Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
956 материал табылды

Руханият • 02 Қараша, 2020

Даналықтың дәнегі

Мәдениет және спорт министрлігінің қол­да­уымен, әрі Ұлттық музей мен Ұлттық акаде­миялық кітап­хананың ұйымдастыруымен қазақ хал­қының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнан­байұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және рухани мұра» атты заманауи иллюстрациялық-кітап көрмесі өтті.

Оқиға • 30 Қазан, 2020

Бауырлас елдің басты байлығы

Зәу жүзінен төгілген азаттықтың алтын сәулесі түркі жұртымен тұтасып, Тұран даласының әрбір тасына мөрленгендей. Сол жұлдызды мөр қазанбұзарлығы жоқ халықтың қадіріне қазық болып қағылғанына, міне, 97 жыл. Бұл тамыры бір туысқан түрік халқының тауанды тұлғасы Ататүріктің жүрегіне тұмар болып тағылған арман еді. Ерлігінің ерен үлгісіндей ғасырлардан үзілмей жеткен елдігінің еншісі, өрлігінің белгісі. Оған Түркия Республика күніне орай ұйымдастырылған «Байрағы биік байтақ ел» атты жиында тағы бір рет көзіміз жетті.

Технология • 29 Қазан, 2020

Ақылды роботтар адамды алмастыра ма?

Әлем бойынша алдағы онжылдықта еңбекке жарамды жастардың 40 па­йызына ғана жұмыс бұйырмақ. Демек технология дамыған дәуірде тиісті мамандарды «темір адам» алмастырады деген сөз. Халқы көп Қытайдың өзінде 70 пайыз­дан астам жұмыс орнының қысқартылу қаупі бар. Бүгінде роботтар Apple өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың 60 мың қызметкерін жұмыссыз қалдырған. Ал Amazon компаниясы кассасыз супермаркеттер желісін ашуда. Бұл аз уақытта роботтандыру ғасырына аяқ басатынымызды аңғартатындай.

Руханият • 29 Қазан, 2020

Мұңды әнін тырналардың естідің бе?

Соғыс бітер, ал оның дәуір бетіне төккен қанды бояуы кете қояр ма екен? Әкенің алқымына тығылған өксік, ананың көз жанарына ұйыған арзу топыраққа сіңгенімен, мәңгілік сүйекке батары анық. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ жантүршігер жаңғырығын естідік. Заманының зарын жырлаған ақынды оқыдық, ғасыр мұңын айтқан әнді тыңдадық. Сол әуен ғой, қайта-қайта жүректі қозғайтын.

Оқиға • 28 Қазан, 2020

Шырайлы «Шығыс әлемі»

Ұлттық музейде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер Одағының мүшесі Ахмет Ахаттың 65 жасқа толған мерейтойына орай «Шығыс әлемі» көрмесі ашылды.

Руханият • 27 Қазан, 2020

Махаббат сағызы

Сіз, махаббат сағызын шайнап па едіңіз?.. Қалайша?.. Өткен ғасырдың эластикті ретро дәмі есіңізде жоқ па?.. Сыртында «Love is...» деген жазуы бар сүп-сүйкімді созылмалы тәтті ше? Тік төртбұрышты келген, қызғылт өңді борықтай жұмсақ зат. Сол уақытта серінің әтіріндей хош иіс төгіп, ерке-сылқымды естен тандырған өрнекті өнім. Бозбала біткен сүйгеніне сыйға беріп, сол арқылы сезімін де жеткізген. Иә-иә, ұяң жігіттің риясыз пейілінің дәнекері десеңіз де болады. Мұндағы қызық сағызда емес, оның қорабындағы сиқырлы суреттерде болып отыр ғой. Біздің де әңгімеміздің сорабы сол еді, негізі.

Қоғам • 27 Қазан, 2020

Түз тағысын тізгіндеген

Ескі жұрттың аузынан қалған әңгіме деп әнтек күліп қоя­тын­быз. Ауылдан желдей ескен қилы-қилы жаңалықтардың қайсысының әуеніне төңкерілесің. Сосын сексеннің сеңгіріне шыққан қарияның жылқы жалына жабысып, жүйрік баптап жүргеніне кім сене қойсын. Сөйтсек біздікі ағаттық болыпты. Бар екен. Бауыры бұлақ баяғының адамдары-ай! Көкжалдың көк етін жыртып, құстың да тілін тапқан. Айтсаң – аңызға пара-пар, айтпасаң – жаныңа жай таптырмайды.

Әдебиет • 27 Қазан, 2020

Әдебиеттің әліппесі

Әжесінің етегіне оралып өскен әрбір баланың ертегіге құмар келетіні ертеден белгілі. Құлынының кірпігі ілінгенше қадағалап отыратын апалардың тәтті әңгімесінен бұғанасы енді қатып келе жатқан балдырған рухани ләззат алатыны хақ. Оның үстіне ежелден ертегімен өренін тәрбиелеген, қиялын дамытып, арманын асқақ етуге мән берген халқымыздың осынау жанры әдебиеттің әліппесі секілді. Жақында жарыққа шыққан Жұмабала Балақаранованың «Ертегілер әлемі» атты кітабынан соны аңғардық.

Руханият • 21 Қазан, 2020

Ескі латын әліпбиін ескерсек

Заман талабына сай әрбір ұлттың тілі жетіліп отырады. Өткенге көз жүгіртсек, ұлт зиялылары ана тіліміздің дыбыстық жүйесін толық ашып бере алатын алфавит қабыл­дауды міндетке алған. Әйтсе де сан түрлі саяси көзқарастар қазақ тілінің адымын аштырмады. Әуелде араб графикасын аттап, латын қарпіне көшкенімізбен, кейін кириллицаға ауыстық.

Тарих • 21 Қазан, 2020

Қырымда туып, қырда ғұмыр кешкен

Аруана даланы ақжаулығына орап қорғаған ақжүрек аналар-ай. Сіздер жайлы сөз бастарда соғыстың аңызақ желі есетіні несі? Кіндік қаны тамған топырақтан кіндігін үзіп, жат жердің дауылына ық, қауымына пана болған ғазиз жандар. Салты бөлек, саулығы басқа мыңдаған жауынгердің басын қосқан майданның «мейірімі». Жо-жоқ, ол жай майдан емес, өмірге деген іңкәрлік. Сол іңкәрліктен тұтанған махаббат оты. Ал біз оны тағдыр деп түс­тейміз. Бәлкім солай да шығар. Мұны сіз қазақ әулетіне келін болған украин­ қызының ғұмырымен өлшеп көріңізші. Кеудеңізді әлдебір әуен әлдилеп, жанарыңызға жас ұйиды. Мөлдір жас – өмір моншақтары...