Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2408 материал табылды

Білім • 01 Қазан, 2021

Ақмарал алған асу

Былтырдан бері педагогтің мәртебесі артып, биыл алғаш рет білім саласының бірнеше өкілі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Соның бірі – Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі Ақмарал Ғабдуллина.

Экономика • 30 Қыркүйек, 2021

Қоршаған ортаға қамқорлық

Отандық мұнай-газ өнеркәсібіндегі ең байырғы кәсіпорынның бірі – Атырау мұнай өңдеу зауыты. Жеті қат жер астынан өндірілген «қара алтынды» терең өңдеп, жанармайдың сан алуан түрін шығаратын кәсіпорын қоршаған ортаны қорғауға да баса мән беріп отыр.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2021

Атырауда 220 мыңнан астам адам онлайн санақтан өтті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Атырау облыстық департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2021

Қуатовтың қолтаңбасы

Атырауда тәуелсіз елдің ең жоғары марапаты – Қазақстанның Еңбек Ері атағын иеленген бір адам бар. Ол – 40 жылға жуық мұнай-газ өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін Руслан Қуатов.

Экология • 21 Қыркүйек, 2021

Заңсыз бөгеттің зардабы

Ойыл өзенінің Атырау облысындағы бөлігі құрғап жатыр. Өйткені оған су келмейді. Оның себебі неде? Бірнеше жылдан бері бұл мәселе әсіресе Қызылқоға ауданының тұрғындарын алаңдатып отыр.

Коронавирус • 19 Қыркүйек, 2021

Ахуал тұрақталғандай, алайда...

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі саябырсығанмен, өңір әлі де «қызыл аймақтан» шықпай тұр. Қазіргі ахуал қандай? Қанша адам вакцина алды? Орталық коммуникациялар орталығының алаңында осы және өзге де сауалдарға жауап берген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, былтырғы наурыздан бері 49 500 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2021

Талай ғасыр тұра берер әлі де

Атыраудың апайтөс даласы құнды тарихқа тұнып тұр. Қазыналы өңірдің топырағында жауға қарсы қол бастаған батырлар да, қазақтың шұрайлы тілімен өрнекті сөз өрген ақындар мен жыраулар да, тіпті тылсымы жұмбақ сан ғажайып қасиетімен жұрт жадында жатталған әулиелер де мәңгілікке тыныстап жатыр. Тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының басшысы Мұхамбетқали Кипиевтің айтуынша, Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласынан кейін Қазақстанның киелі жерлер географиясының картасына 7 нысан енген. Сондай-ақ жергілікті маңызы бар нысандар тізімінде 20 нысан бар. Апта басында «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы сол нысандардың бүгінгі жай-күйімен танысты.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021

Алыстан келген ағайын

Қазақ «Елге ел қосылса – құт» дей­ді. Тағдырдың жазуымен әлемнің әр бұрышына тарыдай шашырап кет­кен алыстағы ағайынның тарихи Отанына оралғанынан артық қуаныш бар ма?

Қоғам • 14 Қыркүйек, 2021

Еңбекқор адамның еңсесі тік болады

Мұнайлы өңірдегі мерейлі әулеттің қатарын­да Кенжешовтер отбасы да бар. Исатай ауданының Исатай ауылында мәуелі бәйте­рек­тей жапырақ жайған бұл отбасының бас­тауында құрметті теміржолшы Құрманбек тұр. Жиырма жасында басталған еңбек өтілі­нің 44 жылын темір жол саласына арнаған.

Спорт • 10 Қыркүйек, 2021

Күміс жүлдегерлерге – пәтер мен көлік

Атырау облысынан Токиода өткен Паралимпиадаға алты дзюдошы, бір таэквондошы мен бір жүзуші қатысты. Оның үшеуі – парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.