Қазақстан • 10 Наурыз, 2021
Елімізде сот шешімімен мыңнан астам ломбард жұмысын тоқтатады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2020 жылдың екінші жартысында 1,7 мың ломбардтың әрекетіне қатысты сотқа шағым түскен.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2021
2020 жылы болған ауыр қаржылық дағдарысқа қарамастан, отандық сақтандыру нарығы біршама өсім көрсетті. Нақтырақ айтқанда, 23,2 пайызға өсім байқалған. Азаматтар өз өмірін сақтандыруға көп мән бере бастапты.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2021
2020 жылы Қазақстан көлік сату және сатып алу бойынша өсімге ие болғандығы белгілі. Қызметкерлердің онлайн жұмысқа көшуі, интернет-сауданың артықшылыққа ие болуы да көлік сатылымына кедергі бола алған жоқ. Жылдың артық-кемін бағалау мақсатында Қазақстан автобизнес қауымдастығы ресми дилерлер арасында сауалдама жүргізген.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2021
Мемлекет қаржысына бизнес бастауға бола ма?
Елімізде бизнес бастауға ынталандыратын мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар бар екені белгілі. Адамдар осы жайлы естігенімен, шынайы іске келгенде күмәнданып та жатады. Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетовтің айтуынша, мемлекет грантын алып, жеке кәсіп бастауға мүмкіндік мол.
Қазақстан • 10 Наурыз, 2021
Чех нарығына өнім экспорттайды
Қазақстан жалпы құны 324,8 млн доллар болатын 45-тен астам өнім түрін экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының тең төрағаларының кездесуінде айтылды.
Экономика • 08 Наурыз, 2021
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Төс қалтасынан ақша суырып саудаласар адамдардың сиреп бара жатқанын байқап жүрміз. Бұл қоғам үшін жағымсыз да үрдіс емес. Өте оңтайлы. Электронды коммерцияның қарыштап дами түскенін түрлі зерттеулерден де аңғарамыз. Қазақстанның онлайн сауда-саттыққа бейімі қалай? 2021-де бізді қандай трендтер күтіп тұр? E-commerce-нің алға басуына нендей факторлар кедергі келтіреді?
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 140 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілген. Баспана құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6 пайызға өсіп, 2 трлн теңгені құрапты. Оның ішінде 9,6 мың бірлік арендалық, 18,4 мың бірлік кредиттік баспана салынған.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі бойынша 2020 жылдың қорытындысында 113 елдің ішінде 32-орынға жайғасқан. 2019 жылмен салыстырғанда өз жағдайын 16 сатыға жақсартқан.
Экономика • 05 Наурыз, 2021
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Әлемдік нарықта сұраныстың қайта қалпына келе бастауы мұнай өндірісін қайта арттыруға негіз болмақ. Бейнеконференция форматында өткен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер отырысында осы мәселе сөз болды.
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Еліміздегі қоғамдық тамақтандыру орындарының 40 пайызы әлі жұмыстарын бастамаған. Бұл шамамен 68 мың бизнес нысаны деген сөз. Оған караоке, банкет залдары, фуд-корттар да кіреді. Бұл туралы «Қоғамдық тамақтандыру саласының коронадағдарыстан шығуына және бизнесті сақтап қалуына не көмектеседі?» атты онлайн-конференцияда айтылды.