Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
624 материал табылды

10 Шілде, 2018

«Қарты бар ел – қазыналы ел»

Осыдан 4 жыл бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде 2030 жылға қарай егде жастағы адамдардың үлесі (2014 жылы – 6,9 пайыз) 11,2 пайызға жетеді деп болжам жасаған болатын. Алайда, бүгінгі жағдай жоғарыдағы көрсетілген жорамалды теріске шығарғандай. Өйткені Қазақстанда қазірдің өзінде жасы 60-тан асқан тұрғындар саны 12 пайызға көбейіп, өмір сүрудің орташа ұзақтығы 72 жасты көрсетіп отыр.

22 Маусым, 2018

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

25 Мамыр, 2018

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

09 Сәуір, 2018

Бейбітшіліктің тірегі – толеранттылық

Әлемде, өз айналамызда адами қатынастарға жат көріністерге, бірін-бірі орынсыз кемсіткен, жөнсіз айыптаған жандардың іс-әрекеттеріне куә болғанда француз жазушысы Антуана де Сент-Экзюперидің: «Егер сен мен сияқты болмасаң, сол үшін сені кемсітпеймін, қайта құрметтеймін» деген сөзінің ішкі мәнінен өзгенің наным-сеніміне, ұстанымына, әртекті келетінін жаратылыстардың болмысына түсіністікпен қараудың маңыздылығын ұққандай боласың.

28 Наурыз, 2018

Елішілік игі істер әлемдік беделді арттырады

Қазіргі таңда Қазақстан өзінің сыртқы саясаттағы сауатты да салиқалы бастамала­рымен ғана емес, ішкі тіршілігіне қатыс­ты қолға алынған ауқымды шараларымен де әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін өсіріп отыр. 

Қазақстан • 19 Наурыз, 2018

Алтын көрсе, жолдан таймас азаматтар баршылық

Қоғамды ізгілендіру – ауқымы кең ұғым. Оның ішкі өзегіне терең үңілер болсаңыз, елдің бірлігіне, қоғамның түрлі дерттерден арылуына тікелей әсер ететін адамгершілік қағидаттарының, имандылық үрдістерінің, жекелеген тұлғалардың сыйластыққа құрылған өзара байланыстарының мән-маңызын анық аңғарасыз.

07 Желтоқсан, 2017

Қазақстанның жаһандық жауапкершілігі арта түсті

Жақында Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШҰ) қол қойылғанына 25 жыл, ал осы келісім негізінде оның ұйым ретінде құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты мерейтойлық сессия өтті. ҰҚШҰ-ның бас органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің осы алқалы жиынында еліміздің аталған аймақтық ұйымға келер жылы төрағалық ететі­ні белгілі болды.

24 Қазан, 2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

04 Тамыз, 2017

Ағарған сатар ағайын, адалдықтан аттама!

Бүгінгінің қазағы сабада сары қымыз сарқылған кезеңді артқа тас­тап, бабалар жолынан жаңылмай, осы бір ұлттық дәмімізді молынан тұ­ты­нуда. Соның нәтижесінде ұлт­тық брендтеріміздің бірі – қымыз­дың саудасы шағын және орта кә­сіпкерліктің өміршең саласы ре­тінде дамып, экономикамыздың өр­кен­деуіне өзіндік азды-көпті үлесін қо­сып отыр. Бұл үрдіс өз кезегінде ха­лық денсаулығының жақсаруына оң ықпалын тигізетінін де қаперге ал­ғанымыз жөн.

25 Шілде, 2017

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...