Қуат ҚИЫҚБАЙ
Қуат ҚИЫҚБАЙ«Egemen Qazaqstan»
81 материал табылды

Аймақтар • 19 Маусым, 2024

Құнанбайдың дүбірлі тойы

Өткенге көз жүгіртіп, көңіл таразысына салып безбендеп көрсеңіз, қазақ жоқ іздеген жолаушы іспетті. Тасқа басылған тарихы көмескіленіп көрінбей қалғаны да рас. Абай тойы қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы той тойлау емес, ой ойлаудың басты орында екенін ерекше айтқан-ды. Биыл хакім Абайдың әкесі қоғамға қозғау саларлық ақылы асқан қайраткер тұлға, «мырза», «қажы» атанған Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы. Ел мерейін өсіріп, алыс-жақын ағайынның басын қосып, Өскенбай баласының тойы өтті Абай елінде.

«Таза Қазақстан» • 18 Маусым, 2024

Өңір тазалығы өзімізден басталады

Көктем шыққалы бері республикалық «Таза Қазақстан» эко­ло­гиялық акциясы аясында өзіміз тұратын ауладан бас­тап көшелер көрікті кейіпке еніп, өңіріміз өзгеше түрлене бастады. Республикалық маңызы бар шарадан Абай облысы тұрғындары да шет қалған жоқ. Екі айдың ішінде облыстың сексен мыңға жуық тұрғыны аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып көркейту мен талмай тазалық жұмыстарын жүргізу ісінде белсене бой көрсетті.

Қоғам • 14 Маусым, 2024

Жаңа зерттеулер мен мүмкіндіктер

Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығында «Атом энергия­сын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Жапония ғылыми-техникалық ынтымақтастығына – 30 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық семинар өтті.

Аймақтар • 14 Маусым, 2024

Абайды білмек парыз ойлы жасқа

10-13 маусым аралығында ұлы хакім елінде ХXV республикалық «Абай оқулары» өтті.

Әдебиет • 13 Маусым, 2024

Қалихан кеңістігі

Сыншыларға суыртпақ­тап сөз бастатып, әде­биет­шілерді ә дегенде мойын бұрғызып, қа­лам қуатымен баурай біл­ген жазушының бірі – Қалихан Ысқақ. Өткен ғасырдың алпысыншы жыл­дарында әйгілі Зей­нолла Қабдоловтың наза­рынан қағыс қалмай, ға­лымның тұтастай бір мақала арнауына себепкер болған сөз иесі.

Жәдігер • 10 Маусым, 2024

Ақынның ерекше портреті

Абайтанудағы ерекше дүниелердің бірі – ақынның қолдан салған суреті. Бүгінгі күнге дейін хакім тұлғасын айғақ­тайтын 1896 жылы және 1903 жылы түсірілген нақты екі фотосуреті сақталған. Бұған қоса оның көзі тірісінде 1887 жылы қарын­дашпен салынған портретін айтуға болады. Оның авторы – әуесқой суретші П.Д.Лобановский.

Әдебиет • 07 Маусым, 2024

Абай елін елжіреткен ақын

Әлем әдебиетінің көрнекті тұлғасы А.С.Пушкин – қазақ оқырманына етене жақын қалам иелерінің бірі. Орыс әдебиетіне үлкен серпіліс әкелген ақынның қазақ даласына аяқ басуы да ерекше оқиғалардың бірі. Оның Орал қаласында үш күн аялдауының өзі шығармашылығынан елеулі орын алды. Пушкинтанушылардың дерегінше, ақын 1833 жылы қазан айында үш күн бойы Орал шаһарында болып, «Пугачев көтерілісінің тарихы» және «Ка­питан қызы» повесіне негізі боларлық тарихи материалдарды жинаған.

Аймақтар • 06 Маусым, 2024

Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді

«Елге ел қосылса – құт» дейді халқымыз. Ұлы Абай, дана ­Шә­кәрім, заңғар Мұхтар дүниеге келген, Алаштың айбоз ұлдары ту қадаған ұлағатты өлке Семейдің өз алдына отау тігіп, ірге бекіткеніне екі жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған облыста осы уақыт ара­лығында нендей жұмыстар атқарылды? Өңірдегі өзекті мәсе­лелер қалай шешімін тауып жатыр? Алдағы жоба-жос­парлар қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде ­облыс әкімі Нұрлан ҰРАНХАЕВ газетіміздің тілшісіне арнайы сұхбат берді.

Аймақтар • 05 Маусым, 2024

Әуезов тұрған үй

Бар ғұмырын ұлт мәдениетін насихаттауға арнап, әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен қазақтың мыңжылдық тарихын, салтын, дәстүрін дәріптеген кемеңгер жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмір жо­лына қатысты деректер, мұрағат материалдары қашанда құнды.

Театр • 05 Маусым, 2024

Семей көрермендерін серпілтті

Астана қаласының музы­ка­лық жас көрермен театры «Астанадан Семейге сә­лем» атты өнер сапарымен 31 ма­мыр және 3 маусым аралығында Абай мен Мұх­тар еліне аяқ басты. Төрт жылдан бері елорда мәдениетіне ерекше се­рпін әкелген театр гастрольдік сапары аясында облыс жұрт­­шылығына М.Әуезовтің шы­ғармасы негізіндегі «Абай-Тоғжан», Д.Исабековтің «Гау­­һартас» және А.Воло­диннің «Қоштасқым кел­мей­ді...» музыкалық драмаларын ұсынды.