Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК«Egemen Qazaqstan»
20 материал табылды

Руханият • 19 Мамыр, 2022

Әдеби өмірдегі әйелдер

Әдебиеттің төңірегіндегі әңгімелерге аса мән бермей жүрміз. Сөз өнерінің өзін ғана сөз етсек болды, басқасында шаруамыз жоқ сияқты. Әсілінде шығармашылық өнер мен өмір қатар өрілсе, әдебиетке деген қызығушылық арта түсер еді. Әсіресе оған әйел заты араласса, тақырып түрленіп шыға келетініне мысал жеткілікті. Мұндай әңгімелер де кейде өз алдына бір көркем дүниедей көңіліңді бір ысынтып, бір суынтатыны бар.

Қазақстан • 21 Ақпан, 2022

Заты өзгерді, аты өзгере ме?

Бұрын Бұқаралық ақпарат құралдары дейтін. Қазір де осы атау қол­да­ны­лады. Мәселен, БАҚ туралы заң осылай жазылады. Бірақ ғылыми ең­бектерде Бұқаралық коммуникация атауы танымал бола бас­та­ды. Себебі екіншісінің аясы кең және әлеуметтік желінің қосылуына байланысты жаңа түсініктер пайда болды.

Әдебиет • 21 Желтоқсан, 2021

«Қазаққа өлең деген бір қадірсіз»

Қар жақсы жауғанда, Абайдың «Қансонары» еске түседі. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлең жолы тіл ұшында тұрады. «Тастан түлкі табылар аңдығанға» деген жолы да тірі бейнедей бұлың етеді. «Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға» дегенде де бойың шымыр етеді. Бірақ осы әдемі көріністің тасасында Абайға тән мұң мен шер жатыр деп кім ойлаған.

Әдебиет • 09 Қараша, 2021

Өзгеше ойлы қаламгер

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы қазан айында Қостөбе деген ауылда жарық дүние есігін ашыпты. Ол ес біліп, етек жапқанда өкпек желдей өңмеңдеп отызыншы жылдар да келіп қалыпты. «Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр» дегенде, бейтаныс әйелдің артынан аңырап тұра жүгіретін бала есіңізде шығар. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі балдырған шақтың әдемі ертегісі сонымен бітеді.

Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2021

«Шұғаның белгісінен» «Айғыркісіге» дейін

«Әне, деді жолдасым, әне «Шұғаның белгісі көрінді... өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!..», деген сөйлемді бала күнімізден бәріміз оқыдық. Көпшілікке белгілі «Кітапхана» телехабарында «Қостанай неге «Шұғаның белгісіне» ескерткіш орнатпайды?» деп мәселе көтергеніміз бар. Сол Қостанайға баратын үлкен жолдың бойында «Шұғаның белгісі» тұрса, әдебиетке одан артық қандай насихат керек?

Әдебиет • 17 Тамыз, 2021

Соңғы қисса

Әдебиет • 24 Маусым, 2021

Жын мен ақын

Бұрын әдеби ортада жүргендер басқалардан бір бас биік тұратын. Қазір кім қайда жүрсе, сол жер әдеби орта болатын болды. Бірақ Семейде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Қарағандыда Серік Ақсұңқарұлы, Маңғыстауда Светқали Нұржан болмаса бұл сөзді айтпас едік. Үшеуі үш жақта жатып өлең өрісін тақырып жағынан қалай кеңейткенін көрмеу мүмкін емес.

Тарих • 03 Мамыр, 2021

Аштықтағы сұмдық туралы туынды

Бүкіл апат атаулының есебінде бала өлімі бөлек көрсетіледі. Ал отыз екінші жылғы аштықта балалар құмырсқаша қырылыпты. Көлден балық аулағандай, жол тосып бала аулағандар да болған деседі. Негізі бетке шіркеу, сүйекке таңба болатын нәрсе емес. Бірақ бұл тақырыпты жазарда ойлану керек.

Руханият • 27 Сәуір, 2021

«Құланның ажалында» не құпия бар?

Көп дүние кейде алтын көшкендей көшіп жүреді екен. Алтын көшкен сияқты, аңыз да көшеді екен. Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы да аңыз етіп айтылатын. Аңыздай көшіп бізге де жетті.

Абай • 16 Сәуір, 2021

Сандықтан жинаққа дейін...

Отаршылдықтың езгісінен есеңгірегеніміз сонша, Кенесарының басы ғана емес, Абайдың жеке жазбалары сақталған сандыққа да ие бола алмай қалыппыз-ау. Абайдың үйін тінткенде «ішінде не сайтан бар?» деп, Омбыға әкеткен жерінен қайтарылмағаны «Egemen Qazaqstan» газетінде де жазылды. Сол қалпы сол жерде қалды ма, босқындармен бірге шетел асты ма, өртеніп күлге айналды ма, белгісіз екені айтылды. Не болса да Абайдың шешілмеген бір жұмбағы сол сандықта кеткендей көрінеді. Өткен жылдың соңында шыққан Абай шығармаларының үштомдық академиялық толық жинағын қолымызға ұстаған бетте, кейінгі кездері құлағымыз шалған осы әңгіме бірден ойымызға оралды. «Абайтанушы Зарқын Тайшыбай айтып жүрген бұл сандық іздеуге тұратын үміт бар дүние ме? Осының басын ашып берсеңіз, бек жақсы болар еді» деген сұрағымызға жинақты шығарушы топ жетекшісі, әдебиеттанушы ғалым Кенжехан Матыжанов: «Бұл басы ашық мәселе, әрине іздеуге тұратын асыл мұрамыздың біреуі. Абай тағдырына қатысты әлі де іздейтін дүниеміз өте көп. Абайдың көрген соққысы еліміздің тарихындағы басынан ұрып есеңгіреткендей ең бұралаңы көп жолдың бірі болғанына тәуелсіздік алғаннан кейін көзіміз жетіп отыр. Абайдың өз өмірі де, шығармашылық ғұмырбаяны да талай шырғалаңға түскен. Оны бұрынғыдай өз ортасынан көру аз, отаршылдықтан да көру керек. Патша өкіметінің тұсындағы Абайдың үйін тінтуді айтпағанда, Кеңес өкіметінің кезіндегі тоналған дүниесі орны толмас орасан зор шығын деуге болады», деп жауап берді.