Футбол • 20 Маусым, 2024
Семейде футболдан Қазақстан премьер лигасының 11-тур ойындарында «Ақтөбе» мен «Елімай» футбол клубтары өзара кім мықтыны сарапқа салды. Үздіктер қатарындағы Семейдің футбол клубы турнир кестесінде алшаң басқан Ақтөбенің футболшыларын өз алаңында қабылдады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2024
Өткенге көз жүгіртіп, көңіл таразысына салып безбендеп көрсеңіз, қазақ жоқ іздеген жолаушы іспетті. Тасқа басылған тарихы көмескіленіп көрінбей қалғаны да рас. Абай тойы қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы той тойлау емес, ой ойлаудың басты орында екенін ерекше айтқан-ды. Биыл хакім Абайдың әкесі қоғамға қозғау саларлық ақылы асқан қайраткер тұлға, «мырза», «қажы» атанған Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы. Ел мерейін өсіріп, алыс-жақын ағайынның басын қосып, Өскенбай баласының тойы өтті Абай елінде.
«Таза Қазақстан» • 18 Маусым, 2024
Өңір тазалығы өзімізден басталады
Көктем шыққалы бері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өзіміз тұратын ауладан бастап көшелер көрікті кейіпке еніп, өңіріміз өзгеше түрлене бастады. Республикалық маңызы бар шарадан Абай облысы тұрғындары да шет қалған жоқ. Екі айдың ішінде облыстың сексен мыңға жуық тұрғыны аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып көркейту мен талмай тазалық жұмыстарын жүргізу ісінде белсене бой көрсетті.
Қоғам • 14 Маусым, 2024
Жаңа зерттеулер мен мүмкіндіктер
Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталығында «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстан-Жапония ғылыми-техникалық ынтымақтастығына – 30 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық семинар өтті.
Аймақтар • 14 Маусым, 2024
Абайды білмек парыз ойлы жасқа
10-13 маусым аралығында ұлы хакім елінде ХXV республикалық «Абай оқулары» өтті.
Әдебиет • 13 Маусым, 2024
Сыншыларға суыртпақтап сөз бастатып, әдебиетшілерді ә дегенде мойын бұрғызып, қалам қуатымен баурай білген жазушының бірі – Қалихан Ысқақ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында әйгілі Зейнолла Қабдоловтың назарынан қағыс қалмай, ғалымның тұтастай бір мақала арнауына себепкер болған сөз иесі.
Жәдігер • 10 Маусым, 2024
Абайтанудағы ерекше дүниелердің бірі – ақынның қолдан салған суреті. Бүгінгі күнге дейін хакім тұлғасын айғақтайтын 1896 жылы және 1903 жылы түсірілген нақты екі фотосуреті сақталған. Бұған қоса оның көзі тірісінде 1887 жылы қарындашпен салынған портретін айтуға болады. Оның авторы – әуесқой суретші П.Д.Лобановский.
Әдебиет • 07 Маусым, 2024
Әлем әдебиетінің көрнекті тұлғасы А.С.Пушкин – қазақ оқырманына етене жақын қалам иелерінің бірі. Орыс әдебиетіне үлкен серпіліс әкелген ақынның қазақ даласына аяқ басуы да ерекше оқиғалардың бірі. Оның Орал қаласында үш күн аялдауының өзі шығармашылығынан елеулі орын алды. Пушкинтанушылардың дерегінше, ақын 1833 жылы қазан айында үш күн бойы Орал шаһарында болып, «Пугачев көтерілісінің тарихы» және «Капитан қызы» повесіне негізі боларлық тарихи материалдарды жинаған.
Аймақтар • 06 Маусым, 2024
Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді
«Елге ел қосылса – құт» дейді халқымыз. Ұлы Абай, дана Шәкәрім, заңғар Мұхтар дүниеге келген, Алаштың айбоз ұлдары ту қадаған ұлағатты өлке Семейдің өз алдына отау тігіп, ірге бекіткеніне екі жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған облыста осы уақыт аралығында нендей жұмыстар атқарылды? Өңірдегі өзекті мәселелер қалай шешімін тауып жатыр? Алдағы жоба-жоспарлар қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде облыс әкімі Нұрлан ҰРАНХАЕВ газетіміздің тілшісіне арнайы сұхбат берді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Бар ғұмырын ұлт мәдениетін насихаттауға арнап, әлемге «Абай жолы» роман-эпопеясымен қазақтың мыңжылдық тарихын, салтын, дәстүрін дәріптеген кемеңгер жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмір жолына қатысты деректер, мұрағат материалдары қашанда құнды.