Қуат ҚИЫҚБАЙ
Қуат ҚИЫҚБАЙ«Egemen Qazaqstan»
107 материал табылды

Құқық • 09 Тамыз, 2024

Қитұрқысы көп киберқылмыспен күрес

Кейінгі кездері интернеттегі алаяқтар тудырған келең­сіз­діктерге байланысты әлдебір бөтен телефон нөмірінен қоңырау түсе қалса, күдіктене қарайтынымыз рас. Ол адам сен үшін жақын адамың болуы да мүмкін екенін, сондай-ақ «алло» деген бір ауыз сөзің арқылы қалтаң қағылатынын да ойлайсың. Қалай дегенде де, айла артылмайтын әккі алаяқтардың айла-шарғысына тоқтау болмай тұр.

Әскер • 09 Тамыз, 2024

Отан қорғаушылар жиыны

Тәуелсіз елдің тірегі әрі айбары – Отан қорғаушылардың кәсіби шеберлігі қашанда маңызды. Биылғы жылы әр салада еңбектеніп жүрген Отан қорғаушыларды қайта даярлаудан өткізу үшін елімізде кең көлемде әскери міндеттілердің жиындары өтіп жатыр. Қайта даярлаудан еліміз бо­йынша барлығы үш мыңнан астам әскери міндетті өтеді. Жақында ғана оның мың жарымға жуығы Абай гарнизонына қарасты «Шығыс» полигонында сап түзеді.

Бизнес • 09 Тамыз, 2024

Асүйден кәсіпорынға дейін

Елімізде шағын бизнес өкілдерін қолдау мақсатында үлкен жобалардың жүзеге асып жатқаны белгілі. Кәсіпке икемі бар жастардың әртүрлі саланы игеріп, алға ұм­тылғаны көңілге сенім ұялатады.

Жәдігер • 08 Тамыз, 2024

Бассүйектің сыры

Абай облысы аумағында мыңжылдықтар тарихын тоғыстырып тұрған тарихи мекендер жетерлік. Осы жерлерден табылған көне жәдігерлер ерекше назар аудартады. Сондай елеулі экспонаттың бірі – Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған бассүйек.

Экология • 03 Тамыз, 2024

Жастардың белсенді қимылы

«Таза Қазақстан» респуб­ли­калық экологиялық акциясы аясында Абай ауданының орталығы Қарауыл ау­лын­дағы Абай саябағында сенбілік өтті. Аудан орта­лы­ғында ұйым­дас­тырылған іс-шараға мемлекеттік қыз­мет­кер­лер­ден бас­тап, мәдениет және өнер мекемелерінің мамандары, ауылдың белсенді жастарынан құралған 150-ден аса ауыл тұрғыны қамтылды.

Тарих • 03 Тамыз, 2024

Тарихы терең мешіт

Қазақ мәдениеті мен руханиятында ерекше орын алатын тарихи тұлғалар аз емес. Ел есінде сақталған Тінібай Кәукенұлы көпшілікке Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы және абайтануға қатысты еңбектері арқылы жақсы таныс. Бүгінде Семей қаласында көне мешіттер мен ғимараттар жетерлік, солардың бірі – Тінібай мешіті.

Саясат • 30 Шілде, 2024

Медицина мекемесіндегі зәрулік

Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова Семей қаласындағы медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлер қауымымен кездесті. Мекеменің өзекті мәселелері мен мұқтажын талқылау – кездесудің басты мақсаты болды. Мұнда ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу қажеттігі – кезек күттірмейтін мәселе.

Ең қысқа әңгіме • 26 Шілде, 2024

Сыңғырлаған тастар сыры

Бойына небір құпия жа­сырған қазақ дала­сының сыры күндер алға көшкен сайын ел тұр­ғын­дарын ғана емес, барша әлем­ді таң­ғалдырып, айдай әлемді аузына қаратып келе жат­­қаны аян. Ғы­­лым мен техника дәуір­­леген сайын олар­ға мойын бұрып қара­ма­сыңа, ден қойып зер сал­ма­сыңа бол­май­тынын бағам­дайсың.

Экономика • 20 Шілде, 2024

Сұранысқа ие тәттілер

Абай облысы аумағында тарихы терең өнеркәсіп орындары баршылық. Кеңес заманында жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіп­орындарының үштен бір бөлігін қамтып тұр­ды. Әсіресе, өткен ғасыр­дың 60-80 жылдарында қорғаныс өнеркәсібі қа­рыш­тап дамыды. Әри­не, тоқсаныншы жылдар­дағы тоқырау зобалаңы бұл өңірге де тиді. Ұзақ уақыт еңсе тіктеп, ес жия алмай отырды. Де­ген­мен бүгінде серпіліс бар. Өңірлік кәсіпкерлік және индустриялық-инно­вациялық даму басқарма­сының ұсынған дерегіне сүйенсек, бүгінде Абай облысы бойынша 478 кә­сіп­орын 13 мыңнан астам адамға жұмыс беріп отыр.

Аймақтар • 19 Шілде, 2024

Сот жүйесі стандартқа сай болуға тиіс

Сенат депутаты Қайрат Тастекеев Абай облысына жұмыс сапары барысында сот және прокуратура қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Жүздесу барысында Парламент Сенатының жұмысы туралы хабардар етті және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңына жақында қабылданған негізгі өзгерістерге тоқталды.