегі бабаларымыздың жүріп өткен жолының жаңғырығын әкелді. Сол барлық аспаптың басын біріктірген виртуоз маэстро, даңқты композитор Нұрғиса Тілендиев еді. Жалғыз өзі қаншама музыканттың арманына қанат бітірді. Біз бүгін сол ғажайып шығармашылық топтың басы-қасында жүрген шәкірті, қобызшы, концертмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тұрсынхан Қарақожаевамен тілдескен едік. Тілендиевтің «Қара қызы» атанған өнер иесі ұстазын сағынышпен еске алды. Халықаралық деңгейдегі мәдени шараларға белсене қатысып, ұлт өнерін таныстыру бағытында мол еңбек етіп жүрген Тұрсынхан Төкенқызы ұстазымен 14 жыл бірге жұмыс істеген. Қ.Байсейітов атындағы музыка мектебінің 11-сыныбында оқып жүргенде, мұғаліміне хабарласып «Қара қызды, маған шақыр» деп қолқа салады. Дарынын дер кезінде бағалаған ағаның алқауымен шынашақтай қыз «Отырар сазы» оркестрінің бір бөлігіне айналады. Осылайша, сол үлкен ансамбльде 16 жыл қызмет етеді.
Технология • 28 Наурыз, 2023
Әлемде ауру түрлері мен сырқаттанушылар саны жылдан жылға артып барады. Сол себепті дәрігерлердің жетіспеушілігі қатты байқалып отыр. Технология дамыған сайын адамзаттың денсаулығы күрт нашарлады. Жасыратыны жоқ, екінің біріне күтім қажет. Бұл диллеманың шешімін жетісулық жас ғалымдар тапқандай. Енді науқастың жай-күйін Med-Bot робот бақылайды.