Аймақтар • 17 Маусым, 2022
Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылына барар жолда әр күні түрлі іс-шара өтетін этнопарк ашылды. Этнопаркті кәсіпкер Гүлжан Қозекешева Nurly tal деп атаған. Оны ашу жөніндегі идея бес жыл бұрын туындапты.
Қоғам • 17 Маусым, 2022
Тоғыз жасар Мәриям Ишанғалиева Құрманғазы ауданындағы Көптоғай ауылында тұрады. Биыл 3-сыныпты үздік бітірген. Былтыр «Әлемдік модель-2021» және «Жер шарының супермоделі – 2021» аталымын жеңіп алған еді.
Медицина • 17 Маусым, 2022
Қатерлі ісік көрсеткіші төмендеді
Еліміздегі экологиялық ахуалы нашар өңірдің қатарында Атырау облысы да бар. Ал ауасы ластанған 10 қаланың тізіміне мұнайлы шаһар да енген. Бұл өңір тұрғындары арасында түрлі аурудың белең алуына әсер етіп отыр.
Медицина • 17 Маусым, 2022
Әр адам мамандықты жүрек қалауымен таңдайды. Әрине, табысы мол салаға бет бұратындар аз емес. Ал Нұрлан Салауатұлының медицина саласын таңдауына ата-анасының ықпалы тиген. Сөйтіп, 2013 жылы орта білім туралы аттестат алған соң Атырау медициналық колледжіне құжат тапсырды. Аталған колледжді 2017 жылы бітіріп, содан бері облыстық жедел жәрдем стансасында жұмыс істейді. Мамандығы – фельдшер.
Қоғам • 16 Маусым, 2022
Көлік жүргізушілер арасында VIP нөмірге сұраныс көп. Алайда қомақты қаржы төлеп, осындай нөмірді сатып алғандардың қулығы әшкере болып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті «сәнді» мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру үдерісіне мониторинг жүргізді. Мониторинг кезінде бюджетке ірі көлемде мемлекеттік бажды төлеуден жалтару дерегі анықталды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2022
Әр шаһардың шырайы – әсем ғимараттар мен әдемі гүл. Жасыл желегі аз мұнайлы қалада раушан гүлі жайқалып тұр. «Озеленение города Атырау» жобасының жетекшісі Леонид Задерныйдың айтуынша, биыл осындай 18 мың гүл 11 мың шаршы метр аумаққа егілген.
Қоғам • 15 Маусым, 2022
Қандай жақсы баланың қуанғаны!
Мұнайлы өңір әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, Балалар жылына орай 70-ке жуық іс-шараны қамтитын арнайы жоспар жасақталған. Сол жоспар аясында жыл басынан бері 40 іс-шара өтіп, нәтижесінде, 55 мыңнан астам бала қамтылып отыр.
Аймақтар • 14 Маусым, 2022
Жылыой ауданындағы «Теңіз» кен орнында екі жоба іске асырылып жатыр. Оның бірі – келешек кеңею, екіншісі – ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы. Бұл жобалардың бір мезгілде іске асырылуының өзіндік себебі бар. Өйткені «Теңіздің» қойнауында 3,2 млрд тонна «қара алтын» бар.
Қоғам • 08 Маусым, 2022
Мұнайлы өңірде кәдімгі қанттың қат дүниеге айналар түрі бар. Супермаркеттер мен дүкендер сөресінен әлсін-әлсін «жоғалып» кетеді. Енді оның бағасы 70 пайызға қымбаттағалы тұр.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
Мұнайлы өңірдің шаруаларын шалғын көбелегінің шырғалаңы алаңдатып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласының маңындағы егін алқаптарын, жайылымдарды шалғын көбелегі қаптап, зиянын тигізіп жатыр.