Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024
Өткен ғасырдың 70-жылдары жазушы Тұрсын Жұртбай «Замандасым, сырласым», «Қоңыр қаз», «Жүрегімде жұмыр жер» атты оқшау дүниелерін оқырманның таным таразысына тартып, әдеби әлемге аяқ басты. Ең алғаш қаламынан туған дүниелерінен-ақ айқын қолтаңбасы, бөлек соқпағы танылды. Жазушы өзін көркем дүниемен ерте «қоштастым» деп өкініш білдіретіні рас. Алайда оның осынау шығармалары көлемімен де, көркемдігімен де көсіліп жазғандардан көш ілгері екенін ойлы оқырманның бағамдары күмәнсіз.
Жәдігер • 20 Қыркүйек, 2024
Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты ертеде балгерлер мен бақсылар қолданған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қоса қолданатын болған. Олар асатаяқты ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әртүрлі сылдыр-күлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақ, сақина, шығыршық тағылады. Асатаяқ туралы Шоқан Уәлиханов пен белгілі зерттеуші Болат Сарыбаевтың еңбектерінде жазылған.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024
«Көшпелілер алгебрасының» алғыры
Кең-байтақ қазақ даласы – елдік пен ерліктің ғана емес, озық салт-дәстүр мен мәртебелі һәм өрісті өнер мекені. Халқымыздың қой бағып, қоймен бірге ой бағып жүргенінің тағы да бір жарқын үлгісі, ұлттық бірегей ойын түрі саналатын тоғызқұмалақтың тарихы тым тереңнен тамыр тартады. Алғырлық пен тапқырлықты талап ететін ойын кем дегенде 4000 жыл бұрын пайда болған. Бағзыдағы бабалар өсиеті келер ұрпақты қуат-күшінің мықтылығымен сынап қана қоймай, көңіл көзінің көреген болуына, ақыл-парасатымен көп нәрсені пайымдауына үлкен мән берген.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024
Абай облысында жаңадан құрылған Мақаншы мен Жаңасемей аудандары күн санап көркейіп, оң өзгерістерге бет алып барады. Осы екі ауданның ішінде шалғайдағы Мақаншы ауданының жөні бөлек. Туризм нысаны айдынды Алакөл мен еліміздің шығысындағы алпауыт көршіміз Қытаймен шектесетін тұсы да осы аудан. Мемлекет басшысының пәрменімен құрылған облыстағы бұл жаңа аудан – «шығыс қақпасы» ретінде туризм, логистика, шекаралық қатынастар мен сауда-саттыққа көңіл аударатыны белгілі.
Білім • 12 Қыркүйек, 2024
Жақында облыс орталығында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлының есімін иеленген Семей жоғары колледжінде білім күніне арналған іс-шара өтті. Оған білім мен ғылым саласының өкілдері, студенттер және ата-аналар қатысты.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2024
Екі жылдан бері даму қарқыны күшейген Семей қаласы өңір тұрғындарын ғана емес, сырттан келетін меймандарды да көрікті көріністерімен көз тартып, көңіл арбайды. Бүгінде облыс орталығындағы «Бейбітшілік» аралында қызу жұмыс жүріп жатыр. Осы күнге дейін футбол, волейбол, балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ қала тұрғындары арасында «Денсаулық» соқпағы аталып кеткен жолдың бойы жарықтандырылды. Жақын арада қайта жаңартылған балалар теміржолын ашу жоспарда тұр. Бұл – отбасылық демалысқа арналған оңтайлы орын болады деген сөз.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2024
Абай облысы аумағында шешімін таппай келе жатқан мәселе жетерлік. Соның бірі – ауыл шаруашылығы саласын өрістететін жайылымдық жерлер жайы. Облыс аумағы 18,5 млн гектарды жерді құрайды. 9,2 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің негізгі алаңын жайылым (7,9 млн гектар), егістік (812,9 мың гектар) және шабындық пен тыңайған жер (334,4 мың гектар) алып жатыр. Бұл аумақта 9,8 мың ауыл шаруашылығы кәсіпорны жұмыс істейді.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2024
Жұмыспен қамту жанданып келеді
Биыл Абай облысында 23 мыңнан аса адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 6 312 адамды тұрақты жұмыс орнына тұрғызу керек болса, 5 871 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру көзделген. Бұған қоса мемлекеттік арнайы бағдарламалар арқылы 3 588 адам қоғамдық жұмысқа, 278 адам әлеуметтік жұмыс орнына тартылады. Ал «Жастар практикасы» бойынша – 737, «Алғашқы жұмыс орны» жобасынан сәйкес – 280 , «Ұрпақтар келісімшартымен» – 16 және «Күміс жас» жобасы аясында 972 адам жұмыспен қамтылады.
Жәдігер • 28 Тамыз, 2024
Құнанбай Өскенбайұлы 1874-1875 жылдары ел басқару жұмысын балаларына қалдырып, рухани кемелдену жолында қажылық сапарына шығады. Жетпіс бір жасқа жеткенінде жақын-жуығын жиып, «Қағыбатолла, Мекке барып, тәуап етіп қайтамын» деп жария етеді.
Ауыл • 28 Тамыз, 2024
Семейде ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұған ауылдық жерлерде өз ісін дөңгелетіп, өнім шығарып нәпақасын тауып отырған 21 жеке кәсіпкер қатысты. Көрме-жәрмеңкені тамашалаған қала тұрғындары киіз бен ағаштан жасалған бұйымдарды, ет, пен сүт және кондитерлік өнімдерді қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік алды.