Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1075 материал табылды

Кәсіпкер • 28 Наурыз, 2023

Перу гүлін өсірген ана

Кәсіптің көзін табу оңай емес, әсіресе қыз-келіншектерге. Ал енді көпбалалы ана болсаңыз, отбасымен қатар бизнесті алып жүру, тіпті қиын. Әйтсе де бұл аксиома жетісулық әйелдерге жүрмейді. Бірі кұрақ көрпе тіксе, бірі сүт пен қаймағын сатып пайда табуда. Ал енді бірі жылыжайын иран баққа айналдырып, көктемнің алғашқы мерекесінде аруларға қуаныш сыйлап жүр. Көпбалалы кәсіпкер ана Балжан Нүсіп бау-бақшасын гүлге толтырып, ауыл­да отырып-ақ кәсібін дөңгелетіп отыр.

Медицина • 28 Наурыз, 2023

Жаңа орталық құрсақтағы шарананы да емдейді

Медицинада құрсақтағы баланың қандай да бір сырқаты немесе мүгедектігі болса, оны уақтылы диагностикадан өткізіп, алдын алу аса маңызды. Сондықтан облыстық перинаталдық орталықтың базасында Жетісу облысы бойынша ұрықты сақтау орталығының ашылуы тегіннен-тегін емес.

Балалар • 27 Наурыз, 2023

Еріктілердің ерекше балаларға көмегі

Есту қабілеті нашар ба­ла­ларға ағылшын тілін үйрету үлкен пара­сат­тың белгісі. Сол арқы­лы ай­тар­лықтай жетістік­терге жетуге де болады. Бұ­ған Талдықорған қа­ласындағы Назарбаев зият­керлік мектебінің жас ерік­тілерінің тә­жіри­бесі дәлел.

Өнер • 27 Наурыз, 2023

Құс қайтқанда

«...Сазы мұңлы қоңыр қаз ұшты айналып,Қанатына қажымас күш байланып!Қарап тұрмын, әлде ақын кетті ме деп,Жылда келіп тұратын құсқа айналып…»

Аймақтар • 27 Наурыз, 2023

Тұрғындардың тілегі орындалады

Кербұлақтағы тасжол, Ескелдідегі ауыз су мәселелері мен Талдықорғандағы тұрғын үйлердің сапасыздығы жетісулықтардың шыдамын тауысқалы қашан? Соны кеше жиылған халық ресми іссапармен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа да айтты. Тұрғындардың тілегін қалт жібермей тыңдаған сала басшысы, аталған проблемаларды оңды шешілуін қадағалайтынын жеткізді.

Абай • 22 Наурыз, 2023

Абай мүсіні тұғырға қонды

Талдықорған төрінде Ұлыстың ұлы күні ұлы Абайдың алып мүсіні тұғырға қонды. Көз тартар көркем ескерткіш Б.Римова атындағы драма театрдың алдына жайғасты. Жетісу­лықтар үшін әз Наурыз мерекесі осындай әсерлі оқиғамен басталды.

Экология • 21 Наурыз, 2023

Бұрқанбұлақ: аңызы мен шипасы

Жетісудың қай қырын суреттесеңіз де, қисса шерткен қариядай тебіренесіз. Әсіресе жер жібіп, күн мерейін төге бастаған шақта бұлақ біткен екпіндей тасып, көңіл арбайды. Көктемнің келгенін әуелі солар сезетіндей. «Дария басы – бұлақ» деп түйсінген халық, көзін ашып, шөлін басып, жолға салады. Бұл – сол маңайдағы ағайынның әдеткі тірлігі.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Сайлауда туған сәби

Текеліде «Сайлаубай» дүниеге келді. Ана мен баланың денсаулығы жақсы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Сайлауға бар да көже іш

Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2023

Жетісудың ең қарт анасы өз дауысын берді

Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубайқызы Алтынхан апамыз сайлаудан тысқары қалмай өз дауысын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.