Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
606 материал табылды

Жәдігер • 19 Сәуір, 2023

Омар Шипиннің шапаны

Ұлттық музейде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһар­маны Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай өтіп жатқан «Халық батыры» атты көрмеге халық ақыны Омар Шипиннің шапаны мен бөркі қойылған. Бұл жәдігерді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі әкеліпті. Аталған мұражайға оны айтулы тұлғаның балалары тапсырған.

Жоба • 17 Сәуір, 2023

Жобаларға қызығушылық жоғары

Астанада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа ғылыми бағыттағы өнімдерді табыс көзіне айналдыру.

Сұхбат • 16 Сәуір, 2023

Жәнібек ОРАЗАЛЫ: Мультфильм – келешекке құйылған инвестиция

Былтыр «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығар­ма­шылық бірлестігі құрылды. Бұл ұлттық анимацияны дамыту­ жолындағы шығармашылық ұйымдарға тың серпін берді. Қазақ анимациясының іргетасын көрнекті кинорежиссер, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмен Қайдар қалағанын білеміз. Биыл ардақты тұлғаның туғанына 100 жыл толады. Соған орай жақында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, режиссер Жәнібек ОРАЗАЛЫМЕН ұлттық анимацияның дамуы және осы салаға қатысты өзекті мәселелер ­тура­лы әңгімелескен едік.

Білім • 14 Сәуір, 2023

Оқулық сапасын қалай жақсартамыз?

Мектептегі оқулық мәселесі өзекті тақырыпқа айналғалы қашан. Оның себебі де жоқ емес. Кейінгі отыз жылда білім беру саласы түрлі реформа­дан көз ашпады. Сынақ алаңына айналды десе де болады. Соның бір ұшы оқулыққа да әсер етті. Санамен бірге оқулық та сан мәрте өзгеріске ұшырады. Осыдан екі жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім саласындағы реформаларға тоқталып, оқулық сапасының төмендігін айтып, мәселе көтергені де есімізде. Бұрын елімізде оқулық жазудың өзіндік мектебі болғанын білеміз. Оның басында айтулы ғалымдар, білікті мамандар тұрды. Солардың жазған оқулықтарымен қаншама ұрпақ білім алып, арман жолына қанат қақты. Қазір сол бір қалыптасқан мектептегі сабақтастық үзіліп қалды ма? Әлде уақыт талабына сай оқулық жазу күрделене түсті ме? Авторлардың біліктілігі қан­дай? Осындай сан сауал бізді ғана емес, оқырмандарымызды да ойландырады. Сондық­тан осы бір маңызды мәселені талқылау үшін Респуб­ли­калық ғылыми-практикалық білім мазмұ­нын сараптау орталығының директоры Елдос НҰРЛАНОВ, жазушы, филология ғылым­дарының докторы Нұрдәулет АҚЫШ, Астана қаласындағы №27 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәнсия МАКАЕВА және география ғылымдарының докторы, профессор, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызмет­кері Орденбек МАЗБАЕВТЫ дөңгелек үстел басына шақырдық.

Фотогалерея • 13 Сәуір, 2023

Еліміздің ежелгі карталары

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай XV-XIX ғасырлардағы еліміз­дің ежелгі Еуропа және Америка картала­рының галереясы ашылды. Онда аталған жоғары оқу орнындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылдық ғылыми зерттеу еңбегі ұсынылды.

Жәдігер • 11 Сәуір, 2023

Елеке сазы – ерекше қорған

Абай облысындағы Елеке сазы қорғаны ежелгі сақ дәуірінен сақталып қалған киелі орын. Біраз жылдан бері тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашев бастаған ғалымдар осы қорғанға археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, тарихымызды одан әрі терең тануға тың жаңалық қосты. Белгілі археологпен болған бүгінгі сұхбатымызды осы тақырыпта өрбіттік.

Ғылым • 11 Сәуір, 2023

Марал һәм Мураками

Жапония десе елең етпейтін жан жоқ. Тынық мұхит жағасына қоныс тепкен Күншығыс елінің қандай тылсым сиқыры бар екеніне таңғаласыз. Бұл ел бізге де бөтен емес. Өткен ғасыр басында Алаш ардақтылары жапон жұртының дәуірлік жаңаруы мен жаңғыруын үлгі етіп, мақала жазды. Тілі мен дәстүріне, ділі мен дініне берік елді дәріптеді.

Жәдігер • 10 Сәуір, 2023

Кейкі шаңырағының кебежесі

Ұлттық музейде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтері­лісі қаһарманы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Халық батыры» атты көрме өтіп жатыр.

Ғылым • 10 Сәуір, 2023

Өзгерістің өлшемі – өнертабыс

Отандық ғылымға олжа салып жүрген оқу орындарының ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің орны бөлек. 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай оқу ордасында ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде осыған тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық.

Жоба • 09 Сәуір, 2023

Саяхатшыларға арналған жоба

Семей қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов пен 8-сынып оқушысы Темірлан Темірбаев туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.