![Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ](/media/2022/09/08/aprvap.jpg?width=300&height=300)
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Полицейлерге жалған хабар таратқан ер адам қамалды
Жылдың басында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қоңырау шалып, танысы Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатылғанын хабарлаған.
Коронавирус • 06 Сәуір, 2021
8 мыңнан астам адамға екпе егілді
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының алдын алуға арналған шаралар атқарылып жатыр. 1 сәуір күні өңірде Covid-19 індетіне қарсы вакцинаны 8 653 адам алды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Қарғын судың қаупі сейілген жоқ
Судың тілсіз жау екеніне шығысқазақстандықтардың көзі әбден жеткен. Сонау жылдары өзенді қойып, жылт еткен бұлағы жоқ елді мекендерді де топан су басқан. 2019 жылдың көктемі ше, әкімдердің аяғынан резеңке етік түспеп еді ғой. Алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, солай болады да. Өткеннен сабақ алған билік екі жыл қатарынан көктемгі тасқынды болдырмау үшін жан-жақты шараларды қолға алған.
Медицина • 02 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда жоғары оқу орнының қызметкерлері екпе салдырып жатыр
30 наурыздан бастап Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушылары мен қызметкерлері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыста тұңғыш рет карикатура, шарж көрмесі өтті
Мұндай көрме бұрын-соңды Шығыста болмаған. Бүгін 1 сәуір – күлкі күніне орай Өскемендегі А. Пушкин атындағы кітапханада «Езу тартар» атты шарж, карикатура көрмесі өтті.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанға санитарлық бекеттер қойылды
Шығыс Қазақстан облысымен шектесіп жатқан өзге өңірлер қызыл аймаққа енгендіктен,тұрғындардың денсаулықтарын сақтау үшін облыс шекараларына санитарлық бекеттер қойылды. Бірақ әзірше жеңілдетілген шектеу шаралары сақталып отыр.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының таралуы сәл саябырсығанымен, 30 наурыз күні 22 науқас тіркелді. Оның басым бөлігі Семей қаласынан анықталған. Жағдайдың ушығып кетпеуі үшін облыста әлі де бірқатар шектеу шарасы сақталып отыр. Бірақ мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2021
Жуырда Алтай тау сілемдеріне орнатылған фототұзақтың объективіне қар барысы ілінді. Сұлу жануар Катонқарағай ауданында суретке тұңғыш рет 2014 жылдың қаңтарында түскен-ді. Одан кейін де бірнеше рет ілбіс Алтайдың асқарына орнатылған фототұзақтың алдынан өткен.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2021
Еліміздің көршілес Қытай және Ресей мемлекеттерімен шектесіп жатқан шығыс өңіріндегі шекараның ұзындығы 2 мың шақырымнан асады.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2021
Жылудың жыры жылда жалғаса бере ме?
Біздің жақта сәуірсіз тоң жібіп, жер бусана қоймайды. Күнтізбеде ғана көктем. Сол ғой, «сәуір болмай тәуір болмайды» дейтіні елдің.