
Аймақтар • 12 Шілде, 2024
Шалғай аймақтарда орын тепкен әлемнің нешінші кереметіне баласаңыз да, ауыз толтырып айтатын жерлер жетерлік. Осындай елді мекендерге еліміздегі ғалымдардан бөлек шетел ғалымдарының аяқ басуы – қай кезде де елең етер елеулі дүние.
Аймақтар • 11 Шілде, 2024
Бағдарлау лагерінің бәсі жоғары
Биылғы Абай облысы білім басқармасының бастамасымен Семей қаласының төрт бірдей оқу орнында оқушыларға арналған кәсіптік бағдарлау лагері жұмысын бастады. Оның төртеуі колледждер базасында және біреуі университетте орналасқан. Кәсіптік бағдарлау лагерьлері балаларға қызықты демалыс қана емес, әртүрлі салада өздерінің кәсіби дағдыларын дамытып, қызығушылықтарын жетілдіруге жол ашады. Келешекте де өз мамандықтарын таңдауға бірегей мүмкіндік беретін лагерьлерге биылғы маусымда 400-ге жуық баланы қамту жоспарланып отыр.
Заң • 10 Шілде, 2024
Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Абай облысына сапары аясында Үржар ауылында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғам • 22 Маусым, 2024
Қазіргі күні түрлі әлеуметтік желілер арқылы пабликтер мен парақшаларда ерлік көрсеткен ержүрек жандардың мадақталғанын жиі естіп-көріп жүреміз. Бейбіт күннің батырларын қалай мақтасақ та, олар хақында небір жақсы сөзді жаудырсақ та артық емес.
Аймақтар • 22 Маусым, 2024
Міндет жүктейтін бедел баспалдағы
Семей қаласында Айбек Саматты халықтың біразы таниды. Әсіресе оны атқаратын қызметіне қарай білетіндер көп. Ел-жұрт оның әріптестері арасында абыройға бөленіп, қызмет баспалдағында ақырындап алға жылжыса, еңбекқорлығының арқасы екенін айтады. Бүгінде ол Абай облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру және бақылау-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымын атқарады. Бұл қызметке кірісіп кеткеніне бір жылға жуықтады.
Футбол • 20 Маусым, 2024
Семейде футболдан Қазақстан премьер лигасының 11-тур ойындарында «Ақтөбе» мен «Елімай» футбол клубтары өзара кім мықтыны сарапқа салды. Үздіктер қатарындағы Семейдің футбол клубы турнир кестесінде алшаң басқан Ақтөбенің футболшыларын өз алаңында қабылдады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Өткенге көз жүгіртіп, көңіл таразысына салып безбендеп көрсеңіз, қазақ жоқ іздеген жолаушы іспетті. Тасқа басылған тарихы көмескіленіп көрінбей қалғаны да рас. Абай тойы қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы той тойлау емес, ой ойлаудың басты орында екенін ерекше айтқан-ды. Биыл хакім Абайдың әкесі қоғамға қозғау саларлық ақылы асқан қайраткер тұлға, «мырза», «қажы» атанған Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы. Ел мерейін өсіріп, алыс-жақын ағайынның басын қосып, Өскенбай баласының тойы өтті Абай елінде.
«Таза Қазақстан» • 18 Маусым, 2024
Өңір тазалығы өзімізден басталады
Көктем шыққалы бері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзіміз тұратын ауладан бастап көшелер көрікті кейіпке еніп, өңіріміз өзгеше түрлене бастады. Республикалық маңызы бар шарадан Абай облысы тұрғындары да шет қалған жоқ. Екі айдың ішінде облыстың сексен мыңға жуық тұрғыны аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып көркейту мен талмай тазалық жұмыстарын жүргізу ісінде белсене бой көрсетті.
Қоғам • 14 Маусым, 2024
Жаңа зерттеулер мен мүмкіндіктер
Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығында «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Жапония ғылыми-техникалық ынтымақтастығына – 30 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық семинар өтті.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
Абайды білмек парыз ойлы жасқа
10-13 маусым аралығында ұлы хакім елінде ХXV республикалық «Абай оқулары» өтті.