Қоғам • 16 Наурыз, 2023
Astana Hub халықаралық технопаркі Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үздік технологиялық стартаптарына әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік ұсынады. Осы мақсатта Astana Hub әйгілі Draper University-мен келісім жасасып, 20 әлеуетті стартапты Кремний алқабында Hero Training интенсивті бағдарламасы аясында дамытатын болды.
Білім • 16 Наурыз, 2023
Астанадағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулері өтті.
Музей • 15 Наурыз, 2023
Биыл құрылғанына 35 жыл толып отырған елордадағы Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақынға қатысты бірқатар жәдігер сақталған. Сондай құнды дүниенің бірі – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің 1922 жылы орындықта отырып, Еуропа үлгісімен киініп түскен суреті. Бір ғажабы, осы ардақты ақын отырып түскен орындық қазір мұражайда тұр.
Білім • 15 Наурыз, 2023
Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі білім беру жүйесі бірқатар өзгерістерді бастан кешті. Оның ішінде дұрысы да, бұрысы да болды. Алайда әр кезеңнің өз талабы бар. Мәселен, бұрынғы мен бүгінгі оқу бағдарламасында айырмашылық жер мен көктей. Өйткені қазіргі уақыт – жаңа технология ғасыры десек, соған лайықты білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу қажет. Бұл ретте ұстаздарға түсіп отырған салмақ та ауыр. Осы үдеден табылып жүрген ұстаздың бірі, елордадағы республикалық физика-математика мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рахат Әзімбаева.
Әлем • 15 Наурыз, 2023
Nazarbayev University-де жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Гүлнәр Омарбекованың «Қазіргі қазақ мақал-мәтелдерін зерттеу: цифрлық, танымдық, әдеби және экологиялық бағыттар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Зерттеу жинағы Питер Ланг (Нью-Йорк) баспасынан былтыр жарық көрді.
Өнер • 14 Наурыз, 2023
Ұлттық музейде Қазақстандағы Испания корольдігі елшілігінің қолдауымен испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Шындық немесе шынайылық» атты көрмесі ашылды.
Ғылым • 08 Наурыз, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, PhD Асылай Құрманбаева ғалымдармен бірге ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру стратегиясын әзірлеуді бастады. Сарапшылар өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне бейімделу механизмдерін зерттеп, оған төзімді сұрыптарды жасауға қатысты тың деректерді тапты.
Технология • 03 Наурыз, 2023
Дауысты мәтінге айналдыратын технология
Қазір сан түрлі ақпараттан көз сүрінеді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ажырату да қиын. Әйтеуір солардың арасынан құмнан алтын сүзгендей жылт ете қалған жағымды жаңалыққа елең ете қаласың. Бір ай бұрын Nazarbayev University-індегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары (NU ISSAI) түркі тілдеріндегі сөйлемдерді танитын технология әзірлегенін жазып, оқырман қауымнан сүйінші сұраған едік. Бұл жолы ғылым ордасына арнайы барып, технологияны жасаған мамандармен тілдесуді жөн көрдік.
Ұстаз • 03 Наурыз, 2023
Nazarbayev University-де «Бағдарлы тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар аяқталды. Он күнге созылған мазмұнды іс-шараны Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі, Nazarbayev University, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұйымдастырды.
Қазақстан • 02 Наурыз, 2023
Қазір үйдің төрінде тұрған теледидарсыз таңымыз атып, күніміз батпайды. Жұмыстан қолымыз қалт ете қалса, соның алдына отыра қалуға дайын тұрамыз. Бір жағынан, цифрлық телевизия дамыған дәуірде қаптаған арналардан көз сүрінеді. Алайда солардың ішінен бала күнімізден жүрегімізге жақын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының жөні де, орны да бөлек.