Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ
Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1014 материал табылды

Халық • 21 Ақпан, 2023

Қарттар үйінің қамқорлығы

Түн ұйқысын төрт бөліп, әлди айтқан анасын, я болмаса, асқар тау әкесін қарттар үйіне қалай ғана қияды деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, тас қабырғаға ата-анасын тасжүректіктен ғана емес, амалсыздан да өткізетіндер бар екен. Бұған жақында Самар ауылындағы қарттар үйіндегі қариялардың халін сұрай барғанда көз жеткіздік.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2023

Ауқымды жобадан үміткерлер

Өткен жұмада Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысына барып, онда кәсіпкерлермен, қауымдастықтармен, өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ облыс аудандарында фермалар мен шаруа қожалықтарын аралады, Ауқымды жоба (Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесі бойынша фермалар салу үшін жеңілдікпен қаржыландыру) пулына енгізу үшін үміткер жобалармен танысты.

Төтенше жағдай • 19 Ақпан, 2023

Су басу қаупі бар ауылдар

Өңірде көктемгі тасқынның алдын алу шаралары барынша қадағаланып, елді мекендерге белсенді мониторинг жүргізіліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде Глубокое ауданында су басу қаупі жоғары 15 ауыл анықталды.

Қоғам • 15 Ақпан, 2023

Қыстың қызығы – сырғанақ

Биылғы қыс ауыл-ауылды ақ көрпеге орады. Ал анау әудем жердегі төбешік басында балалар асыр сала ойнап, сырғанақ теуіп жүр. Беттері алаулаған олардың ойын қызығына кіргені соншалық, ауа райының қытымыр мінезін де елер емес.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2023

Тау тұрпатты тұлпарлар

Тұлпар дүбірі естілсе, елең ететін ел болғанымызбен, түрікменнің ақалтекесі, ағылшынның сәйгүлігі секілді жылқы тұқымын асылдандырып жүрміз бе деген ой әркімді мазалар еді.

Театр • 08 Ақпан, 2023

«Қара пима» көрерменге ой салды

«Қара пима» психологиялық драмасының шымылдығы жабыла бергенде көрермен орындарынан тұрып, ұзақ қол соқты. Шіркін дедім іштей, осы қойылымды ішкілікке салынған азаматтар келіп көрсе ғой. Түйсік болса, ес жиып, ел қатарына қосылар ма еді? Әйтпесе, ащы судың жетегінде отбасын ойран етіп жүргендер қаншама?

Аймақтар • 07 Ақпан, 2023

Қар үстіндегі қарсақ

Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тұңғыш рет қарсақ фототұзаққа түсті. Қарсақ болғанда да, аппақ. Жүндері үлпілдеп тұр. Белден асып келіп, бейнекамераның дәл алдына шоқиып отыра қалысқан. Бір қарасаң, қасқыр ма дерсің. Бірақ бұлар – түлкі туысына жататын жыртқыш.

Төтенше жағдай • 07 Ақпан, 2023

Қарғын судан қауіп бар

Арқаны кеңге салар уақыт емес. Әне-міне, көктем келе жатыр. Биыл шығысқа қар жылдағыдан анағұрлым қалың түскен. Тебіндегі түлік қораға қамалып, тұяқты аң күнгейге ауған. Ендігі мәселе – қарғын судың алдын алу, арналарды тазалап, каналдарды ашу. Әйтпесе, Шығыс Қазақстанның 71 елді мекенін су басу қаупі төніп тұр.

Кәсіпкер • 02 Ақпан, 2023

Әділдік іздеген кәсіпкер

«Басты міндет – іскер азаматтары­мыздың кәсіпкерлік рухына зиянын тигізетін жасанды кедергілер мен шектеулердің бәрін жою. Кәсіпкерлер бизнеске жүргізілетін себепсіз тексерулерді біржолата ұмытуы қажет. Олар тек салық органдарының алдында ғана есеп береді». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі. Алайда Өскеменде жеке кәсіпкер Ренат Жубаков кедергілер кесірінен кәсібін дөңгелете алмай отыр.

Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Қазандық инвестордың қамқорлығына өтті

Риддердің жылу электр орталығы апаттан кейін енді-енді іске қосылып, жүйелі жұмыс істей бастап еді, жуықта көмір беру трактісі өртеніп кетті. Ол туралы оқиға орнынан хабар бердік. Енді қайта қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Бүгін лекерлеп қойғанмен, ертеңгі күні не болады?