Аймақтар • 01 Қараша, 2022
Көпбалалы отбасылардың қоныс тойы
Қайта жаңғырған Республика күніне орай Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілттері табысталды. Қуанышты іс-шара облыстың үш ауданында өтті. Атап айтсақ, Глубокое, Тарбағатай және Ұлан аудандарының көпбалалы отбасыларға жаңа үйдің кілттері табысталды.
Өнер • 30 Қазан, 2022
Әуезов әлемі суретшілер көзімен...
Облыстық А.Пушкин атындағы кітапханада «Мұхтар Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен» атты сурет көрмесі ашылды. Жазушы шығармаларын оқырман қауымға насихаттау мақсатында өткен көрмеге қырыққа жуық кәсіби және әуесқой қылқалам шеберлері қатысты.
Спорт • 28 Қазан, 2022
Алтай ауданында «Заря Востока» газеті ұжымының ұйымдастыруымен жеңіл атлетикадан Бақытжан Имамбаевты еске алуға арналған дәстүрлі жарыс өтті.
Аймақтар • 27 Қазан, 2022
Биыл еліміздегі ең алғашқы Достық үйінің ашылғанына 30 жыл толды. Атаулы дата Республика күні мейрамымен қатар келді. Достық үйінде өткен салтанатты жиында қоғам бірлігін сақтауға үлес қосқан белсенді азаматтарға құрмет көрсетілді.
Білім • 27 Қазан, 2022
Берлин техникалық университетінің филиалы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Берлин техникалық университетінің филиалы ашылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асыру мақсатындағы министрліктің бұл бастамасын бүгінде ШҚТУ-дың профессор-оқытушылар құрамы қолдап отыр.
Сұхбат • 24 Қазан, 2022
Нұрлан Кенжеахметұлы: Қазақ – Ұлы даланың иесі мен киесі
Өскеменнің ежелгі атауы – Кеңгір Тұраны көне картадан тапқан ғалым Нұрлан Кенжеахмет бір ай бойы Өскемендегі С. Аманжолов атындағы университетте студенттерге дәріс оқыды. Сонау Америкадағы Гарвард университетінде қызмет етіп жүрген ғалымның Өскемендегі әр минуты санаулы еді. Соған қарамастан, алтындай уақытын бөліп, мектеп оқушыларымен, қоғам белсенділерімен, қала тұрғындарымен кездесулер өткізіп тұрды. Сәтін салып, біз де әңгімелестік.
Аймақтар • 21 Қазан, 2022
Бозжігітовтер әулеті биылғы «Мерейлі отбасы» байқауында Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаз атанды. Үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған Қамила әже – он бес құрсақ көтерген батыр ана.
Аймақтар • 20 Қазан, 2022
Жиырма жылға жуық түу түкпірдегі Тарбағатай жайлауында Алтайдың тұмса табиғатын қызғыштай қорып отырған Тайке Қабдырашұлы мен Татьяна Жанұзаққызының өмірлері кітапқа жүк...
Қоғам • 17 Қазан, 2022
Облыстың бірқатар аудандары көк түтінге тағы оранды. 9 қазан күні ұйытқи соққан желде тұтанған өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Керісінше жалаңдаған жалын өрши түсті. Бүгінге дейін өрт қаупі сақталып отыр. Оған себеп – жауын-шашынның жоқтығы.
Руханият • 17 Қазан, 2022
Бетін балдыр басқан көлдің өр жағындағы жақпар тасты шыңнан нәп-нәзік қыз мүсіні етекке көз тастайды. Қараңыз, мүсінші кейіпкердің жан дүниесіне үңіліп барып соққаны сезіледі. Шемонаиханың шет жағындағы бұл биікті халық «Марьин утес» атап кеткелі қашан?! Қазақшаласақ, «Мария жартасы». Мұңға батып, тас мүсін болып тұрған ол қыз кім дейсіз ғой...