Коронавирус • 18 Қараша, 2021
Жасөспірімдерге екпе егу басталды
Кешелі-бүгін облыстың емханаларында короновирус инфекциясына қарсы екпе алғызуға кезекке тұрған жасөспірімдер көп. Осы уақыт ішінде індетпен күресудің бірден бір жолы – вакцина екеніне елдің көзі әбден жеткен сияқты.
Театр • 17 Қараша, 2021
«Көлеңке» – қазіргі қоғам көрінісі
Облыстық қазақ драма театрында Рақымжан Отарбайдың «Көлеңке» эксперименттік қойылымының тұсауы кесілді. Дос Құбаштың режиссерлігімен сахналанған бұл драманы дүниеге құныққан, нашақорлыққа бой алдырған, жат діни ағымның арбауында жүрген азаматтар көрсе ғой дейміз. Сабақ болар ма еді?!
Аймақтар • 17 Қараша, 2021
«Болат қайнауда шынығады, ер майданда шынығады» дейді. Майданнан сақтасын! Бүгінгінің жастары, жасөспірімдері спорттық сайыстарда шынығып жүр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскеменде онлайн форматта «Айбын-2021» облыстық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
Тәуелсіздік • 15 Қараша, 2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Тұңғыш республикалық пікірсайыс басталды
ҚР Білім және ғылым Министрінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында 13 қарашада ШҚТУ-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған алғашқы республикалық пікірсайыс марафоны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2021
«Жасыл» аймаққа да жайлануға болмайды
Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа енгенімен, жайбарақат жүруге еш негіз жоқ. Өткен тәулікте ғана 77 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Аз емес. Қамысқа түскен шоқтай тұтанып кетуі әп-сәтте. Оған көзіміз әбден жеткен.
Аймақтар • 11 Қараша, 2021
Өскеменде аулаларды абаттандыру жалғасуда
Соңғы жылдары Өскеменде көлік нөпірінің көбеюіне қарай жолдарды кеңейту, оң жаққа қосымша бұрылыстар жасау сынды жұмыстар қолға алынған. Сондай-ақ үш жыл қатарынан бірқатар аулалар абаттандырылып, автотұрақтар да кеңейтілді. Тек 2021 жылы ғана 27 аула жаңартылса, үш жыл ішінде 92 аула аумағы абаттандырылған екен.
Аймақтар • 10 Қараша, 2021
«Бір қабатты Шығыстың» шарапатын көріп отыр
Облыста 2020 жылдан бастап «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы қолға алынып, әр ауданда тұрғын үйлер бой көтере бастаған. Әлеуметтік тиімді жоба аясында бірқатар отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенеліп жатыр. Былтыр облыс көлемінде 520 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 560 мың шаршы метр үй салынып бітуге тиіс.
Экология • 09 Қараша, 2021
Кезекті рейд. Табиғатты қызғыштай қорып жүрген инспекторлар тікұшақпен Марқакөлді маңдайға алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі жыл бұрын Марқакөлдегі браконьерлікті ауыздықтап, уылдырығы бағалы майқан (ускуч) балығын қатаң қорғауды тапсырған. Содан бері рейдтік жұмыстар күшейтіліп, браконьерлік сап тыйылды. Қазір балығы көл бетінде тайдай тулайды. Десе де, бақылау босаңсыған емес.
Коронавирус • 09 Қараша, 2021
Балалар мен жасөспірімдерге де вакцина салынады
Етіміз үйреніп кеткендіктен бе, коронавирус инфекциясына назар аударуды қойдық. Санитарлық талаптарды сақтауды да ұмыттық. Алайда індеттің беті қайтқан емес. Облыс бірде «қызыл», бірде «сары аймаққа» енеді. Соңғы тәулікте індет жұқтырған 64 адам тіркелген.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Оқушылар қашанғы балабақшада оқиды?
Қабырғасы қаусап тұрған балабақшаның ғимаратында қазақ балаларының білім алып келе жатқанына жиырма жылдан асты. Сыныптары қараңғы, суық. Орта мектептің ғимараты санитарлық талаптарына мүлдем сай емес.