Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
979 материал табылды

Абай • 14 Тамыз, 2023

Мереке айрықша атап өтілді

Өскеменде таң бозынан кітапхана аула­ларында хакімнің өлеңіне жазылған әуезді әндер орындалып, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ал этноауылдағы дәулетті қазақ үйінде негізгі іс-шара өтті.

Қоғам • 10 Тамыз, 2023

Маса маза бермей тұр

Әнеубір жылдары Өскеменнің іргесіне Боран ауылынан қопарыла қоныс аударған тұрғындармен тілдескенбіз. Сондағы «неге көшіп келдіңіздер?» деген сұрағымызға мүдірместен «масадан қаштық» демесі бар ма? Ауылдың мазасын қашырған ол не деген маса деп, Күршім ауданындағы Боран ауылына бір емес, екі рет бардық.

Табиғат • 09 Тамыз, 2023

Алтайды аралаймын десеңіз...

Жаз шықса болды, Алтайдың асқарына, ну орман, өзен-көліне көп­шіліктің аңсары ауады да тұра­ды. Олай деп отырғаным, алыс-жақыннан жыл сайын ат ары­тып келіп жатқан турист көп. Жуықта ғана туристер үшін Катон­қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңартылған «Орман жолдары» туристік маршруты ашылды.

Аймақтар • 01 Тамыз, 2023

Жөндеу жұмыстарымен танысты

Әне-міне дегенше күз, іле-шала қыс келеді. Ал былтырғы қыстан сан рет сынып, қылаяғы өрт шыққан Риддер жылу-электр стансасы биыл толық жөнделе ме? Жуырда «Amanat» партиясының партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Майра Айсина жұмыс сапармен Батыс Алтайға барып, қазандықтағы жөндеу жұмыстарын көріп қайтты.

Мәдениет • 01 Тамыз, 2023

Алаш арысына құрмет

Әлихан Бөкейханның портреті бес қабатты үйдің қабырғасынан менмұндалағанда, Өскеменнің өңі өзгеріп салғандай болды. Әрі-бері өткендер «анау Әлихан ғой» десті мақтанышпен. Облыс орталығындағы үйлердің қасбетіне айналдырған жарты айдың ішінде осындай муралдың бесеуі салынған.

Ең қысқа әңгіме • 27 Шілде, 2023

Кенеп бетіндегі Төр Алтай

Соңғы демі үзілгенше қарт Алтайын қара сөзбен жырлап өткен Оралхан Бөкейдің туғанына биыл ­­80 жыл. Осынау мерейлі датаға орай жазушының туған жерінде республикалық пленэр өтті. Қазақстан­ның қылқалам шеберлері Алтай аясында тізе қосып, этюд жазды. Тойға шашу деп, өздерімен бір-бір картина да ала келген.

Аймақтар • 26 Шілде, 2023

Сарыбел сарқырамасы

Құмды жағаны жайлаған Сарыбел ауылының бүйір тұсындағы ғажайып сарқыраманы былайғы елді қойып, жергілікті жұрт та біле бермейді екен. Білмесе білмейтіндей, көзге көрінбейді. Сызылып аққан бұлақ қазаншұңқырға қарай құлап жатыр. Сарқырауы да талып естіледі. Бірақ ғажап көрініс.

Университет • 20 Шілде, 2023

Озық университеттер қатарында

Өткен оқу жылы Д.Серік­баев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық уни­верситеті үшін жетістікке толы болды. Бірін­шіден, алғаш рет Ұлы­британияның QS агенттігі рейтингіне еніп, лайықты нәтиже көрсетті. Бұл туралы баспасөз конференциясында оқу орын ректоры Сәуле Рахметуллина айтып берді.

Өнер • 10 Шілде, 2023

Өскемендегі балалар көрмесі

Есілдің жағасынан бой көтерген еңселі елордамыздың 25 жылдығына орай Өскемендегі облыстық Пушкин атындағы кітапханада «Астанаңды бейнеле» атты балалар көрмесі өтті.

Аймақтар • 06 Шілде, 2023

Өскеменде колледж оқушысын соққыға жыққан қыздар сотталды

Өскемендегі ADK сауда үйінде колледж оқушысын аяусыз соққыға жыққан қыздарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.