Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2667 материал табылды

Күрес • 24 Қаңтар, 2023

Спартакиаданың үміт алауы

Ақпаннан бастап елімізде жазғы спорт түрлерінен респуб­ликалық VI спартакиаданың алауы тұтанады. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді жарыс арқылы Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрлерінен Ұлттық құрамалар жасақталады. Яғни 2024 жылы Францияның бас шаһары – Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарының лицензиясы сарапқа салынатын халықаралық бәсекеге қатысатын спортшылар дәл осы Қазақстан спартакиадасы арқылы іріктеледі.

Жеңіл атлетика • 24 Қаңтар, 2023

Желаяқтар сайысы

Елорда төрінде тұңғыш рет ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан «World Athletics Indoor Tour» санатындағы күміс деңгейлі «Astana Silver Grand Prix Meeting» додасы өз мәресіне жетті. 2016 жылы тұсауы кесілген желаяқтардың жарысын биыл ТМД елдері арасында бірінші болып Қазақстан астанасы қабылдағанын да айта кеткен жөн. Әлемге әйгілі «Гауһар лигасының» жабық кешендегі баламасы ретінде өткізіліп жатқан жарыста әлемнің 15 елінен келген 100-ге жуық спортшы бақ сынады.

Спорт • 23 Қаңтар, 2023

Олимпиадаға дайындық қалай жүріп жатыр?

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) келер жылы Франция астанасы Парижде жалауы желбірейтін жазғы Олимпия ойындарының дайындық барысына көңілі толмайтынын айтты. Жанкүйерлер төрт жылда бір келетін бұл мерекені асқан ыждағатпен күтіп отырғанда, ұйымдастырушылар бірқатар кедергіге тап болыпты.

Спорт • 23 Қаңтар, 2023

Студенттер сайысында ілгерілеу бар

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында ұйымдастырылған ХХХ қысқы Дүние­жү­зілік универсиада өз мәресіне жетті. Жер-жаһанның ең үздік сту­дент-спорт­­шылары бас қосқан жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көр­сетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен жерлестеріміз жалпыко­мандалық есепте 11-орында тұр.

Спорт • 19 Қаңтар, 2023

Қоржынға үшінші алтын түсті

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жат­қан ХХХ қысқы Уни­вер­сиаданың кезекті кү­нінде Қазақстанның студент спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды. Бұл жолы биатлоншыларымыз тұғырға көтерілді.

Спорт • 19 Қаңтар, 2023

Тағы бір спринтермен толықты

«Astana Qazaqstan Team» велокомандасы қысқы трансферлік кезеңінде құрамын тағы бір легионер велошабандозбен толықтырды.

Спорт • 19 Қаңтар, 2023

Ендігі үміт – Еленада

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Мель­бурнде өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатын­дағы Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

Спорт • 18 Қаңтар, 2023

Әлем кубогінде топ жарды

Бұл күндері Марокконың бас шаһары – Рабатта стенд атудан Әлем кубогінің кезекті кезеңі өтіп жатыр. Кеше Қазақ­стан­ның әйелдер құрамасы скит бағдар­ламасында алтын медаль жеңіп алды.

Спорт • 18 Қаңтар, 2023

Путинцева да келесі кезеңде

Әйелдер арасындағы Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Пу­тинцева Аустралия ашық чем­пионатының екінші айналымына жолдама алды.

Спорт • 18 Қаңтар, 2023

Жігіттер жеңіспен бастады

Кеше Таиланд астанасы – Бангкокте бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатының шымыл­дығы түрілді. Биылғы додаға Қазақ­станнан бөлек, Қырғызстан, Таиланд, Малайзия, Өзбекстан, Тәжікстан, Камбоджа, Кувейт боксшылары қатысып жатыр.