Қуат ҚИЫҚБАЙ
Қуат ҚИЫҚБАЙ«Egemen Qazaqstan»
62 материал табылды

«Таза Қазақстан» • 16 Қазан, 2024

Экологиялық акция – тазалық кепілі

«Таза Қазақстан» рес­публикалық акциясы аясында Абай облы­сында ауқымды экологиялық іс-шара жалғасып жа­тыр. Іс-шараға қатысу­шылар қоршаған ортаны, экологиялық жағдайды жақ­сар­туға барынша күш салып келеді. Су қоймаларын, саябақтарды, алаңдарды, көшелер мен аулаларды қамтыған ірі сенбіліктерге жүздеген жергілікті тұр­ғындар шықты.

Аймақтар • 15 Қазан, 2024

Маңдай тердің жемісі

Күзгі дала науқаны қызып тұр. Бап­тап өсірген бидайды соңғы дәніне дейін жинап алу ала жаздайғы ауқымды жұмыс­тың маңызды бөлігі. Өңір диқаншы­лары 749,5 мың гектар аумаққа егін еккен. Оның 299,0 мың гектары – дәнді дақыл, 295,8 мың гектары – майлы дақыл, 5,8 мың гектары – картоп, 5,4 мың гектары – көкөніс, 143,5 мың гектары – жемшөп дақылдары.

Жәдігер • 11 Қазан, 2024

Төлеу ақынға төреден өткен балдақ

Хакім Абайдың көзін көрген көрнекті халық ақындарының бірі – Төлеу Көбдікұлы. Оған қатысты әрбір дерек, алақанының табы қалған жәдігер де құнды әрі қастерлі. Сол арқылы ақын әр қырынан танылып, беймәлім сырлар көңілге қонақтайды. Баласы Мұрат Төлеуұлының шаңырағында ақынның қолжазбалары және көзі тірісінде жарық көрген жыр жинақтары, фотосуреттері мен жеке заттары – шапаны, домбырасы, шақшасы, бал­дағы, кісе белбеуі сынды дүниелері сақтаулы. Тұ­тын­ған заттарының арасында қолының табы қалған балдағының тарихы да терең.

Аймақтар • 09 Қазан, 2024

Орманшылар ерлігіне ескерткіш

Абай облысында орман өртімен күресте қаза тапқан өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш қойылды.

Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024

Ардагердің ақ ниеті

Облыс орталығында тіркелген 1 аумақтық, 128 учаскелік референдум комиссиясында таңдау жасауға асыққан, болашаққа бейжай қарамайтын тұрғындардың қарасы қалың болды. Әсіресе қала орталығында тұратындар дауыс беруге белсенді қатысты.

Аймақтар • 07 Қазан, 2024

Тарихы терең құтты орда

Семей – өткен ғасырдың басынан бастап қазақ зиялылары бас біріктірген тарихи мекен. Мұнда азаттықтың алғышарты алға қойылып, тәуелсіздіктің тұғыры да осында бекіді. Семей қаласының сол жағалауы Жаңа Семей бөлігі Алаш қаласы аталып, ұлт қайраткерлері бас қосатын ғимараттар сап құрады. Алаш қаласындағы тарихи ғимараттар мен тұрпаты бөлек тұлғаларға қатысты орындар жетерлік. Солардың бірі – осы өңірде алғаш ашылған тұңғыш қазақ мектебі, бүгінде Шәкәрім баба есімін иеленген көпбейінді №5 гимназия.

Аймақтар • 02 Қазан, 2024

Алаштың айбоздары оқыған орда

Семей қаласында ашылған мұғалімдер семина­рия­сы – Мұхтар, Жүсіпбек, Қаныш, тағы басқа Алаш­тың айбоздары оқы­ған орын. Тарихи оқу орданың құрылғанына биыл – 120 жыл. Облыс орталығында Мұх­тар Әуезов атындағы педаго­гикалық колледжінің мерейтойы аталып өтіп, халықаралық ғылыми-тә­жі­рибелік конференциямен жал­ғасты. Айтулы басқосуда оқу ордасының терең тарихы, жет­кен жетістіктері жә­не бо­­ла­шақтағы бағытын бағ­дар­­лайтын мәселелер тал­қы­ланды.

Талбесік • 01 Қазан, 2024

Семей орманының көшет бағы

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріп­теуіміз керек. «Семей орманы» Өаясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал», деген еді.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024

Қала күніндегі құрмет

Семей қаласы күніне орай облыс орталығына қарасты Цемент­шілер кентінде пәтер кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ санатындағы 20 отбасына пәтер кілті табысталды. Көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар азаматтар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар соңғы үлгіде салынған баспанаға қол жеткізді. Үйде мүмкіндігі шектеулі жандардың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасалған.

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024

Тағдыр тәпсірлері

Өткен ғасырдың 70-жылдары жазушы Тұрсын Жұртбай «Замандасым, сырласым», «Қоңыр қаз», «Жүрегімде жұмыр жер» атты оқшау дүниелерін оқырманның таным таразысына тартып, әдеби әлемге аяқ басты. Ең алғаш қаламынан туған дүниелерінен-ақ айқын қолтаңбасы, бөлек соқпағы танылды. Жазушы өзін көркем дүниемен ерте «қоштастым» деп өкініш білдіретіні рас. Алайда оның осынау шығармалары көлемімен де, көркемдігімен де көсіліп жазғандардан көш ілгері екенін ойлы оқырманның бағамдары күмәнсіз.