Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2563 материал табылды

Спорт • 02 Тамыз, 2019

«The Best»-тің үміткерлері анықталды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ресми сайтына жылдың ең үздік футболшысына берілетін «The Best» марапатына үміткер футболшылардың тізімін жариялады.

Спорт • 02 Тамыз, 2019

Ширек финалға жолдама алды

Теннистен Мексиканың Лос-Кабосе қаласында өтіп жатқан ATP сана­тындағы турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин ширек финалға жолдама алды.

Спорт • 31 Шілде, 2019

Алғашқы екі орын отандастарымызға бұйырды

Шахматтан Чехияның Пардубице қала­сында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ха­лық­­аралық Pardubice Czech Open турнирі өз мә­ресіне жетті. Қыздар арасындағы бәсе­кеде қандасымыз Динара Сәдуа­қасова бас жүлдені иеленсе, тағы бір отандасымыз Жансая Әбдімәлік күміс медаль еншіледі.

Спорт • 30 Шілде, 2019

Алексей Луценко «Тур де Франсты» 19-орынмен аяқтады

Франция тас жолдарында өткен велоспорттан бейресми әлем чемпионаты – «Тур де Франс» көпкүндігі өз мәресіне жетті. 106 рет ұйымдастырылған бәсекенің соңғы жарыс күнінде велошабандоздар 128 шақырымға созылған Рамбуйе – Париж, Елисей алабын үш сағатта жүріп өтті.

30 Шілде, 2019

«Астана» - «Санта Колома» ойыны алдындағы медиа іс-шаралар жоспары

Алдағы бейсенбі күні елорданың «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Санта Колома» командасына қарсы қарымта матч өткізеді

Спорт • 29 Шілде, 2019

«Король кубогынан» жүлдемен оралды

Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокс­тан «Король кубогы» халықаралық турнирі мә­ре­сіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құра­ма­сының боксшылары екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Спорт • 29 Шілде, 2019

Загребте топ жарды

Дзюдодан Хорватия астанасы Загребте өткен халықаралық Гран-при жарысында қазақстандық балуандар бір алтын медаль еншіледі. Қыздар арасындағы бәсекеде Галбадрах Отгонцэцэг өз салмағында дара шықты.

Футбол • 29 Шілде, 2019

Командалар жеңіске жете алмады

Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды. Еурокубок ойындарында сынға түсіп жатқан қазақстандық командалар алғашқы кездесулерінде жеңіске жете алмады. Сырт алаңда «Астана» мен «Ордабасы» тең түссе, «Қайрат» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Спорт • 29 Шілде, 2019

Әлем біріншілігіне әлді боксшыларды апарса...

Өткен аптада Орталық Азия мен Еуропа елдерінің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтанда бас қосты. Мақсат – бокстан жетінші рет ұйымдастырылған халықаралық Президент кубогы жарысының бас жүлдесін иелену. Елордамызға кубалық «қара маржандар» келмеді демесеңіз, боксы қарқынды дамып келе жатқан Алжир, Болгария, Грузия, Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Сирия, Филиппин, Тәжікстан және Ресей мен Өзбекстаннан келген 123 боксшы турнирдің көрігін қыздырды.

Спорт • 26 Шілде, 2019

Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде екі саты жоғарылады

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайтында футболдан ұлттық құрамалардың шілде айына арналған рейтингісі жарияланды. Жаңартылған тізімде Қазақстан ұлттық құрамасы маусым айындағы рейтингпен салыстырғанда екі саты жоғарылаған.