Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
937 материал табылды

Экономика • 30 Сәуір, 2021

Клинингтік қызмет – табысты бизнес

Қазір бизнестің сан алуан түрі бар. Қажеттіліктердің көбеюіне қарай қоғамда түрлі сұраныс пайда бола бастайды. Соны тамыршыдай тап басып, ұсынысын заң мен бизнес қағидаларына бейімдегендер бір-бір бизнес иесі болып шыға келмек. Соңғы бірнеше жылда пайда болып, кеңінен таралып келе жатқан бизнес түрі – клинингтік қызмет.

Экономика • 26 Сәуір, 2021

ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі өсті

Қазақстаннан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тасымалданатын тауар көлемі 9 пайызға өскен. Импорт 2 пайызға қысқарған. 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымының құны 3 млрд долларды құрапты. Бұл 2020 жылдың тап осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға жоғары.

Технология • 26 Сәуір, 2021

Органикалық өнімдер маркетплейсі

Қазақстанда жақын арада органикалық және табиғи өнімдерді жеткізіп берумен айналысатын GREEN BEE стартапы іске қосылмақ. Қазір экологиялық өнім өндірушілердің басын қосатын стартап мобильді қосымшасының соңғы шаруалары пысықталуда.

Оқиға • 26 Сәуір, 2021

Азаматтар «Авто кезекке» тұра алады

Автокөлік алғысы келген қазақстандықтар көңілі қалаған банк немесе көлік салонына барып, кезекке тұра алады. Алай­да қызметтердің барлығы жаппай онлайнға көшіп жатқан уақыт­та банк бөлімшесіне барып жүрудің өзі уақыт алады. Әрі COVID-19 пандемиясының қайта асқына бастауы да адамдар көп шоғыр­ланған жерлерден аулақ жүруді талап етеді. Осыған орай елімізде «авто кезек» онлайн қызметі іске қосылды.

Қаржы • 22 Сәуір, 2021

Арыздың көбі банк секторына тиесілі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл I тоқсанда жеке және заңды тұлғалар­дың қаржы ұйымдарының, микро­қаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым­дардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметімен байланыс­ты 5102 өті­нішті қарастырған. Келіп түс­кен өтініштердің 67 пайызы банк секторына тиесілі екен.

Қоғам • 21 Сәуір, 2021

Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің несие деректерін алмасуға келіскені белгілі. Аталған шарт бойынша ЕАЭО азаматтары кез келген елден (одақтағы) барып несие рәсімдей алады. Өзара келісілген бұл уағда әлі толыққанды күшіне енген жоқ. Бірақ аталған келісімге жеткізбей-ақ қазақстандықтар Ресей банктерінен несие алуға ықылас таныта бастаған сияқты.

Саясат • 21 Сәуір, 2021

Жеке куәліктің қажеті болмайды

Қазір елімізде цифрлы даму мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Жаңашыл бағыт қаптаған қағаз құжаттар айналымын азайтып, кез келген саладағы қызметті тұтыну кезінде сапа­ны арттырып, уақытты үнемдеуге негізделген. Енді азамат­т­ардың нотариалдық келісім жасау кезінде жеке куәлікті қолданбай-ақ қоюына мүмкіндік беретін қызмет іске қосылмақ.

Технология • 20 Сәуір, 2021

Банктегі онлайн қызмет

Пандемия қызметтерді онлайн ұсынуға мәжбүр етті. Сөйтіп, нарықта тұтынушылар үшін күрес­тің жаңа кезеңі басталды. Тікелей қаржы өнімін ұсынатын банктер бұл бәйгеге жедел қосылып, өз функциясын заман ағымына жылдам ыңғайлауы тиіс еді. Бірақ отандық қаржы инсти­туттарының қимылы шабандау көрінеді. Әрине, көзге ілінетін кейбір ілгерілеуші факторлар да жоқ емес.

Экономика • 16 Сәуір, 2021

Банк активтері көбейді

Пандемия арқасына аяздай батпаған бір сала болса, ол – банк секторы. Жаңа деректер бойынша, қазақстандық банктердің активтері наурыз айында 32 трлн теңгеге жеткен. Әлеуетті қаржы институттары түгел дерлік өсім көрсеткен.

Қазақстан • 15 Сәуір, 2021

Бензин бағасы кетті шарықтап...

Ішкі нарықта бензин бағасы тағы да қымбаттай бастады. Жанар-жағармай құнының шарықтауы еліміздің барлық өңірінде байқалған. Қазақстан 2015 жылдан бері мұнай өнімдерінің бағасына қадағалау жүргізбейді. Ол нарық заңымен реттеліп отыруы тиіс. Баға шарықтауына әсер етіп отырған басты фактор не? Жыл соңына дейін бензин бағасының өсуі рекордтық межеге жете ме? Ендігі қадам қандай болмақ?