Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
523 материал табылды

Өнер • 10 Қаңтар, 2023

Астанадағы Вена фестивалі

«Астана Опера» театрының көрермендері үшін қаңтар айы қызыққа толы болмақ. Бір ай бойы мұнда Вена классикалық шығармаларының фестивалі өтеді. Оған Жапония, Моңғолия, Израиль, Эстониядан шақырылған музыканттар мен аталған өнер ордасының шығармашылық ұжымы қатысып, классицизм дәуірінің жауһарларын орындайды.

Руханият • 10 Қаңтар, 2023

Міржақыптың тайжақысы

Астанадағы Ұлттық музейдің төрін толтырып тұрған бір құнды жәдігер бар. Ол – Алаш ардақтысы Мір­жақып Дулатұлының тайжақысы. Бұл жәдігерді айтулы тұлғаның қызы Гүлнәр Дулатова 2009 жылы бұ­рынғы Президент мәдениет орталығына тапсырған.

Өнер • 09 Қаңтар, 2023

Уақыт үйлесімін бейнелеген

Астанадағы Ұлттық музейде Қазақстан және Еура­зиялық Суретшілер одақтарының, сондай-ақ Ха­лықаралық заманауи өнер акаде­мия­сының мүшесі, «Таңшолпан» халықаралық тәуел­сіз әйел суретшілер қорының президенті Жәмилә Такеннің «Қаңбақ» атты көрмесі өтіп жатыр.

Әдебиет • 06 Қаңтар, 2023

Бір үзік сыр

Біз көбінесе шығарманың мазмұнын, шынайылығын, ерек­шелігін айтамыз да, ал оның жазылу тарихына онша мән бермейміз. Алайда кез келген туындының өмірге келуіне де бір себеп болады. Осы ретте «пейзаждың Бейімбеті» атанған суретші Жайық Күшікбаевтың «Шомылу» атты картинасының көркемдігі ғана емес, тарихы да бөлек екенін түсінесіз. Бұл жұмыста 4-5 жастағы баланың суға шомылып жатқандағы жылап тұрған сәті бейнеленген. Осы көрініс арқылы автор тереңнен шым-шымдап ой тартып, «адам өмірге жылап келіп, жылап кетеді» деген халық философиясын астармен жеткізген.

Руханият • 06 Қаңтар, 2023

Қайнекейдің қолжазбасы

Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұ­ражайының қорында көп­теген сирек кездесетін кі­тап­тар мен Торғай өңірі­нен шыққан бірқатар ақын-жазушылардың қолжаз­басы сақталған. Соның ішін­де белгілі ақын, «қазақ бал­ла­­да­­сының атасы» атанған Қай­некей Жармағамбетовтің бірнеше қолжазбасы бар. Бұл құнды жәдігерді музей қорына 1998 жылы ақын­ның жиені Бақытжамал Қыз­жанқызы тапсырған.

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2022

Толқындай тулаған тағдырлар

Жазушы Кәдірбек Сегізбайұлының биылғы Мемлекеттік сыйлық алған «Тағдыр толқыны» атты романын қызығып оқып шықтым да, терең ойға қал­дым. Арғы дәуірлерді айтпағанда, өзіміз дүниеге келіп, бала болсақ та шет жаға­сын көрген жиырмасыншы ғасырда халқымыз түрлі тауқыметті бастан кешті.

Оқиға • 20 Желтоқсан, 2022

Сағыныш сезімін тербеткен...

Астанадағы Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету орталығының көрме залында жас суретші Ардақ Құдайбергенованың « Көзімнің қарасы – Ұлы дала» атты көрмесі өтті. Аталған іс-шара Тәуелсіздік күніне арналды.

Оқиға • 19 Желтоқсан, 2022

Жұлдыздарды бір арнаға тоғыстырды

«Астана Опера» театрында әлемге әйгілі опера және балет жұлдыздарының басын қосқан «Жібек жолы» атты халықаралық музыкалық фестивалі өз мәресіне жетті. Бір айға созылған өнер мерекесі көрермендерге ғана емес, оған қатысушыларға да жылы әсер қалдырды. Айтулы іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.

Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2022

Сырбаз суреткер

Астанада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Қажығали Мұханбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуы­на арналған іс-шаралар легі, алдымен Ұлттық академиялық кітапханада қабырғалы қаламгердің тұңғыш рет ағылшын тілінде жарық көрген «Troubled times» («Тар кезең») тарихи романының таныстырылымымен басталды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин, аудармашы Саймон Холлингсуорт, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Өнер • 05 Желтоқсан, 2022

Музыка рыцарі

«Өнерде шекара болмайды» деген тәмсілдің ақиқат екендігіне шүбәсіз сенесіз. Жалпы жұрт жадынан өшпейтін өнер жасаған таланттардың туындылары – адамзатқа ортақ құндылық. Осы ретте орыстың көрнекті композиторы Андрей Петров туралы айтқанды жөн көрдік. Айтпақшы, оны кеңес дәуірінде туған адамдар жақсы біледі. Әсіресе оның есімі жалпақ елге әйгілі режиссерлер Георгий Данелия мен Эльдар Рязановтың ғажайып көркем фильмдеріне жазған бірде мұңлы, бірде сырлы музыкасымен танылды.