Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
177 материал табылды

Несие • 27 Желтоқсан, 2023

Арзан автонесие үмітті ақтамады

2015 жылдан бері жеңіл­детілген автонесие бағ­дар­ламасы жұмыс істеді. Арагідік тежеліп қалған кезі бар, дегенмен кейін қайта жалғасқан. Бірақ кейінгі жылдары бұл бағ­дар­лама көпті жарылқай алмады.

Қаржы • 25 Желтоқсан, 2023

Республикалық бюджет: шығын көп, табыс аз

2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде республикалық бюджеттің табысы 12,9 трлн теңге болды, бұл былтырғыдан 9,7 пайызға көп. Ал шығын 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 22,5 пайызға көбейіп, 15,3 трлн теңгеге жетіпті.

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023

Үлескердің заңды мүддесін кім қорғайды?

Жылына бірнеше рет отандық телеарна жаңалықтарынан газет ақпараттарынан алданған үлескерлер туралы кемі оншақты рет тыңдаймыз, оқимыз. Биыл елімізде 13,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынса, соның 12,2 млн шаршы метрін жекеменшік тұрғын үй компаниялары салыпты. Соның ішінде 5,4 млн шаршы метрі халық қаражатына салынған. Яғни үлестік құрылыс нысандары деген сөз.

Өндіріс • 25 Желтоқсан, 2023

Экономиканы өрге сүйреген өнеркәсіп

Экономиканың қозғаушы күші – өнеркәсіп. Бірақ бұл бұлжымас ақиқатты өмірде іске асыру қиынның қиыны. Біздің ел әу бас­тан шикізаттық сатылымға арқа сүйейтін ел, десе де әр жылдары әртүрлі бағдарлама аясында өнеркәсіпті дамытуға күш салып келеді. Бірі – нәтижелі, бірі – нәтижесіз. 2023 жылы да бұл салада аз жұмыс атқарылған жоқ. Жалпы сомасы 376,3 млрд теңгеге 91 өнеркәсіп нысанының іске қосылуының өзі – тәуір көрсеткіш.

Экономика • 20 Желтоқсан, 2023

2023 жыл: Ел экономикасының өсімі

2022 жылы болған геосаяси тәуекелдерден кейін Қазақстан 2023 жылға дайын болды. Сондықтан болар осы жыл ел экономикасы үшін сәтті өрбіді. Ең бастысы, баға өсімі тежелді. Бұл ретте Ұлттық банктің де, Үкіметтің де еңбегін атап өту маңызды. Биыл қаңтар-қараша аралығында экономикалық өсім қарқыны 4,9 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,7 пайызды құрағанын ескерсек, биылғы өсім – үлкен жетістік.

Қаржы • 20 Желтоқсан, 2023

Заңсыз шығарылған активтер: 1 трлн теңге мемлекет қазынасына қайтарылды

Биылдан бастап заңсыз шығарылған активтерді қайтару бел­сенді жүргізіліп жатыр. Мемлекет басшысы бұл іске ерекше маңыз беріп, арнайы заңға да қол қойды. Бас про­кура­тураның жанынан комитет те құрылды. Қазіргі уақытта қазы­наға қайтарылған қаржы көлемі 945 млрд теңгеден асады. Активі 13 млн айлық есептік көрсеткіштен асатын немесе 44 млрд 850 млн теңгеден аса заңсыз қаржы жиғандар заң қы­ры­на ілігеді.

Экономика • 16 Желтоқсан, 2023

Қазынаның көзі – «қара алтын»

Мұнай саласы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде еркін өмір сүріп, әлемдік кеңістіктегі орнын айқындауына үлес қосты. Қара алтын өндірісінің арқасында қазынаға мол қаржы түсті, соның нәтижесінде Ұлттық қор құрып, келер ұрпақтың меншігіне арнап актив жия бастадық. Жеріміздің астына жасырынған қазба байлық халықтың әл-ауқаты мен бақуатты тұрмысына тікелей себепші. Егемендікті жариялаған әдепкі жылдарда шамамен 26 млн тонна мұнай қазып алсақ, бұл көрсеткіш жаңа ғасырдың басында 30 млн-ға жетіп, арада он жыл өтер-өтпесте екі есе өсіп шыға келді. Қазір Қазақстан жылына 80-90 млн мұнай өндіруге қабілетті. Оның 80 пайызы экспортталады.

Қаржы • 12 Желтоқсан, 2023

Корпоративтік басқару игілігін қашан көреміз?

Астанада қаржыгерлер жиналып, корпоративті басқару және осы бағытта туын­дайтын қиындықтар мен тәуекелдерді талқыға салды. Қатысушылар әр алуан пікір айтты, соның ішінде көбінің бір арнада тоғысқан көзқарасы – салаға жаңа стандарттарды енгізу жайы. Онсыз алға жылжу, бизнесті өркен­дету, өсімді арттыру күн санап қиындай бермек. Әрине, халықаралық тәжіри­бені дер кезінде ескеріп, жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп отыру да маңызды.

Экономика • 11 Желтоқсан, 2023

«Самұрық-Қазына» жобалары тиімді жүзеге асып келеді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қоғамдық кеңесі инвестициялық жобалардың мониторингін талқылады. Жиында инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі туралы сөз болып, Қордың мониторингке қатысты тәсілдері қаралды. Бүгінде Қордың тұрақты мониторингіне жататын ірі инвестициялық жобалар портфелінде мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалардағы 42 жоба бар. Олардың жалпы құны шамамен 24 трлн теңгеге бағаланып отыр.

Сараптама • 11 Желтоқсан, 2023

«АрселорМиттал Теміртау»: Қайғылы күндер артта қалды ма?

Бейбіт заманда жүздеген кеншінің қаза табуына себепкер болған «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны ақыры еліміздің меншігіне өтіп, жаңа инвестордың иелігіне тапсырылды. Кен шахталарын мәйітханаға айналдырған компаниямен келісімшарт үзілді. Сөйте тұра, «ArcelorMittal» компаниясы Қазақстан үкіметінен 3,5 млрд доллар сұраған. Бірақ келіссөзді аса байыпты жүргізген министрлер кабинеті мәмілені 286 млн доллармен жапты. Жылдар бойы кеткен есемізді тым құрыса осылай қайтарып, көңілімізді демдейік. Кәсіпорынның арғы-бергі тарихы қандай еді, ендігі тірлігі қайтіп өрілмек, жаңа инвестор кім, мәміле экономистердің көңілінен шықты ма? Сан сауалға жауап табуға тырысып көрейік.