Думан АНАШ
Думан АНАШ«Egemen Qazaqstan»
679 материал табылды

Қоғам • 28 Шілде, 2020

Аралас мектептерден арылған абзал

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажеттігіне назар аударып, қадау-қадау тапсырмалар жүктеген бола­тын. Осы реформалауды әуелі аралас мектептерді біріздендіру, яғни мемле­кеттік немесе басқа тілде білім беретін білім ошақтарына айналдырудан бастау қажет сықылды. Өйткені еліміздің аралас тілді мектептеріндегі ана тіліміздің ахуалы аянышты күйде.

Қоғам • 27 Шілде, 2020

Педофилия (Азғындықтың жолын қалай кесуге болады?)

Бауыр етімізге балай­тын баланың бал дәуре­нін бұзып, өміріне ұмы­тылмас жара салатын қарау ниетті жандарға қоғам әу бастан қарсы. Елі­міздің әр өңірінде қай­таланып жататын осы бір айтуға ауыз бармайтын азғын­дық оқиғалардың үдеуі­не үнсіз қала алмау – азаматтық белсен­ді­ліктің артуының көр­і­нісі болса керек.

Қоғам • 23 Шілде, 2020

Суармалы жерлерді сумен қамти аламыз ба?

2030 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұры­лымын салу және қайта құ­ру есебінен 3 млн гектар суармалы жерді сумен қам­ту жоспарланып отыр. Эко­логия, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті тө­рағасы орынбасарының мін­детін атқарушы Марат Иман­әлиевтің айтуынша, ел Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәселеге айрықша назар аударуы оның әлеу­меттік маңызы мен еліміз үшін стратегиялық мәнін көрсетеді.

Экология • 23 Шілде, 2020

Көбейтұздағы келеңсіз көрініс экологиялық сананы тәрбиелеу қажеттігін көрсетті

Биыл жаһанды жайлаған індет туризм секторына да өз «түзетуін» енгізді. Жаз маусымында жағажай іздеп, қиырға кетіп қалатын қазақстандықтар осы бір карантиндік шектеу шараларынан кейін амалсыз алысқа ұзай алмай отырғаны ақиқат. Десе де ірі шаһарлардың шетіндегі табиғаттың әсем мүйістері жетерлік.

Медицина • 20 Шілде, 2020

«Қоғамдық бақылау» мүшелері қадағалайды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Қоғамдық бақылау» азаматтық бастамасын қолдау мақсатында еріктілер қозғалысының белсенділерімен, дәрігерлермен, ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Күн тәртібінде мониторингтік топтардың жұмысын ұйымдастыру, олардың нақты қызметін анықтау, құқықтық мәртебе беру мәселелері талқыланды.

Қоғам • 13 Шілде, 2020

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, қаза көрген жүрегі жаралы ол» деп хакім Абай айтқандай, соңғы кезде елімізде індеттің індей түскені сондай, таңмен таласа тұрған сайын жүрегіміз зырқ етер қайғылы хабар еститін болдық. Covid-19 инфекциясына қоса қос өкпені қатар қысатын қырсық тұмау қармағына қаншама жанды іліндіріп жатыр. Осы бір күрделі ахуалды ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның шешімімен елімізде тағы да екі апталық карантин шаралары енгізілді.

Коронавирус • 10 Шілде, 2020

Дертке дерт жамап алмаңыз (Әсіресарапшылардан сақ болу ескертіліп отыр)

Елімізде бірімізге тән ауырып, бірімізге тән ауырмаса да жан ауырып тұрған күрделі кезең болып тұр. Қысылтаяң кезеңде қос өкпеден қысқан індет ағайындасып, әркімнің әріптесі мен сыйлас жамағайынын, жақын-жұрағатын, алты Алаштың айтулы азаматтарын да арамыздан алып кетіп жатыр.

Экономика • 08 Шілде, 2020

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру бойынша кешенді жұмыстарды кезең-кезеңімен ойдағыдай жүзеге асыруда. Осы ретте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Аймақтар • 08 Шілде, 2020

Көгілдір отынға қосыла бастады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында елорда үйлері көгілдір отынға қосыла бастады. Алғашқы кезекте Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газға әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер қосылды. Көктал-1 тұрғын үй алабында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №29 мектеп және бірқатар жеке үйлер газға қосылды.

Экономика • 08 Шілде, 2020

Ғалымжан Пірматов: Отандық атом өнеркәсібі ел игілігіне қызмет етуде

Әлемдік уран нарығындағы ахуал және компания қызметінің нәтижелері туралы «Қазатомөнеркәсіп» Басқарма төрағасы Ғалымжан ПІРМАТОВ әңгімелеп берді.