Хоккей • 02 Қазан, 2020
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Даррен Диц екінші жыл қатарынан еліміздің үздік хоккейшісі атанды.
Кәсіпқой бокс • 02 Қазан, 2020
Басқа спорт түрлерінде қалай екенін қайдам, әйтеуір әуесқой бокста қазақ-өзбек тартысы ерекше. Шаршы алаңға шыққан екі елдің боксшылары рингте жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсап, соңғы демі қалғанша айқасуға бар. Кейінгі жылдары жанкүйерлер Азия, әлем чемпионаттары, тіпті төрт жылда бір келетін Олимпия ойындары болсын қазақ-өзбек боксшыларының тартысын тағатсыздана күтетін болды. Енді бұл қатарға кәсіпқой бокста өнер көрсететіндердің де жекпе-жектері қосылды.
Теннис • 01 Қазан, 2020
Бұл күндері Францияның бас шаһары – Парижде теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы «Ролан Гаррос» жарысы өтіп жатқаны белгілі. Жарысты бес теннисші болып бастаған қазақстандық спортшылардың саны екінші айналым алдында біреуге қысқарды.
Спорт • 01 Қазан, 2020
3 қазанда велоспорттан «Тур де Франс» жарысынан кейінгі орында тұратын «Джиро д’Италия» гранд-туры басталады. 15 қазанға дейін созылатын көпкүндікте Қазақстанның «Астана» велоклубының да спортшылары бақ сынайды.
Спорт • 01 Қазан, 2020
Токио Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында басталады. Фукусима префектурасынан басталып, 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайтын алау бағыты өзгерген жоқ.
Футбол • 01 Қазан, 2020
«Астана» – «Қайрат»: Биыл қай клуб топ жарады?
Футболдан Қазақстан чемпионаты биыл пандемияға байланысты ерекше жағдайда өтіп жатыр. Яғни ішкі біріншілікке қатысатын барлық команда ойындарды өз қаласында емес, бәрі Алматыға жиналып, бір аймақта өткізіп жатыр. Бұл да футбол тарихының жылнамасында бұрын-соңды болмаған жағдай.
Хоккей • 30 Қыркүйек, 2020
«Барыс» мұзайдынға қашан оралады?
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» клубы хоккейшілерінен коронавирус індеті табылып, команда екі апталық карантинге жабылған болатын. Карантин мерзімі 1 қазанда аяқталып, үш күннен кейін Санкт-Петербургтің СКА клубымен мұзайдынға шығуы тиіс. Алайда өткен жұма күні «Барыс» құрамындағы тағы бірнеше ойыншыдан вирус шыққаны белгілі болған соң, отандық БАҚ-тарда қазақстандық команданың карантинге жабылуы мүмкін екені айтылып жатыр.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2020
Экотуризмді дамыту – еларалық мәселе
Ұлттық парктер аумағында туризмді дамыту – әсіресе пандемия жағдайында өзекті мәселе болып отыр. Көптеген қазақстандық өздері үшін табиғи аумақтардың сұлулығын жаңа қырынан ашқаны белгілі. Өкінішке қарай, туристерге әрдайым жеткілікті деңгейде қызмет көрсетілмейді, сондай-ақ туристер бұл нәзік экожүйелерде өздерін дұрыс ұстай білмейді.
Туризм • 30 Қыркүйек, 2020
Шыңға өрмелеу спорты – елімізде белсенді демалыстың қарқынды дамып келе жатқан жаңа түрі. Шыңдар мен жартастардағы арнайы жабдықталған бағдарлар Еуропадағыдай көп болмаса да, олардың қатары әуесқойлардың талап-талпынысының арқасында жыл сайын жаңа нысанмен толығуда. Табиғат жаратқан «жанды» жартастарға еркін өрмелеудің кәсіби спортшылармен қатар, белсенді демалысты таңдайтын саяхатшылар үшін де тартымдылығы жоғары.
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020
Негізгі жұмыс тәжірибесіне қосуды ұсынды
Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) мүшелері онлайн режімде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовпен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.