Таным • 10 Тамыз, 2020
Майдан басылымындағы мерейтойлық мақала
Он жыл бұрын белгілі түрколог ғалым Алтай Аманжоловтың Алматы қаласының Сәтпаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан үйінде болып, әңгімелесудің сәті түскен еді. Ол – тіл ғылымының білгірі, көрнекті ғалым Сәрсен Аманжоловтың баласы. Әкелі-балалы ғалымдардың қазақ ғылымының құлашын кеңге сермеуіне қосқан үлесі зор.
Қоғам • 04 Тамыз, 2020
Болашаққа қажет мамандықтар қандай болмақ?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім саласын реформалаудың негізгі басымдықтарын атап өтіп, жоғары оқу орындарын кезең-кезеңімен салаландыруға, мамандықтарды толықтырып, білім сапасын арттыруға жағдай жасау жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қазір осы тараптағы негізгі бағдар айқын, бөлінетін қаржы көлемі белгілі. Бүгінде жоғары оқу орындарына құжат тапсырып жатқан жас буын өкілдері үшін маңызды дүние – келешекте кәдеге жарайтын мамандықтарды анықтап алу болмақ.
Экология • 04 Тамыз, 2020
Дұбығалы көліндегі демалушылар жағалауда күніне 1 тонна қоқыс қалдырады
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ел аумағының көрікті жерлеріндегі демалыс орындарында заңсыз қоқыс орындарын анықтау мен оны жою бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті мен экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары рекреациялық аймақтардағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау мен оны жою бойынша тексерулер жүргізіп, кезекті рейдті өңірдегі тамаша табиғат мүйістерінің бірі саналатын Дұбығалы көліне жүргізді.
Қоғам • 31 Шілде, 2020
2 млн-нан астам адам төлем алды
30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша биылғы шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды.
Қоғам • 31 Шілде, 2020
Жұмысшыларды қолдауға – жарты млрд теңге
«Қазақалтын» компаниясы мен оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері біржолғы материалдық көмек алады. Концерн басшылығы ұзақ уақытқа созылған COVID-19 пандемиясына байланысты штаттағы жұмысшыларға 100 мың теңгеден бөлу туралы шешім қабылдады.
Экономика • 31 Шілде, 2020
«Самұрық-Қазына» қоры жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді асыра орындады
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қаржылық көрсеткіштерді жоспардан асырып орындады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының қаржы және экономика жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділ баяндады.
Экономика • 31 Шілде, 2020
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің жұмысы ашық болуы тиіс
Бүгінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық кеңестер құрылып, бюджет туралы ақпарат ашық түрде жариялануда, қызмет алушыларға ғаламтор қолжетімді. Яғни қоғамға ашықтық мәселесі қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар стационарлық сипаттағы мекемелерде тұратын 18 мыңнан астам қызмет алушы СОVID-19-ға тест тапсырды. Стационарлық сипаттағы МӘМ жұмысын жақсарту және қызмет сапасын көтеру мәселелері алғаш рет онлайн түрде өткен Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерінің II форумында талқыланды.
Қоғам • 31 Шілде, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індеті іргеден сығалап тұрған карантиннің алғашқы айларында елімізде медицина ғылымын дамытуға назар аударып, бірқатар тапсырма жүктеді.
Оқиға • 29 Шілде, 2020
Талдыкөл табиғи саябаққа айналады
Елордадағы Талдыкөл маңын абаттандыру, көгалдандыру жөнінде осыған дейін де бірқатар жоба қарастырылған болатын. Оның ішінде Диснейленд орталығын құру сынды күллі астаналықтарды бейжай қалдырмаған ауқымды жобалар болды. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы аталған көлдің маңынан ашылуы жоспарланып отырған табиғи парктің сызбасын жариялады.
Таным • 29 Шілде, 2020
Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енеді
Гидробиология және экология институты мен Орта Азия экологиялық зерттеулер институты өкілдерінің қатысуымен Балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысында әйгілі Каспий итбалығын еліміздің Қызыл кітабына енгізу жөнінде келісім жасалды. Бұл шараны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастырды.