Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
609 материал табылды

Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Аntikor онлайн режімінде азаматтарға құқықтық көмек пен заңгерлік кеңес көрсетуде

Елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өзінің «Adal kómek» жобасы арқылы онлайн форматта заңгерлік көмек көрсетуде.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Үкімет республикадағы мүгедектерге арналған жалғыз арнаулы колледжге қолдау көрсетпек

«Ақ жол» партиясының депутаттық сауалынан кейін Үкімет республикадағы мүгедектерге арналған жалғыз арнаулы колледжге қолдау көрсетеді. Естеріңізде болса, «Ақ жол» фракциясы Түркістан облысының Кентау қаласындағы аталған колледждің жағдайына назар аударуды сұраған болатын.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Қамқор көршілердің арқасында өрт кезінде қайғылы жағдай орын алған жоқ

Алтай ауданына қарасты Бородино елді мекенінде жеке үйлердің бірі 29 наурызда түнгі сағат 23.36-да өртеніп жатқанын көршілері байқап, өрт сөндірушілерді шақырады. Моншаның пешін жаққанда көмірдің толықтай жанып біткеніне көз жеткізбестен, үй иелері шырт ұйқыға кетіпті. Моншадан шыққан өрт бір шатырдың астында жапсарлас салынған тұрғын үйге ұласқан. Үйде қарт адамдар болғандығы анықталды. Ер адам жалындап жатқан үйден өздігінен тесік арқылы шығып үлгерді. Жалынның күші уақыт өткен сайын үдеп, жан-жаққа тарап кеткендіктен, көршілері көмекке келіп, әйелді өрттің өтінен терезе арқылы алып шығады.

Қоғам • 01 Сәуір, 2020

Шекарашылар бекіре балығын заңсыз аулағандарды құрықтады

Шекара қызметі 2018 әскери бөлімінің шекарашылары өздеріне жүктелген міндеттерді әрдайым үлкен жауапкершілікпен және қырағылықпен атқарып келеді. Соның дәлелі ретінде 2020 жылғы 28 наурызда сағат 22.00 шамасында шекара наряды бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз алып келе жатқан Қазақстан  Республикасының 2 азаматын ұстады.

Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Қорғаныс министрлігі Әскери медицина мамандарын көмекке жібереді

Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштердің төтенше кеңесі өтті.

Парламент • 01 Сәуір, 2020

Еңбек ету үшін көшіп-қонушылар туралы заң жобасын ратификациялау мәселесін қарады

Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының азаматтары және Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының еңбек қызметі және еңбек мигранттарының құқығын қорғау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын әскери қызметшілер блок-бекеттерде қолданатын болды. Бұл шара төтенше жағдайды бақылау үшін қажет.

Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

Қазақстанның тоғыз қалаласында биологиялық қорғаныс бөлімшелері дезинфекциялау жұмыстарын өткізуде

Төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда мен Тараз қалаларында орналасқан құрылыс нысандары мен оларға қарасты аумақтардың Қарулы Күштері биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің әскери қызметшілері арнайы залалсыздандыру жұмысын атқаруда.

Әлем • 30 Наурыз, 2020

Алғашқы тарихи виртуалды сот отырысы

Англияның Жоғарғы сотының 900 жылдық тарихында алғаш рет сот тыңдаулары онлайн трансляция арқылы бейнеконференция жүйесінің көмегімен өтіп жатыр. Бұдан бұрын онлайн трансляция қоғам үшін ерекше маңызды істер болғанда ғана қолданылған. Сонымен қатар, бұл істер сот залында орын алып, процестің тек видеотрансляциясы қамтамасыз етілген.

Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Тәжікстаннан қазақстандықтар елге жеткізілді

28 наурызда Тәжікстаннан қазақстандық 26 адам елімізге оралды. Қазақстан азаматтары бар ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды. Сонымен қатар, бұл ретте Шымкент қаласынан С-295 әскери-көлік ұшағымен Тәжікстанға сол елдің 20 азаматы шығарылды.