Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
624 материал табылды

Парламент • 22 Сәуір, 2020

Сенатор Серік Бектұрғанов өңірлердегі дәрігерлердің шағымына назар аударды

Төтенше жағдай кезінде, әсіресе, алғы шепте жұмыс істеп жүрген азаматтарға қолдау білдіру ауадай қажет. Дегенмен, осындай қарбалас жағдайында медицина саласының қызметкерлері тиісті дәрігерлік құралдар мен төлемақының болмай отырғаны туралы шағым айтқан текетірестер жиі орын алуда. Сенат депутаттары аталған оқиғаны бақылауда ұстап, оның шешілу жолдарын қарастырып отыр. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 22 Сәуір, 2020

Сенатта бейбіт жиналыстар туралы заң жобалары талқылануда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобаларын талқылау жұмыстары басталды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 20 Сәуір, 2020

«Adaldyq alańy» қызметінің 2020 жылдың I тоқсанындағы қорытындысы шығарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Adaldyq alańy» жобасының 2020 жылғы І тоқсандағы қызметінің қорытындысын министрліктердің жауапты хатшылары, Агенттіктің аумақтық департаменттері басшылары, жоба жетекшілері – облыстар мен қалалар әкімдері орынбасарларының, ел өңірлеріндегі және орталық мемлекеттік органдардағы «Adaldyq alańy» басшыларының қатысуымен онлайн форматта шығарды.

Экономика • 20 Сәуір, 2020

Қазақстандық өндірушілерді қолдаудың айқын көрінісі

Энергетика саласында пайдалануға бағытталған өнім шығарушы қазақстандық кәсіпорындар күрделі өндірістік жобаларды барған сайын батыл игеріп келеді. Отандық компаниялардың технологиялық дамуы мен қосылған құны жоғарырақ өнім шығаруына былайша айтқанда off-take (оффтейк) шарттар механизмі оң ықпал етуде. 2019-2020 жылдар аралығындағы кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының тобы бойынша жалпы сомасы 536 млн теңгеден асатын 8 оффтейк-шарт жасалды.

Қоғам • 20 Сәуір, 2020

Қызметтік ит жоғалған азаматты табуға көмектесті

Ұлттық ұланның әскери жасағы патрульдеу бағытында жүргенде Жедел басқару орталығы кезекшісінен 1949 жылғы азаматтың үйден белгісіз жаққа қарай шығып, қайта келмегені туралы ақпарат алады.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Әскерилер Ақтау қаласында дезинфекция қалай жүргізіліп жатқанын көрсетті

Бүкіл әлемде және Қазақстанда да қалыптасқан жағдайға байланысты Маңғыстау облысында еліміздің басқа өңірлерінен кейін карантин жарияланды. Қауіпті вирустың таралуымен күресудің негізгі құраушысы дезинфекция болып табылады. Сондықтан қазір әскери қызметшілердің күші дезинфекция  жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталған.

Саясат • 20 Сәуір, 2020

Тиімді жоба өз нәтижесін көрсетуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қылмыстық істі электронды форматта жүргізуге ерекше назар аударады.

Саясат • 17 Сәуір, 2020

Бес миллион бетперде таратады

Jas Otan жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімдіктерімен бірлесе отырып, тұрғындарға бетперде тарату жұмыстарын бастайтындарын мәлімдеді.

Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Әскери бөлімшелерде ауқымды жұмыс атқарылуда

Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін санитарлық-гигиеналық және алдын-алу шаралары барлық деңгейде іске асырылады.

Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Азаматтық қоғамның әлеуетін ескерудің бір көрінісі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және халық арасында тұтастық мәдениетін қалыптастыруға азаматтық қоғам өкілдерін белсенді түрде қатыстыруда.