Думан АНАШ
Думан АНАШ«Egemen Qazaqstan»
679 материал табылды

Оқиға • 02 Шілде, 2020

Жиырма әлеуметтік жоба республикалық деңгейге шығады

Жиырма әлеуметтік жоба республикалық деңгейге шығады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен елордада өткен «Өзгерістің сәруарлары» әлеуметтік жобалар акселераторларының кәсіпкер-қатысушыларын марапаттау рәсімінде айтылды.

Қоғам • 30 Маусым, 2020

Ділгір мен білгір

Кеше ұялы телефонымызға әлдебір спорт ғимаратына кереуеттерді қаптатып қойып жатқан бейнетаспа келіп түсті. Зер салсақ, Covid-19-ға қарсы стационарлық аурухана дайындап жатқан көрінеді. Дұрыс шешім екен дестік. Бастапқыда бұл Өскемен қаласындағы О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі екен десті.

Руханият • 26 Маусым, 2020

Кейіп пен кейіс

Психиатрия ілімінде «анахорет» деген ұғым бар. Грек тілінен аударғанда «аулақ кету», қазақы танымға салсақ «ар­қасын беру» дегенді білдіреді. Әлбетте, психологиялық ауытқуға жақын саналатын бұл қалып көбіне табиғи қауымдасып тіршілік сүруден безініп, тұйықталуды, қоғамдық өмірден тыс, ешкіммен қаты­наспағанды қалайтын адамның еркіндегі таңдау болса керек. Әсіресе көңілінде зор күйзеліс болған, тіршіліктің таяғынан есеңгірете соққы алған адамға тән күй.

Қоғам • 24 Маусым, 2020

1406: хабарласушылар саны 2 есеге артты

1406 байланыс орталығына КВИ-ға тест тапсыру мәселесі бо­йынша хабарласушылар саны 2 есеге артты. Байланыс орта­лығына түсетін қоңыраулардың көпшілігі коронавирус бо­йынша ауруханаға орналастыру мәселелеріне қатысты. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабар­лады.

Әлем • 24 Маусым, 2020

Пандемия кезіндегі панасыздық (Әлемдегі балалардың жартысы зорлық-зомбылықтан зардап шегуде)

Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ Балалар қоры, ЮНЕСКО, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі жаһандық серіктестігі жаңа баяндаманы – 2020 жылғы Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жаһандық есепті жариялады.

Қоғам • 12 Маусым, 2020

Шекарадағы жүргізушілер ширығып тұр

Жалпы, Қырғыз Республикасы бір жылдан аса қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы мәселені қайта-қайта ушықтырып отыр. Осы уақытқа дейін Қазақстан көршілерді жүктердің жылжуының ашықтығын цифрлы технологияларды қолданып, жылжыған көлік құралдары бойынша деректерді алмасу, жүк көліктеріне электронды бітеме қолдану және басқа тәсілдер арқылы кешенді шешуге шақырғанымен сәтсіз болып тұр.

Технология • 09 Маусым, 2020

Invest Day: Стартаптар үшін тың мүмкіндік

Қазақстанда кезекті Invest Day шарасы өтеді. Бұл жолы дәстүрлі жиын онлайн режімде ұйымдастырылады. Басты мақсат – инвесторлар мен дарынды жас өнертапқыштарды тоғыстыру. Олар ерекше жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.

Қоғам • 09 Маусым, 2020

еGov.kz-ке 5 мыңнан астам жұмыс іздеуші тіркелген

5091 адам Электронды үкімет порталында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу бойынша электронды қызметті пайдаланды. Қызметті алу үшін порталдың басты бетінде «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту, одан әрі «Жұмыс іздеген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау және қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Кез келген ыңғайлы тәсіл­мен авторизациядан кейін (логин мен пароль, ЭЦҚ, SIM-картадағы ЭЦҚ, бір реттік пароль, Digital-ID, QR-код) өзі туралы ақпаратты толтыру және сұрауға ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

Технология • 09 Маусым, 2020

Жоғары технологиялық қызметтерді қаржыландыруда

2020 жылғы І тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға көп.

Технология • 09 Маусым, 2020

Ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырады

Қазақстанның авиациялық өнеркәсіпті дамыту және әуе кемелерін өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС заманауи авиациялық кәсіпорны 2016 жылы іске қосылған болатын.